Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 94 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3124 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 20.05.2016 № 178 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Калиевке жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы А. Изжанов
      " 6 " наурыз 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "6" наурыздағы № 94 қаулысына қосымша

Құрманғазы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ

р/с
Ауылдық округтер атаулары
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Асан ауылдық округі
Асан ауылы, "Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
2
Азғыр ауылдық округі
Балқұдық ауылы, "Балқұдық селолық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
3
Сүйіндік ауылдық округі
Сүйіндік ауылы, "Сүйіндік селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
4
Бірлік ауылдық округі
Бірлік ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
5
Сафон ауылдық округі
Сафон ауылы, "Сафон селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
6
Кудряшов ауылдық округі
Кудряшов ауылы, "Құрманғазы ауданы мәдениет және тілді дамыту бөлімі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын "Кудряшов селолық клубы" мемлекеттік кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
7
Байда ауылдық округі
Котяев ауылы, "Байда селолық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
8
Шортанбай ауылдық округі
Шортанбай ауылы, "Шортанбай селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
9
Көптоғай ауылдық округі
Көптоғай ауылы, Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Ақтоты" бала бақша" ғимаратының жанындағы стенд
10
Дыңғызыл ауылдық округі
Жыланды ауылы, "Д.Нурпеисова атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
11
Қиғаш ауылдық округі
Қиғаш ауылы, "Құрманғазы аудандық мәдениет және тілді дамыту бөлімі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын "Қиғаш селолық клубы" мемлекеттік кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
12
Ақкөл ауылдық округі
Ақкөл ауылы, "Ақкөл селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
13
Киров ауылдық округі
Дәшін ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
14
Нұржау ауылдық округі
Нұржау ауылы, "Нұржау селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
15
Орлы ауылдық округі
Орлы ауылы, "Калинин селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
16
Теңіз ауылдық округі
Приморье ауылы, "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд
17
Еңбекші ауылдық округі
Жұмекен ауылы, "Еңбекші селолық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
18
Мақаш ауылдық округі
Алға ауылы, "Морской селолық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд
19
Ганюшкин ауылдық округі
Ганюшкин ауылы, "Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" мемлекеттік кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады