2014-2016 жылдарға арналған Көкпекті ауданының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 cәуірдегі № 74 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 3939 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 01.03.2016 № 62 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Көкпекті аудан бойынша коммуналдық меншік ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Көкпекті ауданының қаржы бөлімі", "Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі", "Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" және "Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын заңнамамен белгіленген шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Акимоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көкпекті ауданының әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Сагандыков

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015жылғы 08 сәуірдегі
№ 74 қаулысына қосымша

2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын Көкпекті ауданының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізбесі


Кәсіпорын атауы
Іске асыру мерзімдері, жыл
1
2
3
1
"Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2015 жыл
2
"Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ұлттық спорт түрлері бойынша "Дархан" клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2016 жыл

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады