Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы N 208 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде N 4079 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 15.11.2017 № 308 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Т. Каимулдинов

  Жарма ауданының әкімінің
2015 жылғы "26" маусымдағы
№ 208 қаулысына қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлемінің мөлшері

Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру өлшемі (теңге)

Тәрбиеленушілердің саны (адам)

Бір айға бір тәрбиеленушіге орта есеп шығыны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір айға ата-аналардың төлемақысы (теңге)

Бала-бақша

Мектеп жанындағы кіші орталық

Бала-бақша

Мектеп жанындағы толық күнді кіші орталық

Бала бақша

мектеп жанындағы кіші орталық

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

19 019

21 524

8 482

8 482

645

365

20 272

8 482

7 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады