Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде N 3220 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 23.05.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Бидайық ауылдық округінің Жамбыл ауылы, Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылы және Қаратал ауылы Амангелді ауылдық округінің Тлеусай ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық қосалқы жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының әкімі
А.Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады