Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Жаскешу ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 06 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 3019 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының заңының 37 бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 8 желтоқсандағы 1993 жылғы Қазақстан Республикасының заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес, 2014 жылғы 17 қарашадағы Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, тұрғындардың пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Пістелі ауылындағы Пістелі көшесінің атауы Лес Қоқыров көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
      3. осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізідеді.

      Жаскешу ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 Н.А.Қалымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады