Шыңғырлау ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 3847 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 11.12.2018 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Шыңғырлау аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірде "Серпін" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шыңғырлау ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е. Р. Тұрмағамбетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Р. Тұрмағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Халелов

      КЕЛIСIЛДI:

      Шыңғырлау аудандық (аумақтық)

      сайлау комиссиясының төрағасы

      _____________Е.Р.Тұрмағамбетов

      27 ақпан 2015 ж.

  2015 жылғы 27 ақпандағы № 3
аудан әкімінің шешіміне
қосымша
  2014 жылғы 13 наурыздағы № 4
аудан әкімінің шешіміне
қосымша

Шыңғырлау ауданы аумағындағы сайлау учаскелерi


Сайлау учаске-лерiнiң нөмiрлерi


Сайлау учаскелерiнiң шекаралары


Орналасқан жері


1


399


Ағатан ауылы, Тасмола ауылы, Лубен ауылының Шыңғырлау (4, 18, 20, 24 тұрғын үйлерi), Мұхамбеталиев (2-19 тұрғын үйлерi), Қуантаев (1/1-5 тұрғын үйлерi), Алтынсарин (33-47 тұрғын үйлерi), Тихоненко (105-152 тұрғын үйлерi), Мұхамбетов (73-110/2 тұрғын үйлерi) көшелерi


Тасмола ауылы, Қ. Сағырбаев көшесi, 232, "Тасмола орта жалпы бiлiм беретін мектебі" мемлекеттік мекемесiнiң ғимараты


2


401


Қотантал ауылы


Қотантал ауылы, ауылдық клуб ғимараты


3


402


Алмаз ауылы, Лубен ауылының Досмұхамбетов (1/1-8/2 тұрғын үйлерi), Бейбiтшiлiк (2-25 тұрғын үйлерi), Сейфуллин (2-23 тұрғын үйлерi) көшелерi


Алмаз ауылы, "Алмаз орта жалпы бiлiм беретiн мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесiнiң ғимараты


4


403


Аққұдық ауылы


Аққұдық ауылы, "Константинов бастауыш бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттік мекемесiнiң ғимараты


5


404


Сегiзсай ауылы


Сегiзсай ауылы, фельдшерлiк пункт ғимараты


6


405


Ащысай ауылы, Мырзағара елдi мекенi, Тузов разъездi


Ащысай ауылы, Қ. Байғалиев көшесi, 8, ауылдық клуб ғимараты


7


406


Талдысай ауылы


Талдысай ауылы, фельдшерлiк пункт ғимараты


8


407


Жiңiшке ауылы, Жамантұз қыстағы


Жiңiшке ауылы, фельдшерлiк пункт ғимараты


9


408


Амангелдi ауылы


Амангелдi ауылы, ауылдық клуб ғимараты


10


409


Белогор ауылы, Торатбас ауылы


Белогор ауылы, "Белогор негізгі орта бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


11


411


Полтава ауылы


Полтава ауылы, Тәуелсіздік көшесi, 1, "Полтава негізгі орта білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


12


412


Қарағаш ауылы, Ащысай ауылының В. Тамбовцев көшесi (1-36 тұрғын үйлерi), Қарғалы ауылы


Қарағаш ауылы, Жамбыл көшесi, 18, ауылдық мәдениет үйiнiң ғимараты


13


413


Қайынды ауылы


Қайынды ауылы, "Қайынды бастауыш бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


14


414


Ақсуат ауылы


Ақсуат ауылы, "Ақсуат жалпы бiлiм беретiн негiзгi орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


15


416


Қызылкөл ауылы


Қызылкөл ауылы, ауылдық кiтапхана ғимараты


16


417


Шоқтыбай ауылы


Шоқтыбай ауылы, "Жаңатұрмыс орта жалпы бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


17


418


Ұрысай ауылы, Ақсоғым ауылы


Ұрысай ауылы, "Правда бастауыш бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


18


419


Жаңакүш ауылы


Жаңакүш ауылы, "Жанакүш бастауыш бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


19


420


Лубен ауылы, Сұлукөл ауылы


Лубен ауылы, "А. Тихоненко атындағы орта жалпы бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты


20


422


Шыңғырлау ауылы, Набережная, Қ. Рахимова, Ә. Молдағұлова, Бейбiтшiлiк, Тихоненко, С. Исқалиев, Ғ. Тоқай, Достық, С. Датов, Тәуелсiздiк, Г. Шевцов көшелерi


Шыңғырлау ауылы, И.Тайманов көшесi, 93 а, ауылдық мәдениет үйiнiң ғимараты


21


423


Шыңғырлау ауылы, Л. Қлышев (1–117, 2-124 тұрғын үйлерi), Амангелдi (50-69 тұрғын үйлерi), М. Маметова (44-66 тұрғын үйлерi), Д. Хамитов (36-45 тұрғын үйлерi), Ғ. Мұратбаев (26-27 тұрғын үйлерi), Қуантаев көшелерi


Шыңғырлау ауылы, Л. Қлышев көшесi, 83 а "Л. Клышев атындағы орта жалпы бiлiм беретiн мектебі" мемлекеттік мекемесiнiң ғимараты


22


424


Шыңғырлау ауылы, Луговая, Ақсай, И. Тайманов, М. Өтемiсов (32/1, 32/2, 34/1, 34/2, 36, 38 а, 40, 42, 44, 46, 60, 89/1, 91/2, 93/1, 93/2 тұрғын үйлерi), Қазақстан (48-2, 37-1 тұрғын үйлерi), Казимов (29/2-1,24-2 тұрғын үйлерi), С. Датов (42-2, 25-1 тұрғын үйлерi) көшелерi


Шыңғырлау ауылы, И. Тайманов көшесi, 100, Туризм және экология орталығының ғимараты


23


425


Шыңғырлау ауылы, Қазақстан (50/1-60, 39/1-47 тұрғын үйлерi), Казимов (31/1-37/2, 26-32 тұрғын үйлерi), М. Өтемiсов (30/2-2, 55-1 тұрғын үйлерi), Бесчасов, Г. Жуков, 1 мамыр, Целинная, М. Ержанов, Победа (9-21 тұрғын үйлерi), Гагарин, А. Құнанбаев (72-164, 25-87 тұрғын үйлерi), Л. Қлышев (126-188 тұрғын үйлерi) көшелерi


Шыңғырлау ауылы, М. Өтемiсов көшесі, 14, Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi бiлiм басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты



24


426


Шыңғырлау ауылы, Жақсығалиев, Мұхамбетов, А. Тасмағамбетов, Рабочая, Панфилов, Каймулдиев, Амангелдi (40-2, 43 тұрғын үйлерi), М. Маметова (41-1, 2 тұрғын үйлерi), Д. Хамитов (43-1, 34-2 тұрғын үйлерi), Ғ. Мұратбаев (25-1, 46/1-2 тұрғын үйлерi), Л. Қлышев (119-169 тұрғын үйлерi), А.Құнанбаев (2-66, 1, 5, 7/1, 7/2, 7/3, 9/1, 9/2, 9/3, 26/1, 26/2 тұрғын үйлерi) көшелерi


Шыңғырлау ауылы, А. Құнанбаев көшесi, 1, "Шыңғырлау орта жалпы бiлiм беретiн мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады