Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 қарашада № 1510 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 29.01.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Нысаналиевке жүктелсін.

      5. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Тоғай

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
әкімінің 2018 жылғы
20 қарашадағы
№ 3 шешіміне
№ 1 қосымша

Алматы қаласы Наурызбай ауданының сайлау учаскелері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді – Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 15.02.2019 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ 500 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы)

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін. Сағатов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қалқаман шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.

№ 501 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы)

      Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағыттағы Әйтей батыр көшесіне дейін. Әйтей батыр көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін.

№ 502 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы,
Әшімов көшесі, 2 үй)

      Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта, Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Арман көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Молдабеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Молдабеков көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта, Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Ер Жәнібек көшесіне дейін. Ер Жәнібек көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құлбеков көшесіне дейін.

№ 503 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 35 қалалық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,
Қалқаман шағынауданы, 20/1 үй)

      Шекарасы: Бегалиев көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қыдырбеков көшесіне дейін. Қыдырбеков көшесінің шығыс жақ бетімен Айтбаев және Айбергенов көшелеріне өтіп, солтүстік бағытта, Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта, Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетінен, оңтүстік бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Ер Жәнібек көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Ер Жәнібек көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының Бегалиев көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Бегалиев көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

№ 504 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 200 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 345/3 үй)

      Шекаралары:Тастыбұлақ өзенінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің шығыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, Карьерная көшесіне дейін. Карьерная көшесінің солтүстік жақ бетімен, Бекешев және Белжайлау көшесіне өтіп, әрі қарай Қалқаман-2 шағынауданының Байтұрсынов көшесінен өтіп, шығыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Сыпатай батыр көшесіне дейін. Сыпатай батыр көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жағалауымен солтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

№ 505 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-2 шағынауданы,
Қыдырбеков көшесі, 32 үй)

      Шекарасы: Молдабеков көшесінен бастап, Сәбденов көшесінің оңтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Тастыбұлак өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта Байтұрсынов көшесіне дейін. Байтұрсынов көшесінің солтүстік жақ бетімен Арман көшесіне өтіп, шығыс бағытта Молдабеков көшесіне дейін. Молдабеков көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін.

№ 506 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-2 шағынауданы,
Қыдырбеков көшесі, 32 үй)

      Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Қабылбаев көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының жобаланатын Абай даңғылымен қиылысына дейін. Қалқаман-2 шағынауданының жобаланатын Абай даңғылының солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Аспандияров көшесіне дейін. Қалкаман-2 шағынауданының Аспандияров көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Қабылбаев көшесіне дейін. Қабылбаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін.

№ 507 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 176 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй)

      Шекарасы: Нурғали көшесінен бастап, Белжайлау көшесінің оңтүстік жақ бетімен Қалқаман-2 шағынауданының Байтұрсынов және Арман көшелеріне өтіп, шығыс бағытта Аспандияров көшесіне дейін. Аспандияров көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, жобаланатын Абай даңғылына дейін. Жобаланатын Абай даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс багытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен, Южная көшесіне өтіп Тау Самалы коттедж қалашығы шекарасын айналып өтіп, батыс бағытта Нурғали көшесіне дейін. Нурғали көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Белжайлау көшесіне дейін.

№ 508 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 176 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй)

      Шекарасы: Қалқаман-3 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Шаляпин көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін. Кеңесбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін.

№ 509 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 188 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,
Жандосов көшесі, 4 үй)

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, оңтүстік-шығыс бағытта, Жанат, Жадыра, Щедрость, Арман, Арал және Каменское баубақша серіктестіктері шекараларының батыс жағымен Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасына дейін. Тастыбұлақ шағынауданының шығыс жақ шекарасынан оңтүстік бағытта, аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағытта Іле-Алатауы ұлттық саябағы шекарасын бойлап Ақсай өзені жағалауымен қиылысына дейін. Ақсай өзені қиылысынан Ақсай өзені жағасын бойлап солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзені жағасымен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзені шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Жанат баубақша серіктестігінің шекарасына дейін.

№ 510 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 26 қалалық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,
Таусамалы шағынауданы, Гроза көшесі, 102 үй)

      Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесіне дейін. Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесінің солтүстік жақ бетімен Найманбай батыр көшесіне өтіп, батыс бағыттағы Таусамалы шағынауданының Нұршайықов көшесіне дейін. Нұршайықов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының 7 көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

№ 511 Сайлау учаскесі
(050070, Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин
ғылыми - зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
Рахат шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1 үй)

      Шекарасы: Құрамыс, Рахат шағынаудандары және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауы мен Жандосов көшесімен қиылысып шығыс бағытқа бұрылып, Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтіп, Центральная көшесі мен Таугүл-3 шағынауданының солтүстік-шығыс шекарасының қиылысына дейін. Центральная көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылып, Центральная көшесімен және Таугүл-3 шағынауданының оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасымен Кәрменов көшесінің қиылысына дейін. Кәрменов көшесі қиылысымен шығыс бағытқа бұрылып, Кәрменов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтеді, шығыс бағытта Рахат шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен және әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін. Тополевая мен Асқаров көшелері қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылып, Асқаров көшесінің батыс жағымен кіші Кенесары хан көшесімен қиылысына дейін. Кіші Кенесары хан және Асқаров көшелері қиылысынан, кіші Кенесары хан көшесінің солтүстік жақ бетімен негізгі Кенесары хан көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Кенесары хан көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ бойымен солтүстік бағытта Жандосов көшесімен Қарғалы өзенінің қиылысына дейін.

№ 512 Сайлау учаскесі
(050069, Орталығы: "№ 192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы,
Қали Надыров көшесі, 50 үй)

      Шекарасы: Қарғалы, Жайлау шағынаудандары. Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен, Редько көшесіне өтіп оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Жайлау шағынауданының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін. Редько көшесі Жайлау шағынауданының оңтүстік-шығыс шекарасымен қиылысынан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының қиылысына дейін, әрі қарай шығыс бағытта Кенесары хан көшесінің бойындағы "Хан Тенгри" тұрғын үй кешеніне дейін № 54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоспағанда.

№ 513 Сайлау учаскесі
(050069, Орталығы: "№ 192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы,
Қали Надыров көшесі, 50 үй)

      Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қарғалы өзенінен бастап Құралай көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін. Қали Надыров көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Тәжиев көшесіне өтеді. Тәжиев көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта су бөгетіне дейін. Бөгеттен оңтүстік-батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен шығыс бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасына дейін, әрі қарай Қарағайлы және Қарғалы шағынаудандары шекарасының батыс жағалауымен, солтүстік бағытта Қарғалы өзеніне дейін.

№ 514 Сайлау учаскесі
(050069, Орталығы: "№ 192 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы,
Қали Надыров көшесі, 50 үй)

      Шекарасы: Қарағайлы шағынауданы, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тәжиев көшесіне өтеді. Руханият және Қали Надыров көшелері қиылысынан, Қали Надыров көшесінің батыс жақ бетімен Тәжиев көшесіне өтіп, оңтүстік бағытта су бөгетіне дейін. Су бөгетінен оңтүстік-батыс бағытта 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта өзен жағалауымен қиылысына дейін. Өзен жағалауымен қиылыстан Тастыбұлақ және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Қарағайлы шағынауданының Саудакент және Қали Надыров көшелері қиылысына дейін. Қарағайлы шағынауданы Руханият көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қали Надыров көшесіне дейін.

№ 515 Сайлау учаскесі
(050027, Орталығы: "№ 186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй)

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап Молдағалиев көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Мақаншы көшесіне дейін. Мақаншы көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Ақжар шағынауданының Айманов көшесіне дейін. Айманов көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік-шығыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Таусамалы шағынауданының Айболит көшесіне дейін. Таусамалы шағынауданының Айболит көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 516 Сайлау учаскесі
(050027, Орталығы: "№ 186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй)

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, Молдағалиев көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағытта, Мақаншы көшесіне дейін. Мақаншы көшесінің солтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Тарасов көшесіне дейін. Тарасов көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 517 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы,
Әшімов көшесі, 2 үй)

      Шекарасы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

№ 518 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы)

      Шекарасы: "№ 7 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

№ 519 Сайлау учаскесі
(040906, Орталығы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 1 үй)

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2027 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

№ 520 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
медициналық университеті жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Ақсай" университеттік клиникасы,
Тастыбұлақ шағынауданы, Қарлығаш көшесі, 14/1 үй)

      Шекарасы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Ақсай" университеттік клиникасы.

№ 538 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 174 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 340Б үй)

      Шекарасы: Наурыз шағынаудандары және Абай саяжайлары. Строительная көшесінен бастап, Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік-батыс бағытта қала шекарасын айналып, Райымбек даңғылына дейін ("Қазақстан қағазы" Акционерлік қоғамын қоспағанда). Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

№ 539 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 174 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 340Б үй)

      Шекарасы: Жуалы көшесі, "Премьера" тұрғын үй кешені № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 үйлері.

№ 540 Сайлау учаскесі
(050027, Орталығы: "№ 186 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы, Байсұлтанов көшесі, 15 үй)

      Шекарасы: Ақжар шағынауданы, Жандосов көшесімен Ақсай өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта аудан шекарасын айналып "Ақсай" карьерін бойлап Ақкент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Бекешев көшесіне дейін. Бекешев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін, әрі қарай Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен Ақсай өзенімен қиылысына дейін.

№ 541 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 188 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,
Жандосов көшесі, 4 үй)

      Шекарасы: Таужолы шағынауданы, Жандосов көшесінің Тастыбұлақ өзенімен қиылысынан, Тастыбұлақ өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта ауданның оңүстік-батыс шекарасына дейін. Ауданның оңүстік-батыс шекарасынан Досмұхамедов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін.

№ 542 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 187 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,
Жандосов көшесі, 2 үй)

      Шекарасы: Айтматов көшесі мен Сағдиев көшесінің қйылысынан бастап оңтүстік бағытта Шолпан көшесіне дейін. Шолпан көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Арал, Сәулет, Щедрость, Жадыра және Жанат баубақша серіктестіктерінің шекарасына дейін, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Айболит көшесіне дейін. Айболит көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Айтматов көшесіне дейін. Айтматов көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта, Сағдиев көшесіне дейін.

№ 543 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 187 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,
Жандосов көшесі, 2 үй)

      Шекарасы: Гроза көшесінен бастап, Найманбай батыр көшесінің оңтүстік жақ бетімен Құрамыс шағынауданының Балбырауын көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Құралай көшесіне дейін. Құралай көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Руханият көшесіне өтіп, Саудакент көшесіне дейін. Саудакент көшесінің шығыс жақ бетімен Шолпан кошесіне өтіп, солтүстік бағытта Гроза көшесіне дейін.

№ 544 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "Алатау" емдік-сауықтыру кешені"
акционерлік қоғамы, Таусамалы шағынауданы, Әшімов көшесі, 50А үй)

      Шекарасы: "Алатау" емдік-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы.

№ 560 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 36 қалалық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,
Шұғыла шағынауданы, 340А үй)

      Шекарасы: Райымбек даңғылынан бастап, Айбергенов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Айтбаев көшесіне дейін. Айтбаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Ақсай өзенінің қиылысына дейін, әрі қарай Қыдырбеков көшесінің батыс жақ бетімен Сәбденов көшесіне дейін. Сәбденов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Жүнүсов көшесіне дейін. Жүнүсов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Айбергенов көшесіне дейін.

№ 561 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы,
Әшімов көшесі, 2 үй).

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Проектируемая көшесінің оңтүстік жақ бетімен Сағатов көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Проектируемая көшесіне дейін.

№ 562 Сайлау учаскесі
(050006, Орталығы: "№ 200 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Шұғыла шағынауданы, 345/3 үй)

      Шекарасы: Карьерная көшесінен бастап, Бекешев көшесінің оңтүстік жақ бетімен Белжайлау көшесіне өтіп, шығыс бағытта Нұрғали көшесіне дейін. Нұрғали көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Айманов көшесіне дейін. Айманов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Өмірзақов көшесіне дейін. Өмірзақов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Әбділдин көшесіне дейін. Әбділдин көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Бегалиев көшесіне дейін. Бегалиев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Ақкент көшесіне дейін. Ақкент көшесінің солтүстік жақ бетімен Төлебеков көшесіне өтіп, батыс бағытта ауданның батыс шекарасына дейін, әрі қарай солтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

№ 563 Сайлау учаскесі
(050067, Орталығы: "№ 26 қалалық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Таусамалы
шағынауданы, Гроза көшесі, 102 үй)

      Шекарасы: Сағдиев көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта 7 көшеге дейін. 7 көшенің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Нұршайықов көшесіне дейін. Нұршайықов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Найманбай батыр көшесіне дейін. Найманбай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Шолпан көшесіне өтіп, Сағдиев көшесіне дейін. Сағдиев көшесінен солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

№ 564 Сайлау учаскесі
(050070, Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин
ғылыми -зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
Рахат шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1 үй)

      Шекарасы: "Хан Тенгри" тұрғын үй кешенінен бастап, № 54/1, 54/2, 54/3 корпус 1, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 1, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10 үйлерді қоса алып, Кенесары хан көшесінің батыс жақ бетімен солтүстік бағытта Рауан және Мұстафин көшелеріне өтіп, Үшқоныр көшесіне дейін. Үшқоныр көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта, Тәжиев көшесі мен Манғытаев көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай, оңтүстік-шығыс бағытта "Хан Тенгри" тұрғын үй кешеніне дейін.

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
әкімінің 2018 жылғы
20 қарашадағы
№ 3 шешіміне
№ 2 қосымша

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің кейбір күші жойылған
шешімдерінің тізімі.

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешімі (2015 жылғы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1130 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 24-26 (5060) және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 25 санында жарияланған).

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 2 шешімі (2015 жылғы 26 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1151 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 37 (5071) және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 38 (12875) санында жарияланған).

      3. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 4 шешімі (2015 жылғы 21 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1216 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2015 жылғы 24 қазандағы № 129-130 (5164) және "Вечерний Алматы" газетінің 2015 жылғы 24 қазандағы № 128 (12965) санында жарияланған).

      4. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі (2016 жылғы 12 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1252 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2016 жылғы 13 ақпандағы № 18 және "Вечерний Алматы" газетінің 2016 жылғы 13 ақпандағы № 1920 санында жарияланған).

      5. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі (2017 жылғы 6 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1342 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 21 және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1810 санында жарияланған).

      6. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 3 шешімі (2017 жылғы 14 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1369 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 48 (5367) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 42 47 (13203) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады