Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13104 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө. Қалқабаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
В. Жұмақанов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери,
арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі – азаматтар) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери, арнаулы оқу орындарына (бұдан әрі – ҰҚО ЖОО) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚО ЖОО "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 бабы 16) тармақшасына сәйкес жоғары білім және жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдауды жүзеге асырады.

      3. ҰҚО ЖОО-да жоғары білім және жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды дайындау кадрларға қажеттілік (бұдан әрі – тәртіптеме) негізінде жүзеге асырылады. Тәртіптемені Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Кадрлар департаменті (Шекара қызметінің кадр қызметі) әзірлейді және оқу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      4. ҰҚК органдарының кадр қызметтері тәртіптемені бекіткеннен кейін:

      1) бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде ҰҚК ресми интернет-ресурсына өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген өтінішке (баянат) қосымша тіркелетін құжаттардың тізбесі туралы хабарландыру беру ұйымдастырылады;

      2) оқуға кандидаттарды олардың тұрғылықты, оқу немесе жұмыс (қызмет) ету орны бойынша кәсіби бағыттау, іріктеу және арнайы тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін олардың тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ҰҚК органдарының кадр қызметтері ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің және жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге кандидаттардың жинақталған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 20 мамырына дейін ұсынады.

      7. ҰҚК Кадрлар департаменті (Шекара қызметінің кадр қызметі) оқуға түсетін жылдың 10 маусымына дейін оқуға баратын кандидаттарға ҰҚО ЖОО-ға оқуға қабылдау мерзімі туралы ҰҚК органдарының кадр қызметтері арқылы хабарлайды.

      8. Кандидатты ҰҚО ЖОО-ға оқуға қабылдау қызметкерлерді дайындау курстары бойынша ҰҚК ЖОО-ның басшылары бөлек жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. ҰҚО ЖОО-ға оқуға қабылдау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ҰҚК ЖОО-ға:

      1) орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар;

      2) оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер;

      3) оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады.

      10. Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ:

      1) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене шынықтыру бойынша дайындығы;

      2) оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес жоғары білімдерінің орта балы 2,67 (В-)-ден төмен емес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен емес) азаматтар қабылданады.

      Кандидатта санаулы бағыттағы мамандығы, оның ішінде техникалық бейіні, арнайы білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі) болған кезде алған жоғары білімі бойынша орта балды оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан төмен емес) 1,0 (D-)-ға дейін төмендетуге жол беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 13.09.2017 № 47 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Жоғары білім және жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттардың жасы ҰҚО ЖОО-ға қабылдау күні анықталады.

      12. ҰҚО ЖОО-ға оқуға түсуге тілек білдірген азаматтар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша тұрғылықты, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатынын көрсете отырып:

      әскерге шақырылушылар және запастағы әскери міндеттілер – еркін нысанда өтініш;

      әскери қызметшілер (қызметкерлер) – әскери бөлімнің (ҰҚК органдарының) басшылығымен келісілген баянат береді.

      Өтінішке (баянатқа) қосымша мыналар ұсынылады:

      жалпы орта білімі туралы қосымшасымен бірге аттестат көшірмесі немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса орта білімнен кейінгі білім туралы қосымшасымен бірге диплом көшірмесі;

      "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес жалпы орта, техникалық және кәсіби білім алуды, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (түпнұсқа);

      жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

      туу туралы куәлік (көшірме);

      алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);

      өмірбаян және сауалнама (түпнұсқа);

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша тұрғылықты жері бойынша ҰҚК органдарына ҰҚО ЖОО-ға қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, кандидат ретінде зерделеуге алу туралы ерікті нысандағы өтініш береді.

      ҰҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері қызмет орындары бойынша тікелей басшылығымен келісілген ҰҚО ЖОО-ға түсу және оқуға кандидат ретінде зерделеу мүмкіндігі туралы баянат береді.

      Өтінішке (баянатқа) мыналар қоса ұсынылады:

      жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, дипломға қосымшаның көшірмесі (транскрипт). Шетелдік білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс жасайтын халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдарында (олардың филиалдарында) білімі туралы құжаттар алған кандидаттар, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында және халықаралық шарттарында (келісімдерде) өзгеше көзделмесе, нострификациялау және тану рәсімдерінен өтуі туралы білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте берілген тисті куәліктерді ұсынады;

      жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

      алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);

      әскери билет немесе тіркеу куәлігі (көшірме);

      еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжат (көшірме);

      өмірбаян және сауалнама (түпнұсқа).

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Соңғы кәсіби іріктеуге қатысу үшін келген кезде кандидат ҰҚО ЖОО-ның қабылдау комиссиясына салыстырып тексеру өткізу үшін мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, жалпы орта білімі туралы аттестат қосымшасымен бірге немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не орта білімнен кейінгі білімі туралы диплом қосымшасымен бірге, тестілеу нәтижесі 50 балдан төмен болмайтын келесі пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (білім алған тілінде) бойынша 5 балдан төмен емес, әр бейіндік пән бойынша 5 балдан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша сертификат. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясына оқуға түсу үшін кандидат жалпы орта білімнің жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білім беруден кейінгі білім беру бағдарламаларының кез келген екі пәнін таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясына оқуға түсушілер үшін бейіндік пәндер: математика – география;

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, жоғары білімі туралы диплом, дипломға қосымша (транскрипт), әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттар төмендегілерді қамтитын соңғы кәсіби іріктеу конкурсынан өтеді:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын және дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша – медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын, дене шынықтыру дайындығын тексеру, саясаттану бойынша білімдерін және жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру.

      16. ҰҚК Шекара қызметінің академиясына (бұдан әрі – ШҚ академиясы) оқуға түсетін әскери қызметшілер қатарындағы кандидаттармен аталған оқу орнының базасында жалпы абитуриенттік жиын алдындағы кезеңде дайындық жиыны өткізіледі.

      17. ҰҚО ЖОО-ға қабылдауды мандаттық және қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. Әрбір ҰҚО ЖОО үшін қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен жеке бекітіледі.

      Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамына басшы, сондай-ақ ҰҚК органдарының өзге де қызметкерлері мен әскери қызметшілері енгізіледі.

      18. Қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның бес мүшесінен кем болмайтын құрамнан құрылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін қарастыруды жүзеге асырады;

      2) соңғы кәсіби іріктеуге қатысуға рұқсат етілген оқуға түсетін кандидаттардың тізімдерін бекітеді;

      3) соңғы кәсіби іріктеу өткізеді;

      4) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;

      5) конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар (тыңдаушылар) қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;

      6) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      19. Қабылдау комиссиясының төрағасы ҰҚК органдарының бастықтары (бастықтардың орынбасарлары) қатарынан тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚО ЖОО бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, оқуға кандидаттардың соңғы кәсіби іріктеуін өткізуді ұйымдастырады.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы ҰҚК органдары басшы құрамының қатарынан тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, сондай-ақ оның жұмысы туралы есептің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.

      20. Қабылдау комиссиясының шешімі бекітілген құрамының кемінде үштен екі мүшесі болған кезде көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      21. Мандаттық комиссия төраға, екі орынбасар, хатшы және комиссияның бес мүшесінен кем болмайтын құрамнан құралады.

      Мандаттық комиссия:

      1) ҰҚО ЖОО-ның қабылдау комиссиясы соңғы кәсіби іріктеуден өту үшін ұсынған кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады;

      2) қажет болған жағдайда соңғы кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚО ЖОО-ға қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген кандидаттармен сұхбаттасу өткізеді;

      3) ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттарды оқуға қабылдау мәселелеріне байланысты апелляциялар бойынша шешім қабылдайды;

      4) оқуға кандидаттарды соңғы кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мандаттық комиссияның төрағасы болып ҰҚК Төрағасы орынбасарларының бірі тағайындалады.

      Мандаттық комиссия төрағасының орынбасарлары ҰҚК органдары және ҰҚО ЖОО-ның бастықтары қатарынан тағайындалады.

      Мандаттық комиссияның хатшысы болып ҰҚО ЖОО-ның кадр қызметі бастығының орынбасары немесе қызметкерлерінің (әскери қызметшілерінің) бірі тағайындалады.

      Мандаттық комиссия мүшелері болып ҰҚК органдарының және ҰҚО ЖОО басшы құрамының адамдары тағайындалады.

      23. Мандаттық комиссия жыл сайын құрылады және ҰҚО ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезеңде қызмет етеді.

      Мандаттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссия төрағасы орынбасарларының біріне, ал іс қағаздарын жүргізу комиссияның хатшысына жүктеледі.

      24. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландыру "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 437/ҚБП бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10328 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      ҰҚО ЖОО-да медициналық куәландырудан өткізу үшін жыл сайын ҰҚК Төрағасының бұйрығымен уақытша әрекет ететін штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) құрылады. ӘДК құрамын ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы жасақтайды.

      ӘДК құрамына ҰҚК әскери-дәрігерлік бөлімшелерінің және ҰҚО басқа да әскери-дәрігерлік комиссияларының тиісті мамандықтағы медицина қызметкерлері кіреді.

      Медициналық куаландырудан өткізу кезінде кандидаттардың арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамдылығы анықталады.

      25. Соңғы кәсіби іріктеу өткізу үшін ҰҚО ЖОО бастықтарының бұйрықтарымен арнайы (пәндік, сараптама) комиссиялар (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) құрылады.

      Арнайы комиссия құрамына үш адамнан кем болмайтын ұлттық қауіпсіздік органдарының тәжірибелі және білікті қызметкерлері (әскери қызметшілері), ҰҚО ЖОО оқытушылары кіреді.

      26. Кандидаттың оқуға кәсіби жарамдылығын бағалау қызметтік іс-қимылдың жоспарланып отырған учаскесінің (бағытының) талаптарына сәйкес келу дәрежесін анықтауға бағытталған және арнайы (сараптамалық) комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеруді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемшарттарына сәйкес арнайы (пәндік) комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Саясаттану бойынша білім емтихан түрінде тексеріледі және арнайы (пәндік) комиссия бағалайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Ауызша-жазбаша дағдылар жазба жұмысты (эссе) орындау түрінде тексеріледі және арнайы (пәндік) комиссия бағалайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Оқуға қабылдау тәртібі туралы ақпарат, ҰҚО ЖОО қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және соңғы кәсіби іріктеу нәтижелері бойынша шешімі ақпараттық стендінде орналастырылады немесе қабылдау комиссиясының мүшелері ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттардың алдында ауызша жариялайды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. ҰҚО ЖОО-ға қабылдау конкурстық негізде мандаттық комиссияның шешімімен жүргізіледі:

      соңғы кәсіби іріктеу деректерін ескере отырып, ҰБТ балдарына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша;

      соңғы кәсіби іріктеу нәтижелері бойынша жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен немесе арнаулы (әскери) қызмет өткеру кезінде мүгедектік алған ҰҚО қызметкерлерінің (әскери қызметшілерінің) балалары оқуға түсушілерге қойылған талаптар бойынша шектік деңгейдің балдарын жинаған жағдайда ШҚ академиясына конкурстан тыс оқуға қабылданады.

      33. Конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

      жетім балалар және ата-анасының асырауынсыз қалған балалар;

      соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген адамдар;

      "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      үздік білімі туралы құжаты (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар адамдар;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;

      "Жас ұлан" республикалық мектебінің түлектері (ШҚ академиясына түсушілер үшін);

      әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (ШҚ академиясына түсушілер үшін);

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша:

      үздік білімі туралы құжаттары (дипломы) бар адамдар;

      диплом қосымшасында (транскриптте) анағұрлым жоғары орташа балы бар адамдар басымдыққа ие болады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 31.05.2019 № 35/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Курсанттар құрамына қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі ҰҚО ЖОО бастықтарының бұйрықтарымен ресімделеді.


  Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау қағидаларына
1-қосымша

Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемшарттары

      1. Орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жоғары білімнің білім

      беру бағдарламалары бойынша ҰҚО ЖОО-ға оқуға түсетін адамдар үшін

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,2

14,8

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12.15

12.45

13.30


      2. ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға

      түсетін қызметкерлер (әскери қызметшілер) үшін

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (сек)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12.10

12.25

12.50


      3. ҰҚО ЖОО-ға жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру

      бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін

      Ерлер

      1-топ 25 жасқа дейін:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (сек)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12.10

12.25

12.50


      2-топ 25-30 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

14

12

8

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,5

15,3

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12.20

12.35

13.00


      3-топ 30-35 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

12

10

6

100 метрге жүгіру (сек)

14,8

15,4

16,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

14.0

14.45

15.30


      Әйелдер

      1-топ 25 жасқа дейін:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

34

30

26

100 метрге жүгіру (сек)

16,6

17,2

18,0

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4.00

4.15

4.35


      2-топ 25-30 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

30

26

22

100 метрге жүгіру (сек)

17,2

17,8

18,6

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4.20

4.40

5.10


      3-топ 30-35 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

26

22

18

100 метрге жүгіру (сек)

17,8

18,4

19,2

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4.40

4.55

5.30

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8211 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 23 қаңтарда № 24-25 (27298-27299) жарияланған).

      2. "Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 5 маусымда № 190-191 (27464-27465) жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11039 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады