Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 88 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 сәуірде № 3843 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 383 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 09.03.2016 № 383 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерлерде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар туралы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      Курчатов қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы С. Смағулов

      "17" наурыз 2015 жыл

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "17" наурыздағы
№ 88 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары


Р/с
Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары
Мекен-жайы
1
"Қалалық Мәдениет үйі" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының жанындағы алаңқай
Тәуелсіздік көшесі, 2
2
Қазпошта ғимараты жанындағы алаңқай
Абай көшесі, 13
3
"Мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңқай
Тәуелсіздік көшесі, 10
4
Қалалық автовокзал маңындағы аланқай
Красноармейская көшесі, 13

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады