Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округі Тегісшіл ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қазанда № 4122 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Тегісшіл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Борсы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округі Тегісшіл ауылындағы атаусыз көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      "№ 1" жобалық көшесі – "Р. С. Егізбаев"көшесі;
      "№ 2" жобалық көшесі – "Ғ. Қараш"көшесі;
      "№ 3" жобалық көшесі – "М. Ықсанов"көшесі;
      "№ 4" жобалық көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі.
      2. Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (У. Култанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Борсы ауылдық округінің әкімі А. Б. Беккалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады