Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 151 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3083 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 08.05.2019 № 297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төлеби аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 124 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14–13–87 тіркелген, 2011 жылдың 5 наурызда "Төлеби туы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмурзаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тургумбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Төлеби аудандық сайлау

      комиссияның төрағасы О.Суттибаев

      "17" наурыз 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы
17 наурыздағы № 151 қаулысының
№ 1 қосымшасы

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

      Ленгер қаласы

      "Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) аумағы (Ленгер қаласы, Төлеби көшесі).

      Бірінші Мамыр ауылдық округі

      "Төлеби аудандық емханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Бірінші Мамыр бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының" аумағы (Бірінші Мамыр ауылы, Д.Қонаев көшесі).

      Алатау ауылдық округі

      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Күншуақ" балабақшасының аумағы (Алатау ауылы, Б. Момышұлы көшесі).

      Аққұм ауылдық округі

      Момынай ауылы, Ақтас көшесі, бойындағы алаңша.

      Қоғалы ауылдық округі

      Диханкөл ауылдық клубының аумағы. (Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі).

      Қаратөбе ауылдық округі

      Қаратөбе ауылдық клубының аумағы. (Қаратөбе ауылы, С. Абдулла көшесі).

      Жоғарғы Ақсу ауылдық округі

      "Мәдени орта мектебі" ММ аумағы (Мәдени ауылы, Бәйшешек көшесі).

      Кемеқалған ауылдық округі

      "Төлеби аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Абай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының" аумағы (Абай ауылы, Кемеқалған көшесі).

      Көксәйек ауылдық округі

      "М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі" ММ аумағы (Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі).

      Зертас ауылдық округі

      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Аяулым" балабақшасының аумағы (Зертас ауылы, Еламан – Сауран көшесі).

      Тасарық ауылдық округі

      "Жеңіс" саябағының аумағы (Тасарық ауылы, М. Әуезов көшесі).

      Қасқасу ауылдық округі

      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Арай" балабақшасының аумағы (Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі).

      Киелітас ауылдық округі

      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Рауан" балабақшасының аумағы (Достық ауылы, Астана көшесі).

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы
17 наурыздағы № 151 қаулысының
№ 2 қосымшасы

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй – жайлар тізімі

      1. "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (Ленгер қаласы, Төлеби көшесі).

      2. "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Қасқасу ауылдық мәдениет үйі" (Қасқасу ауылдық округі, Қуандық көшесі).

      3. "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Жеңіс мәдениет үйі" (Көксәйек ауылдық округі, Төлеби көшесі).

      4. "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі" (Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады