"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда N 3116 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 45 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі одан "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" және "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемелерінің қоса берілген Ережелері бекітілсін.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" және "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемелері заңмен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өткізсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданы әкімі

С. Тұралинов


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мал шаруашылығын және мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру жөніндегі басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі және заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен шешімдер қабылдайды.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13, индекс 150200.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      Орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Акжарского района Северо-Казахстанской области".
      10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Жұмыс тәртібі: "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне- 8 сағат (9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00- ден 14.30-ге дейін).
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласын дамытуды қолдау және жетілдіру.
      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәніАқжарауданы аумағында мемлекеттік бірыңғай аграрлық саясатты және мал шаруашылығын іске асыру.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігін іске асыру.
      17. Мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарламасын қаржылық қамтамасыз етуіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен берілген кредиттік ресурстары мен бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдаланылуын және толық игерілуін бақылау;
      2) ауыл шаруашылық өндірісін және қайта өндеуге жаңа техника және прогрессивті технологияларды енгізу;
      3) ауданның барлық тауар өндірушілерін дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын реттеу механизімін құруға және қажетті экономикалық жағдайларды және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
      18. Функциялары:
      1) мемлекеттік аграрлық саясатты басқару облысын іске асыру;
      2) ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыруға қатысу;
      3) ауыл шаруашылығындағы жергілікті және шетелдік жетістіктерді зерделеп оқу және насихаттау;
      4) аудандық әлеуметтік-экономикалық даму, ауылдағы инвестициялық саясат пен әлеуметтік саланың бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
      5) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинастыруды және талдауды жүзеге асырады, тұтынушылар сұранымын, өткізу нарығының жағдайын талдайды;
      6) ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстарын іске асыруға ықпал жасайды;
      7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
      8) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
      9) кепілдік тракторы және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру және тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
      10) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқару куәлігі бар тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
      11) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды басқару куәлігін алуға емтихан қабылдау және куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;
      12) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналар ауыртпалығы жоқтығы (болуы) туралы ақпараттар беру мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
      13) ауыл шаруашылық машиналарды мемлекеттік тіркеу бойынша есептік мәліметтерді "АӨК салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне" (ББАЖ) енгізеді;
      14) заңнамамен көзделген жағдайларда машиналарды тіркеуден алуға шектеулер қояды;
      15) жеке және заңды тұлғаларда ауыл шаруашылық техниканы тіркеудің болуы туралы құзырлы органдардың және иелерінің сұрауларына жауап береді;
      16) көктемгі-егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын сатып алу, ауыл шаруашылық техниканың болуы, қажеттілігіне мониторинг және талдау жүргізеді;
      19. Құқығы және міндеттері:
      1) сотта талапкер және жауапкер болу;
      2) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан және уәкілетті тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      3) бекітілген тәртіпке сәйкес аудан бюджетіне салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес жауапты болу;
      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21."Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметтен босатады.
      22."Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарыболады.
      23."Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияларын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады (басқа заңнамалармен бекітілген жағдай-да) еркектер мен әйелдердің мүмкіндіктерімен құқықтарын бірдей мемлекеттік кепілдік ету туралы заңдылығының орындалуын және мекемеге жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жүзеге асырады және жеке жауапкершілік етеді;
      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты мәселелерді бірыңғай бастама қағидасымен және Қазақстан Республикасы заңнамалары, осы Ереже бекіткен тәртіпте және өз құзыреті шегінде шешеді;
      3) сенімхатсыз "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      4) барлық ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      5) заңнамаларда бекіткен жағдайда мүлігіне билік ету;
      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар мен сынақ істері, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша тәртібі мен жоспарын бекітеді;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын жасайды және бекітеді;
      8) өз құзереті шегінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді, нәтижелі қызметін жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтырды болдырмау жолымен жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын орындау және кадрлық, бақылау, заңгерлік және басқа қызметтерді тарта отыра, оларда қарастырылған тәртіптік жазаларды қолданады, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша жеке жауапкершілікке тартылады және "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мамандарының жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарына жауапты.
      9) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Заңды тұлға және құрылтайшының арасындағы қарым қатынастар

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі болып табылады.
      29. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және оның еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болады.
      30. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымына құқылы азаматтар, заңнамалық тәртіппен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ие болады.
      31. Жұмысқа қабылдағанда жазбаша келісім-шарт жасасады, бұл шартта екі жақтың құқығы мен міндеттері айтылады, қызметкердің еңбек ақы төлеу шарты қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
      32. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте анықталады.
      33. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы және еңбек ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есепке ала және мамандығы бойынша олардың біліктілігіне, функционалдық міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
 

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      34. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру (бірігу, қосу, айыру, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.
      35. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      36. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырлығында ұйымдар, аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелері жоқ.
 


Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомства бар:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесі.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру - құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      индексі 150200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 13.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы-"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государаственное учреждение "Отдел ветеринарии Ақжарского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайлық құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау;
      ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзоотикалық ауруларының әкелінуінен және таратылуынан Қазақстан Республикасы аумағын қорғау;
      жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      ветеринария ғылымындамыту, ветеринария саласындағымамандардыңбiлiктiлiгiнарттыру;
      ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп - ұстауды қамтамасыз ету;
      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринарлық іс - шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зиянсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зиянсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс - шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
      аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс - шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс - шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
      аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс -шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындайу және Солтүстік Қазақстан облысы Ветеринария басқармасына ақпарат беру;
      ветеринарлық есеп пен есеп-қисапты жинау, талдау және ауданның жергілікті атқару органы мен Солтүстік Қазақстан облысы Ветеринария басқармасына ұсыну;
      жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу, ветеринарлық іс-шаралар бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      ауру малдардысанитариялықсоюдыұйымдастыру;
      жергілікті бюджет есебінен орындалатын алдын алу және диагностика, жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа бюджет қаражаты есебінен алынған ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыру;
      сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы ауданның жергілікті атқару органына ұсыныстар енгізу;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да міндеттерді орындау;
      мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарына ветеринарлық-санитарлық қорытынды беру құқығы бар мемлекетік ветеринарлық дәрігерлер тізімін бекіту;
      аудан шегінде жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы сақтауына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізу;
      эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:
      ішкі сауда нысандарында;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс нысандарында, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарында (экспортты және импорттын қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, аудан шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды тасымалдау (орнын ауыстыру),тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерінде;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметінде;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарын орналастыру, салу, қалпына келтіру және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      биологиялық материалдан сынаманы іріктеу және уәкілетті органмен бекітілген тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын, сондай-ақ жануарлардың басқа ауруларын, диогностикадан өткізу үшін ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті органмен бекітілген тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою;
      уәкілетті органмен бекітелген тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық және аса қауіпті ауруларын диагностикалау.
      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесінің функциялары:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шаралар жүргізу;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      -ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
      құрылысын сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын күтіп-ұстау;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      ауылдық округтерде ветеринарлық пунктерді құру;
      ветеринарлық есеп пен есеп-қисапты жүргізу және ұсыну;
      ветеринарлық анықтама беру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
      биологилық материал сынамасын іріктеу және оларды ветеринарлық зертханаға әкелу;
      ауырған жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының тиым салынбаған заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы өзге де қызметтер.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқықты:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      белгіленген ветеринарлық-санитарлық ережелер және нормативтарды бұзған жағдайларда заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын қайтарып алуына бастамашылық етуге;
      белгіленген тәртіпте эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысенгізуге;
      ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте (қызметтік куәлік ұсыну арқылы) кедергісіз баруға, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алуға;
      зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландырумен диагностика немесе ветеринарлық-санитарлық сараптама үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарының іріктеуін жүргізуге;
      мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуге;
      ветеринариялық құжаттар беруге;
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен берілген өкілеттік шегінде актілер шығаруға;
      ветеринарлық-санитарлық жайлы аумақтарда, сондай-ақ жайсыз пунктерде орын ауыстыратын (тасымалданатын), адам мен жануарлардың саулығына қауіп төндіретін нысандар анықталғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте алуға және жоюға, оларды зиянсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер бойынша денсаулық сақтау саласының уәкілетті мемлекеттік органына хабарлауға;
      ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық болған жағдайда сотқа қуыным беруге.
 

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасы заңамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей уәкілетті органға (заңнамамен белгіленген жағдайлардан басқа) бағынады, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктері және тең құқықтарының мемлекеттік кепілі туралы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңбірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күреседі, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың жолын кесу арқылы "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тиімді қызметін қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындайды және кадрлық, бақылау, заңдық және басқа қызметтерді тарта отырып, заңнамада көзделген тәртіптік шараларды қолданады, бөлім қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке жауапты.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданыветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңаппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен басқарылады (Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының келісімі бойынша).
 

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданыветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңзаңнамамен көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданыветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмүлкі негізгі және айналымдық қаражаттан, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден сатып алынған басқа мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) құралған, құрылтайшымен табысталған мүлік есебінен қалыптастырылады.
      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданыветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілгенмүлік аудандық коммуналдық меншіккежатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданыветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжарауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүргізуінде болатын ұйымдардың тізімі:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесі: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Ғ.Құсайынов көшесі, 18.
 

6. Бөлімнің жұмыс уақыты және қарым-қатынастары

      29. Бөліммен аудан әкімінің Аппаратының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және реттеледі.
      30. Бөліммен бөлімнің ұжымының және ведомствосының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.
      31. Бөлімнің жұмыс уақыты 9:00 ден 18:30 ге дейін, аптасына 5 күн, түскі үзіліс 13:00 ден 14:30 ге дейін.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады