Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2015 жылға мақсатты топтарын анықтау және қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 08 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда N 3098 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
      2. 2015 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) отбасылардың бірде-біреуі жұмыс істемейтін тұлғалары;
      3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      4) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер жатады;
      5) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының әкімі

М.Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады