Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте № 3328 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерді сурдо-тифло техника-лық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
      18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет -ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 172 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2732-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 232 қаулысына 1-қосымша

"Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысымен бекітілген "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері түскен құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері 10-минут ішінде көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға табыстайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:
      1) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторына жөнелтеді. Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері түскен құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері 10-минут ішінде көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жөнелтеді;
      5) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін табыстайды.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау:
      3) электронды цифрлы қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеуі қажет;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес – процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Түскен өтінішті тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны жөнінде қолхат береді де қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторына жөнелтеді
Сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді
Түскен құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды
30-минут ішінде көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды
10-минут ішінде көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жөнелтеді
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін табыстайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
2-қосымша

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
      1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;
      2) куәлік немесе оның телнұсқасын беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудегі өтініш құжаттарының қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен белгіленген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
      1) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды.
      Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеу жасап, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
      7) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік
ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы

Өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
Келген құжаттарды тіркеу жасап, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды
Сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
3-қосымша

"Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері түскен құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және 3 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3-минут ішінде көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері 4-минут ішінде көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша өкіліне табыстайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады. Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйеге рұқсаты бар жұмысшысы өтінішті тіркейді, базадан тексереді және он бес минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе оның сенім білдірілген өкіліне табыстайды.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау;
      3) ЭЦҚ-мен және жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды электронды түрде тіркеу;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  "Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
3
Көрсетілетін қызметті алушы
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады
Өтінішті тіркейді, базадан тексереді және он бес минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша өкіліне табыстайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
4-қосымша

"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30 минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
5-қосымша

"Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі–мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде көрсетілетін қызмет алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30 минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
6-қосымша

"Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызметті) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).
      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) іске асырады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауыл округінің әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысымен бекітілген "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі- Стандарт) өтінішті тапсыру негіздеме болады;
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      4) орындаушы құжаттарды қарайды және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      5) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде;)
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді (он бес минуттан аспайды);
      3) ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілінен) қабылданған құжаттарды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      4) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және ауылдық округ әкіміне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      5) ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (он бес жұмыс күні ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ауылдық округ әкімі ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      10) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және ауылдық округ әкіміне жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      11) ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ауылдық округ әкімі
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      5) учаскелік комиссия;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне жолдайды;
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды).
      3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      7) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді (бір жұмыс күні ішінде);
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      11) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Учаскелік комиссия
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
Келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 15-минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады
Құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды
Құжаттарды тексереді және учаскелік комиссияға қорытынды дайындау үшін жібереді екі жұмыс күні ішінде
Ұсынылған құжаттар негізінде және (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушының отбасылық материалдық жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге үш жұмыс күні ішінде жолдайды
Ұсынылған құжаттар негізінде және (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушыға учаскелік комиссияның қорытындысы, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындай және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бір жұмыс күні ішінде жолдайды
Құжаттарға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне он бес минут ішінде жолдайды
10

Тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
11
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, бір жұмыс күні ішінде (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
7-қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызметті) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).
      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) іске асырады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауыл округінің әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі- Стандарт) өтінішті тапсыру негіздеме болады;
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      4) орындаушы құжаттарды қарайды және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      5) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді (он бес минуттан аспайды);
      3) ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілінен) қабылданған құжаттарды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      4) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және ауылдық округ әкіміне жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      5) ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (он бес жұмыс күні ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ауылдық округ әкімі ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      10) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және ауылдық округ әкіміне жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      11) ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ауылдық округ әкімі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      5) учаскелік комиссия;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне жолдайды;
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды).
      3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді (екі жұмыс күні ішінде);
      7) учаскелік комиссия ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (үш жұмыс күні ішінде);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттар мен учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді (бір жұмыс күні ішінде);
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      11) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Учаскелік комиссия
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
Келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 15-минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады
Құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды
Құжаттарды тексереді және учаскелік комиссияға қорытынды дайындау үшін жібереді екі жұмыс күні ішінде
Ұсынылған құжаттар негізінде және (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушының отбасылық материалдық жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге үш жұмыс күні ішінде жолдайды
Ұсынылған құжаттар негізінде және (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушыға учаскелік комиссияның қорытындысы, мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындай және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бір жұмыс күні ішінде жолдайды
Құжаттарға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне он бес минут ішінде жолдайды
10
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
11
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындап, бір жұмыс күні ішінде (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
8-қосымша

"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі– жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге
жеке көмекшінің және есту кемістігі бар
мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін
ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30 минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
9-қосымша

"Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Мүгедектерге кресло-арбалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30 минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
10-қосымша

"Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі–мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қызмет ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Мүгедектерді санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30 минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
11-қосымша

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет)Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен(бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі–медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" (әрі қарай - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30-минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет нәтижесіне қол қояды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің(іс-қимылдардың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібінің толық сипатталуы графикалық түрде осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі сипатталуы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30-минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
12-қосымша

"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап және бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" (бұдан әрі- Стандарт).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілген қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30-минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, не ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дәйексіз болған жағдайда бас тартуды дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің сол жұмыс күні басшылық мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығының сипатталуы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілген қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Құжаттарды қабылдап, тіркейді, өтініштің қабылданғаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және келген құжаттарды 30-минут ішінде басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, не ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дәйексіз болған жағдайда бас тартуды дайындап, басшылыққа ұсынады
Көрсетілетін қызметті берушінің сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне ұсынады
Сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді
 
  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
13-қосымша

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі);
      3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар–www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркеп, 30 минут ішінде басшылыққа немесе ауылдық округ әкімінің қарауына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды қарап болған соң, 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеп, көрсетілетін қызметті беруші басшылығының немесе ауылдық округ әкімінің қол қоюына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенім білдірілген уәкілетті тұлғаға табыстайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің басшылығы;
      2) қызмет берушінің уәкілетті қызметкері;
      3) қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
      4) ауылдық округ әкімі;
      5) ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік қызметті таңдау:
      3) ЭЦҚ-ны жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеу;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      9. Портал арқылы қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері
Түскен құжаттарды тіркеп, 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының немесе ауылдық округ әкімінің қарауына жолдайды
Құжаттарды қарап болған соң 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды
Барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеп, көрсетілетін қызметті беруші басшылығының немесе ауылдық округ әкімінің қол қоюына жолдайды
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды
30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенім білдірілген уәкілетті тұлғаға табыстайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
14-қосымша

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады:
      1) жұмысқа орналасуға жолдама;
      2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
      3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, және біліктілігін арттыруға жолдама;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
      5) жастар практикасына жолдама;
      6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 қаулысымен бекітілген "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын базадан тексереді және көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 6 тармағындағы жолдама алу мүмкіндігіне қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінің жобасын дайындайды және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 5-минут ішінде көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері 10-минут ішінде көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе оның сенім білдірілген өкіліне табыстайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау;
      3) ЭЦҚ-мен жеке сәйкестендіру нөмірі нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн мемлекеттік көрсетілетін қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды электронды түрде тіркеу;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң арыз автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен арызды көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері
Көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері
Түскен құжаттарды тіркеп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және 15 минут ішінде басшылыққа қол қоюға жолдайды
5-минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне жолдайды
10-минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша өкіліне табыстайды

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
15-қосымша

"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ауылдық округ әкіміне ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе ауылдық округ әкімі сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтижесіне қол қояды;
      6) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушінің немесе ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      4) ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы;
      5) ауылдық округ әкімі аппаратының кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен белгіленген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
      1) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымын көрсетіп көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды.
      Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің сол жұмыс күні басшылық мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін ақпараттық жүйеде белгілей отырып, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      7) Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының жұмысшысы құжаттарды сканерлі штрихкодтың көмегімен ақпараттық жүйеде белгі соғады да, сол күні құжаттарды беру секторының жұмысшысына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің нәтижесін береді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Ауылдық елді мекендерде тұратын және
жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына
отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы
Қызмет берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Қызмет берушінің кеңсе қызметкері
Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы
Өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды
Сол жұмыс күні ішінде құжаттарды қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесін ақпараттық жүйеде белгілей отырып, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
Құжаттарды сканерлі штрихкодтың көмегімен ақпараттық жүйеде белгі соғады да, сол күні құжаттарды беру секторының жұмысшысына қызмет алушыға беру үшін жолдайды
Қызмет алушыға қызметтің нәтижесін береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
16-қосымша

"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік қызмет беруші) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі- ауылдық округ әкімі) ұсынылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі).
      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) іске асырады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама (бұдан әрі - анықтама).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауыл округінің әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - Стандарт) өтініш тапсыру негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не қолдаухат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ауылдық округ әкіміне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді (он бес минуттан аспайды);
      3) ауылдық округ әкімі қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (он бес жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ауылдық округ әкімі ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және ауылдық округ әкіміне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      9) ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) ауылдық округ әкімі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5 тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (не қолдаухат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не қолдаухат бойынша оның өкіліне) құжаттардың қабылданғандығы туралы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді және Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне құжаттарды жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      9) Мемлекеттік корпорация қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не қолдаухат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не қолдаухат бойынша оның өкіліне) құжаттардың қабылданғандығы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде)
Құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды)
Құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді (он бес минуттан аспайды)
Мемлекеттік қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (он бес минуттан аспайды)
Мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің Кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды)
Тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді (бір жұмыс күні ішінде)
Қызметкер құжаттарды тіркейді және мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не қолдаухат бойынша оның өкіліне) ұсынады (он бес минуттан аспайды)

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
17-қосымша

"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушімен;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі- Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы Регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен белгіленген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымын көрсетіп көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды.
      Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы сол жұмыс күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркейді, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      6) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды;
      7) сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ақпараттық жүйеде белгілей отырып, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      8) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін қызмет алушы:
      1) Порталға кіру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау;
      3) ЭЦҚ-ны жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы авторлау, тіркелу;
      4) онлайн қызметке тапсырыс беру;
      5) электрондық сауал жолдарын толтыру және қажет болған жағдайда Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес электронды түрде құжаттарды тіркеу;
      6) шығыс құжатты тексерген соң көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қоюы қажет. Қол қойған соң өтініш автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге түседі;
      7) түскен өтінішті көрсетілетін қызметті беруші тіркеген соң, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы автоматты түрде өзгереді. Өтінішті тіркеген кезден бастап Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші нәтижені беруі тиіс;
      8) нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің жағдайы "Қанағаттанарлыққа" ауысады. Кейін, көрсетілетін қызметті алушы нәтижені көшіре алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің диаграммалық түрде сипатталуы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

  "Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

      Шартты белгілер:
      
  "Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
6
7
8
Мемлекеттік корпорация жұмысшысы
Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Жауапты орындаушы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторының жұмысшысы
Өтінішті тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қызмет алушыға қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Келген құжаттарды ақпараттық жүйеде белгілейді және тіркеу жасап, 30 минут ішінде құжаттарды басшылыққа ұсынады
30 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
Құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесіне қол қояды
Сол жұмыс күні қызмет нәтижесін ақпараттық жүйеде белгілей отырып, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
Көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің нәтижесін береді

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына
18-қосымша

"Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "Орталық", "Орталықтың" деген сөздер "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 01.04.2016 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға оралман куәлігін беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (әрі-қарай Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызметті берушінің басшылығына, 10 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындау үшін, жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы, сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілген қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. "Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау"

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады. Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйеге рұқсаты бар жұмысшысы өтінішті тіркейді, базадан тексереді және он бес минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе оның сенім білдірген өкіліне табыстайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында сипатталған.

  "Оралман мәртебесін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің графикалық түрдегі сипатталуы және мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

1
2
3
4
5
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғаны жөнінде қолхат береді
30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, құжаттарды қарауға жолдайды
құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, басшылыққа ұсынады
сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілген қызмет берушінің кеңсесіне жолдайды
сол жұмыс күні ішінде қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады