Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 54 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 3133 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков
      КЕЛІСІЛДІ:
Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 16 наурыз
Б. Қарабаев

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 54 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының ТІЗБЕСІ


Ауылдық округтердің атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1
Аққыстау ауылдық округі
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесіндегі ақпараттық тақта
17 бекет, орталық алаңдағы ақпараттық тақта
Аққыстау ауылы, Жас алаш және Ынтымақ көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
2
Жанбай ауылдық округі
Жанбай ауылы, Зинеден Құрасұлы көшесіндегі ақпараттық тақта
3
Забурын ауылдық округі
Зинеден ауылы, Жастар көшесіндегі ақпараттық тақта
4
Исатай ауылдық округі
Исатай ауылы, Исатай Тайманов көшесіндегі ақпараттық тақта
5
Қамысқала ауылдық округі
Х.Ерғалиев ауылы, Бақсай және И. Шөкетаев көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесіндегі ақпараттық тақта
6
Нарын ауылдық округі
Нарын ауылы, Болат жол көшесіндегі ақпараттық тақта
7
Тұщықұдық ауылдық округі
Тұщықұдық ауылы, Ғ. Рамазанов көшесіндегі ақпараттық тақта
Тұщықұдық ауылы, Ш. Шәріпов көшесіндегі ақпараттық тақта
Қызыл үй елді мекені, орталық алаңдағы ақпараттық тақта

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады