Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда N 3111 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2022 № 21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихаттың ХХХІІ сессиясының
      төрағасы С.Махметов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат хатшысының м.а. С.Кашенцева

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/2 шешімімен бекітілген

Иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы (әрі қарай-Қағида) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету тәртібін анықтайды.

      2. Қағидалар, меншіктік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады (әрі қарай-иелері).

      3. Қағидалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары

      4. Иттер мен мысықтарды (әрі қарай- жануарлар) ұстаушы иелеріне санитарлық-эпидемиологиялық Қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) Қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтау қажет.

      5. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерінде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға рұқсат етіледі, бірақ иттерді тұрғын-үй жайларда және көппәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

      6. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда, көп қабатты үйлердің және тұрғын-үй жайлардың маңында (иелерге жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану және басқа заттық құқығында) үй маңындағы жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.

      7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерде жануарларды ұстауға және әкелуге рұқсат етілмейді.

      8. Жеке тұрғын-үй жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, үй-жайдың кіреберістегі қақпасында иттің барлығы жөнінде ескерту кестесі болуы қажет.

      9. Жануарлар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, кәсіпорындар мен мекемелердің жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептелінеді және жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы бақылаусыз жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйымдармен аулану тиіс.

      Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.

      10. Иттерді таластыруды ұйымдастыру мен өткізуге жол берілмейді.

      11. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ит пен мысық басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды және қараусыз (бақылаусыз) жануарларды ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсырылуы тиіс.

      12. Иттер мен мысықтардың иелері жануарларын ветеринарлық мекемелерден ветеринарлық паспорттар алу жолымен тіркеуі қажет.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі

      13. Жануарлардың иелері міндетті:

      1) иттер мен мысықтарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге;

      2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға;

      3) құтыру ауруына шалдығуы мүмкін деп күдіктену ретінде қарауға тиісті, адамдарды жануарлардың тістеуі, сілекейлеуі, тырнап алуы туралы барлық жағдайларды ветеринарлық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлауға;

      4) жануардың кенеттен құлауы жағдайында, ауруы күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландыруға немесе қоғамдық көліктерді пайдаланбай, жануарды шұғыл ветеринарлық дәрігерге апарауға;

      5) жануарлар өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріссіз шаралар қолдануға;

      6) өздерінің жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинация және диагностиканы қамтамасыз етуге.

      14. Үй жануарларының құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда кейін жойылуға тартылады.

      Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асады.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      15. Иелері иттер мен мысықтарды серуенге шығарғанда келесілерді орындауы тиіс:

      1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің телімдерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де жануарлар кіреберістерде, баспалдақ алаңдарда, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарында экскременттерін қалдырса, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинайды;

      2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендетуді жүзеге асады;

      3) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстауға тиіс. Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде) тасымалдауға рұқсат етіледі;

      4) халқы аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендету (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетуге қоршалған орындарда, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттердің тұмылдырығын шешпей, тізгіннен жіберуге болады;

      5) иттерді түнгі уақытта серуендеткенде (23-тен 6 сағатқа дейін) олардың иелері жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтірмейтін, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдайды;

      6) ішімдік ішкен тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде және көліктерде жүруге рұқсат етілмейді;

      7) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, жануарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде шомылдыруға және жууға рұқсат етілмейді.

5. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары

      16. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.

6. Қорытынды ережелер

      17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына сәйкес жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады