Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 30 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5429 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Есалиев

      КЕЛIСIЛДI
Шыңғырлау аудандық (аумақтық)
сайлау комиссиясының төрағасы
_____________Е.Р.Тұрмағамбетов
11 желтоқсан 2018 жыл.

  Шыңғырлау ауданы әкімінің
2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 30
шешіміне № 1 қосымша

Шыңғырлау ауданы аумағындағы сайлау учаскелерi

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 29.12.2022 № 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Сайлау учаскелерiнiң нөмiрлерi

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары

Орналасқан жері

1

№399

Ақбұлак, Қотантал ауылдары

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, К.Сағырбаев көшесі №238а, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимараты

2

№402

Алмаз, Аққұдык ауылдары

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылдық округі, Алмаз ауылы, Жоламан Тіленшіұлы №184 көшесі, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимараты

3

404

Сегiзсай ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Сегiзсай ауылы, көше жоқ, № 43, Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Сегізсай негізгі орта бiлiм беретiн мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң ғимараты

4

405

Ащысай ауылы, Мырзағара елдi мекенi, Тузов разъездi, Жiңiшке ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы, Қ. Байғалиев көшесi, № 8, ауылдық клуб ғимараты

5

408

Амангелдi ауылы, Талдысай ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай
ауылдық округі, Амангелдi ауылы, Ардагерлер көшесі, № 9, ауылдық клуб ғимараты

6

409

Ақтау ауылы, Торатбас ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Белогорка ауылы, ауылдық мәдениет үйiнiң ғимараты

7

411

Ардақ ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Полтава ауылдық округі, Полтава ауылы, Жастар көшесі, № 14, ауылдық мәдениет үйiнiң ғимараты

8

412

Қарағаш ауылы, Қарғалы ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылы, Хамитова көшесі, № 30, Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қуағаш негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

9

413

Қайыңды ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Қайыңды ауылы, Д. Хамитов көшесі, № 12, Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қайыңды бастауыш бiлiм беретiн мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты

10

414

Ақсуат ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Ақсуат ауылы, Нармағанбет көшесі, № 10, Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақсуат негізгі орта бiлiм беретiн мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты

11

№417

Шоқтыбай ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шоқтыбай ауылы, Бейбітшілік №6 көшесі, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клубының ғимараты

12

№418

Ұрысай, Қызылкөл, Жаңакүш ауылдары

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Ұрысай ауылы, Достық №23а көшесі, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клубының ғимараты

13

№419

Шыңғырлау ауылындағы Амангельды көшесіндегі үйлер, Д.Хамитов көшесіндегі үйлер, М.Маметова көшесіндегі үйлер, Р.Каймулдиев көшесіндегі үйлер, Л.Қылышев көшесі №113-171, №116-188 үйлері, М.Ержанов көшесіндегі үйлер, Жеңіс көшесі №12, №21 үйлері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Амангельды №57 көшесі, Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Шыңғырлау" спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты

14

№420

Ақшат ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылдық округі, Ақшат ауылы, Б.Мұхамбетов №50а көшесі, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клубының ғимараты

15

№422

Шыңғырлау ауылындағы Бөкенбай батыр көшесіндегі үйлер, С.Искалиев көшесіндегі үйлер, С.Датұлы көшесіндегі үйлер, Ғ.Тоқай көшесіндегі үйлер, Достық көшесіндегі үйлер, А.Тихоненко көшесіндегі үйлер, Қ.Рахимова көшесіндегі үйлер, Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйлер, Елек өзен жағалауы көшесіндегі үйлер, Г.Шевцов көшесіндегі үйлер, Тәуелсіздік көшесіндегі үйлер

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, С.Датұлы №108 көшесі, Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимараты

16

№423

Шыңғырлау ауылындағы И.Тайманов көшесіндегі үйлер, Мұратбаев көшесіндегі үйлер, Қуантаев көшесіндегі үйлер, Л.Қылышев көшесі №2-124, 1-107 үйлері, Амангельды көшесі №70/1-88, 59-71 үйлері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев №101а көшесі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

17

№424

Шыңғырлау ауылындағы Ж.Казимов көшесіндегі үйлер, Қазақстан көшесіндегі үйлер, Көкжайлау көшесіндегі үйлер, Ақсай көшесіндегі үйлер, Бейбітшілік көшесіндегі үйлер, М.Өтемісов №18/1-60, №91/1-103 дома, Маршал Жуков көшесі №44-90 үйлері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, И.Тайманов №90б көшесі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

18

№425

Шыңғырлау ауылындағы Д.Бесчасов көшесіндегі үйлер, Ынтымақ көшесіндегі үйлер, Тыңигерушілер көшесіндегі үйлер, Жеңіс көшесіндегі үйлер, Ю.Гагарин көшесіндегі үйлер, Астана көшесіндегі үйлер, Қонақай көшесіндегі үйлер, үшінші көшесіндегі үйлер, төртінші көшесіндегі үйлер, Ақсай көшесіндегі үйлер, М.Өтемісов көшесі №2а-12а1, №3, №9/1, №55, №91 үйлері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, М.УӨтемісов №14 көшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

19

№426

Шыңғырлау ауылындағы Мұхамбетов көшесіндегі үйлер, Х.Доспанова көшесіндегі үйлер, А.Тасмағамбетов көшесіндегі үйлер, С.Жақсығалиев көшесіндегі үйлер, А.Құнанбаев көшесіндегі үйлер, генерал Панфилов көшесіндегі үйлер, Ақсоғым ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, А.Құнанбаев №1 көшесі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

  Шыңғырлау ауданы әкімінің
2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 30
шешіміне № 2 қосымша

Шыңғырлау ауданы әкімінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3456 тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірде "Серпін" газетінде жарияланған);

      2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 3 "Шыңғырлау ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3847 тіркелген, 2015 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 21 "Шыңғырлау ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Шыңғырлау ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4129 тіркелген, 2015 жылғы 16 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады