Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 2 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 1151 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 20.11.2018 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы негізінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 24-26 (5060) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 25 санында жарияланған) (бұдан әрі - шешім) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің интернет – ресурста жариялануы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге өткізілсін.

      5. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы


Наурызбай ауданының әкімі

Қ. Кашкимбаев


  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 2 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы Наурызбай ауданы
сайлау учаскелері шекараларының
сипаттамасы

      № 500 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы).

      Шекаралары: Алты-Алаш шағынауданы-толықтай. Әуезов көшесінен, Райымбек даңғылының оңтүстік жағы бойымен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағыттағы Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесіне дейін. Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесінің солтүстік бетінен, батыс жақ бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағыттағы Райымбек даңғылына дейін.

      № 501 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы).

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданының Нұрпейісов көшесінен бастап, Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Нұрпейісов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Нұрпейісов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесіне дейін.

      № 502 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 157 жалпы орта

      білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Қалқаман шағынауданы, Қалқаман-2

      шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесінен бастап, Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Нұрпейісов көшесіне дейін. Нұрпейісов көшесінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Алты-Алаш шағынауданының Машана көшесіне дейін.

      № 503 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      кәсіпорны, Қалқаман-2 шағынауданы, Әуезов көшесі, 2).

      Шекаралары: Әуезов көшесінен кіші Райымбек көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қыдырбеков көшесіне дейін. Қыдырбеков көшесінің шығыс жақ бетімен Айбергенов көшесін өтіп, солтүстік бағыттағы Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оң жақ бетімен, шығыс бағыттағы Әуезов көшесіне дейін. Әуезов көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағыттағы кіші Райымбек көшесіне дейін.

      № 504 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      кәсіпорны, Қалқаман-2 шағынауданы, Әуезов көшесі, 2).

      Шекаралары: Кіші Райымбек көшесінен бастап, Айбергенов көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағыттағы Кыдырбекова көшесіне дейін. Айбергенов көшесінен Қыдырбеков көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағыттағы кіші Райымбек көшесіне дейін. Кіші Райымбек көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзеніннің батыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесін қиып өтіп, оңтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен Жаңа шаруа және Бекешов көшелерін қиып өтіп, батыс бағыттағы Карьер көшесіне дейін. Карьер көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы аудан шекарасын бойлай Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Айбергенов көшесіне дейін.

      № 505 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 157 жалпы орта білім беретін

      мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Қалқаман-2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекаралары: Әуезов көшесінен бастап, кіші Райымбек көшесінің оң жақ бетімен, батыс бағыттағы Тастыбұлак өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесін қиып өтіп, оңтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Ауезов көшесіне дейін. Ауезов көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы кіші Райымбек көшесіне дейін.

      № 506 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 157 жалпы орта білім беретін

      мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Қалқаман-2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекаралары: Қалқаман-2 шағынауданының Әуезов көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінінің оң жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Мақатаев көшесінің қиылысына дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Мақатаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытағы Қалқаман-2 шағынауданының Ауезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Ауезов көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін.

      № 507 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 176 мектеп - гимназиясы"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3

      шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

      Шекаралары: Жайлау көшесінен бастап Жаңа шаруа көшесінің оңтүстік бетімен, Қалқаман-2 шағынауданының Арман және Мақатаев көшелерін қиып өтіп, батыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жауғалауымен, оңтүстік бағыттағы Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен Южный көшесін қиып өтіп, Тау Самалы коттежді қалашығын айналып өтіп, батыс бағыттағы Жайлау көшесіне дейін. Жайлау көшесінен солтүстік бағытта Жаңашаруа көшесіне дейін.

      № 508 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 176 мектеп - гимназиясы"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3

      шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

      Шекаралары: Қалқаман-3 шағынауданының Әуезов көшесінен бастап, Шаляпин көшесінің оңтүстік жақ бетімен Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағыттағы Қонаев көшесіне дейін. Қонаев көшесінің солтүстік жақ бетінен, батыс бағыттағы Рысқұлов көшесіне дейін. Рысқұлов көшесінің шығыс жақ бетінен Әуезов көшесіне өтіп солтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін.

      № 509 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№ 188 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 4 үй).

      Шекаралары: Шаляпин көшесінен бастап, Әуезов көшесінің батыс жақ бетімен Рысқұлов көшесіне өтіп, оңтүстік бағыттағы Жандосов және Рысқұлов көшелерінің қиылысына дейін. Жандосов және Рысқұлов көшесінің қиылысынан, Жандосов көшелерінің оң жақ бетімен шығыс бағыттағы Гроза көшесіне дейін. Гроза және Жандосов көшелерінің қиылысынан, Гроза көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағыттағы Надыров және Қарасай батыр көшелерінің қиылысына дейін. Надыров және Қарасай батыр көшелерінің қиылысынан Тастыбұлақ шағынауданының шығыс шекарасының бойымен оңтүстік бағыттағы аудан шекарасының және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасының және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағыттағы Іле-Алатауы ұлттық саябағы шекарасын жағалай Ақсай өзені жағалауының қиылысына дейін. Ақсай өзенін кесіп өткеннен кейін Ақсай өзені жағасын бойлай солтүстік бағыттағы Тастыбұлақ өзені жағасының қиылысына дейін. Жандосов көшесінінің солтүстік жақ бетімен батыс бағыттағы Дәулеткерей көшесіне дейін. Дәулеткерей көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Жайлау көшесін қиып өтіп, Жаңа шаруа көшесіне дейін.

      № 510 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№ 187 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Таусамалы шағынауданы, Жандосов көшесі, 2 үй).

      Шекаралары: Рысқұлов көшесінен бастап, Қонаев көшесінің оң жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағыттағы Құрамыс шағынауданының Сәтпаев көшесіне дейін. Сәтпаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Рысқұлов көшесіне дейін. Рысқұлов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қонаев көшесіне дейін.

      № 511 Сайлау учаскесі

      (050070, Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау

      және карантин ғылыми-зерттеу институты"

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

      Рахат шағынауданы, Қазыбек би көшесі, 1).

      Шекаралары: Рахат шағынауданы, Құрамыс және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауыныңжәне Жандосов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа қарай бұрылыста Жандосов көшесінің оң жақ бетімен Центральная көшесінің қиылысына және Таугүл-3 шағынауданының солтүстік-батыс шекарасына дейін. Центральная көшесінің қиылысынан бастап оңтүстік бағытқа бұрылып Центральная көшесі бойымен Таугүл-3 шағынауданының оңтүстік және оңтүстік – шығыс шекарасымен өтіп Карменов көшесінің қиылысына дейін. Карменов көшесі қиылысынан шығыс бағтқа қарай бұрылып Карменов көшесінің оң жақ бетімен өтіп, шығыс бағыттағы Рахат ауылы шекарасы бойын жағалай және әрі қарай Асқаров көшесімен қиылысына дейін. Тополевая көшесі мен Асқаров көшесінің қиылысынан бастап оңтүстік бағытқа бұрылып және Асқаров көшесінің шығыс жақ бетімен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін. Асқаров көшесі мен Мұстафин көшесінің қиылысынан, Мұстафин көшесінің шығыс жақ бетімен Шаймерденов көшесін кесіп өтіп солтүстік бағыттағы Үшқоңыр көшесіне дейін. Шаймерденов көшесінен Үшқоңыр көшесінің солтүстік жақ бетіменҚалдаяқов көшесін кесіп өтіп батыс бағыттағы Надыров көшесіне дейін.

      № 512 Сайлау учаскесі

      (050070, Орталығы: "Элит-Дом-Сервис"

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

      Қарғалы шағынауданы, Мустафин көшесі, 54/1).

      Шекаралары: Қарғалы, Жайлау шағынаудандары. Кіші Мұстафин көшесінің Мұстафин көшесінің қиылысынан, Мұстафин көшесінің батыс жақ бетімен Абай көшесін кесіп өтіп, оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасына дейін. Абай көшесі қиылысынан және Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасынан оңтүстік – батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағыттағы Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының қиылысына дейін, әрі қарай Кәрібай ақын көшесі бойымен солтүстік бағытқа дейін. Кәрібай ақын көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Үшқоңыр көшесіне дейін. Үшқоңыр көшесінің оң жақ бетімен, шығыс бағыттағы Мұстафин көшесін кесіп өтіп, оңтүстік бағыттағы Мұстафин және кіші Мұстафин көшелерінің қиылысына дейін.

      № 513 Сайлау учаскесі

      (050069, Орталығы: "№ 192 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй).

      Шекаралары: Қарағайлы шағынауданы, Надыров көшесінің шығыс жақ бетімен Тажиев көшесін кесіп өтеді. Кәрібай ақын көшесімен Үшқоңыр көшелері қиылысынан астап, Кәрібай ақын көшесінің шығыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Тажиев көшесін кесіп өтеді. Тәжиев көшесінің шығыс жақ бетімен Елубаев және Жұмабаев көшелеріне өтіп, оңтүстік бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасына дейін, әрі қарай батыс бағытта бөгетке дейін. Тәжиев көшесінің шығыс жақ бетімен Надыров көшесін кесіп өтіп, солтүстік бағыттағы Құрамыс шағынауданының Молдағұлова көшесіне дейін. Молдағұлова көшесінің солтүстік жақ бетімен (солтүстік жақтағы барлық үйлерді қосып) шығыс бағыттағы Кәрібай ақын және Үшқоңыр көшелерінің қиылысына дейін.

      № 514 Сайлау учаскесі

      (050069, Орталығы: "№ 192 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 50 үй).

      Шекаралары: Қарағайлы шағынауданы, Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тәжиев көшесін кесіп өтеді. Қарасай батыр және Надыров көшелері қиылысынан Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тажиев көшесіне өтіп, оңтүстік бағыттағы бөгетке дейін. Бөгеттен оңтүстік-батыс бағыттағы 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта өзен жағасымен қиылысқа дейін. Өзен жағалауы қиылысынан солтүстік бағыттағы Қарасай батыр және Надыров көшесінің қиылысына дейін.

      № 515 Сайлау учаскесі

      (050027, Орталығы: "№ 186 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Ақжар шағынауданы, Абай көшесі, 15 үй).

      Шекаралары: Жабаев көшесінен, шығыс бағыттағы Жаңа шаруа көшесінің оң жақ бетімен Жайлау көшесіне дейін. Жайлау көшесінің батыс жақ бетімен Дәулеткерей көшесінен өтіп, оңтүстік бағыттағы Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетінен, батыс бағыттағы Жабаев көшесіне дейін. Жабаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жаңа шаруа көшесіне дейін.

      № 516 Сайлау учаскесі

      (050027, Орталығы: "№ 186 жалпы орта білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Ақжар шағынауданы, Абай көшесі, 15 үй).

      Шекаралары: Строительная және Карьерная көшелерінің қиылысынан бастап, оңтүстік бағытта қала шекарасы бойымен Ақсай карьерін шығыс жақ бетінен айналып өтіп, аудан шекарасын бойлай Алматы-Қаскелең жоғарғы трассасын кесіп өтеді. Одан әрі қарай Таужолы шағынауданы шекарасын Тастыбұлақ өзеніне дейін айналып өтеді. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бетінен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оң жақ бетінен батыс бағытта Жабаев көшесіне дейін. Жабаев көшесінің батыс жақ бетінен, солтүстік бағытта Жаңашаруа көшесіне дейін.

      № 517 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      кәсіпорны, Қалқаман-2 шағынауданы, Әуезов көшесі, 2).

      № 518 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық

      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық

      мекемесі, Қалқаман шағынауданы).

      № 519 Сайлау учаскесі

      (040906, Орталығы: "Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің

      2027 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі,

      Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі,1).

      № 520 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: С. Д. Асфендияров атындағы

      Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы Шаруашылық

      жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік

      кәсіпорны "Ақсай" университеттік клиника

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады