"Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/327-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 3166 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/627-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 14.09.2020 № 69/627-6с шешiмiмен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 39/266-5с "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2784 тіркелген, 2014 жылғы 29 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы";

      шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "ставкалары" деген сөздер тиiсiнше "мөлшерлемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады