Байланыс формасы

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 наурызда № 13364 болып тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрлігінің
2016 жылғы 2 ақпандағы     
№ 124 бұйрығымен бекітілген  

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 21-2) тармағына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әзірленген.
      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) білім беру ұйымдарын бағалау – бұл бағалау процесінің нәтижелері (білім беру ұйымы қызметі деңгейінің сандық және сапалық көрінісі);
      2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық немесе нормативтік актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;
      3) дескрипторлар – өлшемшарттарға қойылатын талаптардың сипаттамасы;
      4) салмақтық коэффициент – білім беру ұйымы қызметі бағытын бағалаудың өзге де өлшемшарттарымен салыстырғандағы өлшемшарттың мәнділігін анықтайтын көрсеткіш.
      3. Білім беру ұйымын бағалау нақты бағыттар бойынша оның қызметіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Бағыттарды бағалау кезінде 0,5-тен 2,5-ке дейінгі салмақтық коэффицентіне ие болатын өлшемшарттар пайдаланылады.
      4. Әрбір өлшемшарттарға «uzdik», «zhaqsy», «ortasha», «nashar» бағаларының біреуіне тиесілі болатын дескрипторлар әзірленген.
      Бағаға тиесілі балл:
      «uzdik» – 4;
      «zhaqsy» – 3;
      «ortasha» – 2;
      «nashar» – 1.
      5. Білім беру ұйымын бағалау мен нақты бағыттар бойынша баға тиісінше төмендегі формулалар арқылы есептеп шығарылады:

      мұндағы N – бағалар қосындысы және M – білім беру ұйымын бағалаулардың максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:

      мұндағы Ni – бағалар қосындысы және Mi – i-шы бағыт бағаларының максималды қосындысы тиісінше мынадай формулалар арқылы есептеп шығарылады:

      мұнда Р – i-шы бағыт бойынша j-шы өлшемнің бағасы, Рij= 1,... 4;
      kij – салмақтық коэффициент, kij= 0,5, …..2,5;
      i – бағыттың реттік саны, i=1,…6;
      j – өлшемнің реттік саны, j=1, …10.
      6. Бағаның пайыздық ара қатынасы төмендегідей анықталады:
      «uzdik» – 87-100 %;
      «zhaqsy» – 62-86 %;
      «ortasha» – 37-61 %;
      «nashar» – менее 36 %.
      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бағалау осы Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Білім беру ұйымдарын бағалауды Комиссия өткізеді және бекітеді.
      10. Комиссия құрамы, оның төрағасын қоса алғанда 3 адамнан кем болмауы тиіс. Білім беру ұйымының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады.
      11. Дауыс беру қорытындылары Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      12. Бағыттар мен өлшемшарттар бойынша білім беру ұйымын бағалау нәтижелері Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      13. Қорытынды Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 4-қосымшаға сәйкес әрбір бағыт және негізінен білім беру ұйымы бойынша жеке-жеке бағалау парағы түрінде ресімделеді.

Білім беру ұйымдарын 
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша      

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін
бағдарламарын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға
арналған өлшемшарттар мен дескрипторлар

Р/с

Бағыттар мен өлшемшарттар

Баға

Дескрипторлар

1

Басшылық және басқару сапасы

1.1

Іс-әрекетті талдау және өзіндік бағалау (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Іс-әрекеттің мазмұнын талдау – жүйелі мониторинг көрсеткіштерін қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметінің барлық бағыттарының баға сипаттамасына негізделеді және жалпылама қорытындыны қамтиды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымын дамыту бойынша қорытынды талдаудың объективті нәтижелеріне сүйенеді және дамыту бағдарламасының негізі болып табылады, онда ұжымның мақсат пен міндет қоюдан нәтижеге дейінгі іс-әрекеті қадағаланады. Өзіндік баға мектепке дейінгі білім беру ұйымының істері нақты жағдайымен үйлеседі және критерийлер мен дескрипторларға негізделеді.



zhaqsy

Іс-әрекеттің мазмұнын талдау – жүйелі мониторинг көрсеткіштерін қолдану арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметінің барлық бағыттарының баға сипаттамасына негізделеді. Қорытынды барлық бағыттар бойынша жалпылама сипатта емес және талдау нәтижелерімен арасында болмашы айырмашылығы бар, дегенмен олар дамудың негізгі бағдарламасы болып табылады, онда ұжымның мақсат пен міндет қоюдан нәтижеге дейінгі іс-әрекеті қадағаланады. Өзіндік баға мектепке дейінгі білім беру ұйымының істері нақты жағдайымен үйлеседі және критерийлер мен дескрипторларға негізделеді.



ortasha

Талдаудың туындау себептерін анықтамастан фактілер мен оқиғаларды констатациялау бетбұрысы бар. Мектепке дейінгі білім ұйымының қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу жүйесі жоқ. Қорытынды талдау нәтижелерімен сәйкеспейді. Өзіндік бағалау мектепке дейінгі білім ұйымындағы істердің нақты жағдайымен үйлеспейді және критерийлер мен дескрипторлар бойынша талдауға сүйенбейді.



nashar

Талдаудың туындау себептерін анықтамастан фактілер мен оқиғаларды констатациялау бетбұрысы бар. Мектепке дейінгі білім ұйымының қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу жүйесі жоқ. Қорытынды талдау нәтижелерімен толығымен сәйкеспейді. Өзіндік бағалау жоғарылатылған және мектепке дейінгі білім ұйымындағы істердің нақты жағдайын көрсетпейді. Өзіндік бағалау барысында критерийлер мен дескрипторлар бойынша талдау жүргізілмейді.

1.2

Стратегиялық даму мен ағымды қызметті жоспарлау (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теориялық негіздемесі мен ресурстар талдауы бар. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау мектепке дейінгі білім беру ұйымын стратегиялық дамыту міндеттерінің аясында жүргізіледі және индикативті көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Жоспарланған міндеттер мен іс-әрекет талдауының өзара байланысы, іс-шаралардың оларды шешуге бағытталуы анықталады.



zhaqsy

Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теориялық негіздемесі мен ресурстар талдауы бар. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау мектепке дейінгі білім беру ұйымын стратегиялық дамыту міндеттеріне толық сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарланған міндеттер мен іс-әрекет талдауының өзара байланысы анықталады. Жоспарланған іс-шаралар қойылған міндеттерді шешуге бағытталған.



ortasha

Даму стратегиясының жеткіліксіз қарастырылған теориялық негіздемесі бар, қойылған мақсат пен міндетке қол жеткізудің шынайылығына күмән туғызатын қолда бар қордың барлық кешені есепке алынбай белгіленген. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау кезінде мектепке дейінгі білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері есепке алынбайды. Міндетті қою – іс-әрекетті талдаудан туындайтын проблемалар есепке алынбай іске асырылады.



nashar

Даму стратегиясының қарастырылған теориялық негіздемесі жоқ, қойылған мақсат пен міндетке қол жеткізудің шынайылығына күмән туғызатын қолда бар қордың барлық кешені есепке алынбай құрылған. Ағымды іс-әрекетті жоспарлау – немқұрайды іске асырылады, мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекетін талдаудан туындаған проблемалар есепке алынбайды.

1.3

Функционалдық міндеттерді бөлу (салмақтық коэффициенті= 0,5)

uzdik

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби және жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі барлық іс-әрекеттер толық қамтылып объективті бөлінеді. Әкімшіліктің жөнге келтірілген және жүйелі іс-әрекеті байқалады, іс-әрекет бағыты бойынша ақпаратты толық меңгерген. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін жоғары деңгейде орындайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.



zhaqsy

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби және жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі барлық іс-әрекеттер толық қамтылып объективті бөлінеді. Әкімшіліктің жөнге келтірілген және жүйелі іс-әрекеті байқалады, іс-әрекет бағыты бойынша ақпаратты толық меңгерген. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін орындайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс ауық-ауық жүргізіледі.



ortasha

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің жеке мінездемелері есепке алынып, мектепке дейінгі іс-әрекеттің барлық бағыттары мен аспектілері толық қамтылмай бөлінеді. Өз іс-әрекетінің бағыты бойынша ақпаратты жеткіліксіз меңгергені байқалады. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін біледі, бірақ толық көлемде орындамайды. Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыс немқұрайды жүргізіледі.



nashar

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіби, жеке мінездемелері есепке алынбай бөлінеді; мектепке дейінгі білім беру ұйымы іс-әрекетпен толық қамтылмаған. Ұжымның әрбір мүшесі өзінің функционалдық міндетін біледі, бірақ ауық-ауық орындайды. Кадрлық резерв қалыптастырылмаған.

1.4

Кәсіби даму және педагогтарды уәждемелеу (салмақтық коэффициенті= 0,5)

uzdik

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі қолда бар әлеуетті мақсатты қолдануды және педагогтардың зерттеу мәдениетін белсенді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім ұйымы әдістемелік жаңашылдықты енгізу бойынша қатысушы болып табылады.Халықаралық әріптестік ұйымдастырылған. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуға және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Ментор мектебі нәтижелі қызмет етеді. Педагогтарды ынталандырудың механизмі әзірленген.



zhaqsy

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі қолда бар әлеуетті қолдануды және педагогтардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім ұйымы әдістемелік жаңашылдықты енгізу бойынша қатысушы болып табылады. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуға және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Педагогтардың өңірлік және республикалық деңгейдегі конкурстарда және жобаларға қатысуы. Ментор мектебі нәтижелі қызмет етеді. Еңбек нәтижелеріне байланысты ынталандыру жүйесі әзірленген.



ortasha

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі классикалық әдістеме бойынша ұйымдастырылған, бұл – педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етпейді. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі дәстүрлі және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша барлық міндеттер кешенін көрсете алмайды. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуларына және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалмаған. Ментор мектебі немқұрайды қызмет етеді. Педагогтарды ынталандыру ауық-ауық жүргізіледі.



nashar

Кәсіби дамудың балабақшаішілік жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрі дәстүрлі және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша барлық міндеттер кешенін көрсете алмайды. Педагогтарды өзіндік жетілдіру үшін өзіндік дамуларына және ақпараттық-білім ресурстарына қол жеткізу үшін жағдай жасалмаған. Ментор мектебі немқұрайды қызмет етеді. Педагогтарды ынталандыру ауық-ауық жүргізіледі.

1.5

Тәрбиенің және білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің сапасының мониторингісі және бағалануы (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Жүйелі мониторинг білім беру-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігінің көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады. Тиісті басқарушылық шешімдер объективті бағаланады және қабылданады. Алынған нәтижелер негізінде білім беру-тәрбиелеу үдерісіне түзетулер бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетін бағалаудың әзірленген және тиімді әрекет ететін рейтингтік жүйесі бар.



zhaqsy

Мерзімді мониторинг білім беру-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігінің көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады. Тиісті басқарушылық шешімдердің бағалануы мен қабылдануының объективтілігі қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру-тәрбиелеу үдерісін түзету бойынша белгілі бір жұмыс ұйымдастырылады. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетін бағалаудың әзірленген және тиімді әрекет ететін рейтингтік жүйесі бар.



ortasha

Мониторинг жүйесіз іске асырылады, білім беру-тәрбие үдерісінің жекеленген аспектілерін қамтиды. Бағалаудың объективтілігі қамтамасыз етілмейді және тиісті басқарушылық шешімдер қабылданбайды. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалаудың механизмдері жоқ.



nashar

Білім беру-тәрбиелеу үдерісінің мониторингі жоқ. Бағалаудың объективтілігі қамтамасыз етілмейді және басқарушылық шешімдер жоқ. Педагогтар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалаудың механизмдері жоқ.

1.6

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы моральдік-психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Басқарудың демократтық стилі байқалады. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін назарға алады. Еңбектің ұйымдастырылуының жоғары деңгейі байқалады. Жұмыс үшін жайлы жағдай жасалған. Ұжым қалауы есепке алына отырып, ұйым іс-әрекетінің циклограммасы әзірленген. Іскерлік ахуал басым, басшылықтың ұжыммен өзара әріптестігінің жоғары деңгейі байқалады, бұл – қызметкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелерімен расталған. Өндірістік шиеленістер жоқ.



zhaqsy

Басқарудың демократтық стилі үстем. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікіріне құлақ асады. Еңбектің ұйымдастырылуының жоғары деңгейі байқалады. Жұмыс үшін жайлы жағдай жасалған. Ұжым қалауы есепке алына отырып, ұйым іс-әрекетінің циклограммасы әзірленген. Іскерлік ахуал басым, басшылықтың ұжыммен өзара әріптестігінің жеткілікті жоғары деңгейі байқалады, бұл – қызметкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелерімен расталған. Өндірістік шиеленістер уақтылы шешіледі.



ortasha

Басқарудың авторитарлық стилі басым. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін есепке алмайды. Жұмыс үшін жеткілікті жайлы жағдай жасалмаған. Ұйым іс-әрекетінің циклограммасы ұжым қалауын есепке алмайды. Ұжымның психологиялық ахуалы тұрақсыз. Ұжымда жүзеге асырылатын іс-әрекеттің жекеленген аспектілері бойынша келіспеушіліктер бар. Өндірістік шиеленістер уақтылы шешіледі.



nashar

Басқарудың авторитарлық стилі. Әкімшілік ағымды істерді орындау барысында ұжымның пікірін назарға алмайды. Жұмыс үшін жеткілікті жайлы жағдай жасалмаған. Ұйым іс-әрекетінің циклограммасы ұжым қалауын есепке алмайды. Ұжымның психологиялық ахуалы барынша тұрақсыз. Ұжымда жүзеге асырылатын іс-әрекеттің жекеленген аспектілері бойынша маңызды келіспеушіліктер бар. Әкімшілік кейбір кезде өндірістік шиеленістерді өз бетімен шешуге қабілетсіз.

1.7

Заңнаманың ережелері мен нормативтік талаптарын сақтау (салмақтық коэффициенті =1,5)

uzdik

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелері мен талаптарын сақтайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес ресімделген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекеті білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенеді.



zhaqsy

Мектепке дейінгі білім беру ұймының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің ережелері мен талаптарын сақтайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс жоспарлары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес ресімделген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының іс-әрекеті білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенеді.



ortasha

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді біледі, бірақ ережелер мен талаптарды үнемі басшылыққа алмайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілерді құру барысында белгіленген талаптарда кемшіліктер жіберілген, бұл үдеріске және нәтижеге болмашы әсер етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға толығымен сәйкестенбейді.



nashar

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі мен ұжымы білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді біледі, бірақ ережелер мен талаптарды үнемі басшылыққа алмайды. Оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес. Бұйрықтар мен басқа ішкі актілерді құру барысында белгіленген талаптарда дөрекі қателіктер жіберілген, бұл үдеріске және нәтижеге ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметі білім саласы бойынша қолданыстағы заңнамалар бұзылып жүргізіледі.

1.8

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының ағымды қызметін ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктері айқын бөлінген. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін ішкі жергілікті актілерді ұтымды жоспарлау (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспардың орындалуы және қойылған міндеттерге қол жеткізілуі байқалады. Іс-әрекет жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылады. Жоспарланған іс-әрекетке шұғыл түрде жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі.



zhaqsy

Ағымды қызметті ұйымдастыруға және ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін ішкі жергілікті актілерді жоспарлауға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуінің болуы (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспарлардыңдың орындалуына уақтылы және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылады. Жағдайға байланысты жоспарланған іс-әрекетке шұғыл түрде түзетулер енгізіледі.



ortasha

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуі айқын емес. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлаушы құжаттамада нақтылық жоқ (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімдерінің негізделмеген бұзылыстары байқалады. Іс-әрекеттің уақтылы және сапалы орындалуына бақылаудың әлсіз ұйымдастырылуы байқалады. Қажетті түзетулер енгізу бойынша басқарушылық шеешімдер жоқ.



nashar

Ағымды қызметті ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың функционалдық өкілеттіліктерінің бөлінуі айқын емес. Ағымды қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлаушы құжаттамада нақтылық жоқ (қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмыс жоспарлары, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережелері, циклограммалар және т.б.). Іс-әрекеттің уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасалмайды. Қажетті түзетулер енгізу бойынша басқарушылық шеешімдер жоқ.

1.9

Ресурстарды пайдалану (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану. Ресурстарды тиімді пайдалануға жүйелі бақылау жүзеге асырылады. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет даму бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылады.



zhaqsy

Тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қолда бар ресурстарды пайдалану. Ресурстарды тиімді пайдалануға ауық-ауық бақылау жүзеге асырылады. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет даму бағдарламасы есепке алынбай жоспарлы түрде жүзеге асырылады.



ortasha

Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау немқұрайды сипатта және білім сапасын арттыру мақсатын есепке алмайды. Қолда бар ресурстарды сақтау және оны жаңарту бойынша іс-әрекет жүйесіз орындалады.



nashar

Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау немқұрайды сипатта және білім сапасын арттыру мақсатын есепке алмайды. Қолда бар ресурстарды сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Адами ресурстарды жүзеге асыру мектепке дейінгі білім ұйымын дамыту стратегиясында көрінбейді.

2.

Тәрбиелеу мен оқытудың сапасы

2.1

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы нақты білмдері(салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының туралы нақты білім мазмұнын меңгерген. Барлық білім беру салалары бойынша еркін бағдар жасай алады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру нәтижелерін ескере отырып, қойылатын талаптарды біледі, өзінің педагогикалық қызметінде негіз ретінде қолданады.




zhaqsy

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының туралы білім мазмұнын меңгерген. Барлық бағыттағы салалардың білім беру мазмұны бойынша бағытты жақсы біледі. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды біледі.



ortasha

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы білім мазмұнын меңгерген. Барлық салалардың білім беру мазмұны бойынша білу бағыты жеткіліксіз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды білмейді.



nashar

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары туралы білім мазмұнын нашар меңгерген. Барлық салалардың білім беру мазмұны бойынша бағыты жоқ. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру нәтижелерінің ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды білмейді.

2.2

Сабақты жүргізу әдістемесін игеру (салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектепке дейінгі педагогика саласында терең ғылыми білімді игереді. Берілген сала бойынша оқиғалардан, деректерден және жаңалықтардан хабардар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыра біледі. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері толық меңгерген. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияны тиімді пайдаланады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді сауатты жүзеге асырады. Ынтымақтастықтың түрлерін кеңінен пайдаланады (жұптық, үштік, топтық жұмыс т.б.). Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін арттыру үшін сабақтың мақсатына қарай икемділік танытып, проблемалық ахуал туғызады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыруда өзінің білімін пайдаланады.



zhaqsy

Мектепке дейінгі педагогика саласында терең ғылыми білімді игереді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыра біледі. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері меңгерген. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияны пайдаланады. Репродуктивті әдісті оқытуды қолданады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді жүзеге асырады. Ынтымақтастықтың түрлерін қоладнады (жұптық, үштік, топтық жұмыс т.б.). Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін арттыру үшін проблемалық ахуал туғызады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыруда өзінің білімін пайдаланады.



ortasha

Мектепке дейінгі педагогика саласында білімді жеткіліксіз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыруда білім әлсіз. Мектепке дейінгі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері меңгерген. Тәжірибеде дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін қолданады. Әрбір тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сараланған тәсілді жүзеге асырмайды. Тәрбиеленушілерге проблемалық ахуал туғызады, бірақ ойлау қызметін арттыруға толық пайдаланбайды.



nashar

Мектепке дейінгі педагогика саласы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің өмірі мен іс-әрекетінің негізгі принциптерін ұйымдастыру деңгейі төмен. Мектепке дейінгі оқытудың классикаық әдістемесін меңгереді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиыншылық туғызады. Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескермейді. Тәрбиеленушілерге ойлау қызметін арттыруда проблемалық ахуал туғызбайды.

2.3

Сабақтағы жағымды психологиялық ахуал (салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін жоғары деңгейде біледі және өз қызметінде пайдаланады. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін шебер ұйымдастырады. Қолайлы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай құру тәсілін меңгерген. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілін қолданады.



zhaqsy

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін біледі және өз қызметінде пайдаланады. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастырады. Қолайлы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай құру тәсілін меңгерген. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілін қолданады.



ortasha

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін біледі және өз қызметінде пайдаланбайды. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін мезгілінде қолданады. Шығармашылық жағдай құру тәсілін қолданбайды. Қарым-қатынастың демократиялық тәсілі басым.



nashar

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін нашар біледі. Барлық тілдік қатынасты дамыту негізінде тәрбиеші-тәрбиеленуші, тәрбиеленуші-тәрбиеленуші іс-әрекетін қолданбайды. Қарым-қатынастың авторитарлық тәсілі басым. Психологиялық ахуал туғызбайды.

2.4

Сабақты жоспарлау сапасы (салмақтық коэффициент = 0,5).

uzdik

Білім беру саласы бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған пәндер кешенді түрде нақты жоспарланады. Оқу-танымдық іс-әрекет түрін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің эмоционалдық сезімдік тәжірибелерін ескере отырып, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кезеңдерін мақсаты бойынша айқын тұжырымдайды. Тәрбиеленушілерді қызықтыруда сабаққа нақты мақсат қоя біледі, жоспар құрылмында жүйелілік сақталады. Әрбір кезеңге уақыт ұтымды жоспарланады. Қажет болған жағдайда түзету сабақтары өткізе біледі. Кері байланыс орнату мақсатында тәрбиеленушілерден әр кезең аяқталған соң рефлексивті оқу іс-әрекетін жоспарлайды.



zhaqsy

Білім беру саласы бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған пәндер кешенді түрде жоспарланады. Оқу-танымдық іс-әрекет түрін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің эмоционалдық сезімдік тәжірибелерін ескере отырып, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кезеңдерін мақсаты бойынша айқын тұжырымдайды. Тәрбиеленушілерді қызықтыруда сабаққа нақты мақсат қоя біледі, жоспар құрылмында жүйелілік сақталады. Әрбір кезеңді жоспарлауда уақытты ұтымды жоспарламайды, бірақ қажет болған жағдайда жоспарға түзету енгізіледі. Кері байланыс орнату мақсатында тәрбиеленушілерден әр кезең аяқталған соң рефлексивті оқу іс-әрекетін жоспарлайды.



ortasha

Білім беру саласы бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған пәндерді жоспарлайды. Оқу-танымдық іс-әрекет түрін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің эмоционалдық сезімдік тәжірибелерін ескере отырып, оқу материалдарының мазмұнын іріктейді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кезеңдерін мақсаты бойынша айқын тұжырымдайды бірақ әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсатын нақтыланбайды. Тәрбиеленушілерді қызықтыруда сабаққа нақты мақсат жоспарланбайды. Әрбір кезеңді жоспарлауда уақытты ұтымды жоспарламайды, қажет болған жағдайда жоспарға түзету енгізбейді. Тәрбиеленушілерден әр кезең аяқталған соң рефлексивті оқу іс-әрекетін жоспарланады, түзету жұмысын қарастрмайды.



nashar

Білім беру саласы бойынша құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған пәндерді жоспарламайды. Оқу-танымдық іс-әрекет түрін үйлестіруде жалпылама жоспарланады. Тәрбиеленушілердің эмоционалдық сезімдік тәжірибелерін ескере отырып, оқу материалдарының мазмұнын іріктеу жоспарланбайды. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кезеңдері мен жалпы мақсатын жоспарлауда қиындық тудырады. Әрбір кезеңді жоспарлауда уақытты ұтымды пайдаланбайды, қажет болған жағдайда жоспарға түзету енгізбейді. Кері байланыс орнату мақсатында тәрбиеленушілерден әр кезең аяқталған соң рефлексивті оқу іс-әрекетін жоспарламайды.

2.5

Кері байланысты ұйымдастыру және оқу-үрдісін басқару (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Әрбір тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктерімен қабілетін ескере оырып, оқу-тәрбие үрдісін шығармашылық негізде құрады. Қойылған мақсатқа сәйкес таным үрдісінде тәрбиеленушілердің назарын дұрыс аударта алады. Сабақ барысында әртүрлі ынталандыру әдіс тәсілдерді пайдалана біледі. Оқу әрекетінің талдау нәтижесінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Кері байланыс арқылы оқу екпінін шебер басқара отырады. Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне жоғары талапты қоя біледі.



zhaqsy

Әрбір тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктерімен қабілетін ескере оырып, оқу-тәрбие үрдісін шығармашылық негізде құрады. Қойылған мақсатқа сәйкес таным үрдісінде тәрбиеленушілердің назарын дұрыс аударта алады. Сабақ барысында әртүрлі ынталандыру әдіс тәсілдерді пайдалана біледі. Оқу әрекетінің талдау нәтижесінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Кері байланыс арқылы оқу екпінін шебер басқара отырады. Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне талаптың қажетті деңгейін қоя біледі.



ortasha

Әрбір тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктерімен қабілетін ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін шығармашылық негізде құрады. Таным үрдісі барысында тәрбиеленушілердің назарын дұрыс аударта алады. Ынталандырудың жекелеген әдіс тәсілдерін біледі. Оқу әрекетінің талдау нәтижесінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Кері байланыс арқылы оқу үрдісін басқара алмайды. Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне күтілетін талапты жеткілікті деңгейдің қояды.



nashar

Оқу үрдісін шығармашылық негізде құрмайды. Таным үрдісі барысында тәрбиеленушілердің назарын дұрыс аудара алмайды. Ынталандырудың әдіс тәсілдерін білмейді. Оқу әрекетінің талдау нәтижесінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізбейді. Кері байланыс арқылы оқу үрдісін реттей алмайды. Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне күтілетін талапты төмен деңгейде қояды.

2.6

Білім беру ресурстарын пайдалану (салмақтық коэффициент= 0,5)

uzdik

Сабақ барысында әртүрлі білім ресурстарын мақсатты пайдаланады және сол арқылы іс-әрекеттің мазмұнды және ынталандыру бөліктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі қиындық деңгейіндегі материалдарды тиімді пайдаланады.



zhaqsy

Сабақ барысында әртүрлі білім ресурстарын пайдаланады және сол арқылы іс-әрекеттің мазмұнды және ынталандыру бөліктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі қиындық деңгейіндегі материалдарды пайдаланады.



ortasha

Әртүрлі білім ресурстарын сабақтың кейбір бөліктерінде ғана пайдаланады және іс-әрекеттің мазмұнды және ынталандыру бөліктерін толыққанды қамтамасыз етпейді. Әртүрлі қиындық деңгейіндегі материалдарды сирек пайдаланады.



nashar

Пайдаланылған білім ресурстары әрекеттің мазмұнды және ынталандыру бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Әртүрлі деңгейдегі материалдар қолданбайды.

3.

Тәрбиленушілердің өмірлік іс-әрекетін сапалы ұйымдастыруы

3.1

Күн тәртібіндегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруы (салмақтық коэффициент=0,5)

uzdik

Балалардың қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, күн тәртібіндегі оқу-тәрбие үрдісін жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырады. Тәулік бойында тәртіп кезеңдеріндегі іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен өткізуде жүйелілік пен бірізділік ұстанымын нәтижелі қолданады. Балалардың өз ойын еркін жеткізуі үшін мінез-құлқында табиғилық пен еркіндікті сақтауда шығармашылық және қолайлы жағдайды жасайды. Педагогтың балалармен қарым- қатынасында еркін (демократиялық) стильді қолданады.



zhaqsy

Оқу-тәрбие үрдісін оңтайлы әдістемелік деңгейде ұйымдастырады (күн тәртібін сақтау, тәртіп кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу, балалардың қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу, ойын және жеке іс-әрекеттерін өткізу). Күн тәртібінің құрылымын, бірізділігін, тұтастығы мен аяқталуын сақтай отырып, жағдайға байланысты уақытылы түзетулер енгізеді. Келеңсіз жағдайларды уақытылы айқындап, дұрыс шеше алады.



ortasha

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда балалардың қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады, алайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемелік талаптарын үнемі сақтай бермейді.



nashar

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда қиналады. Тәртіп кезеңдерін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін нашар меңгерген, оқу-тәрбие кезеңдері аяқталмайды, олардың бірізділігі мен құрылымы бұзылған, тәртіп кезеңдерін өткізу қарқынының төмендігі байқалады, балалардың жеке және жас ерекшеліктері ескермейді.

3.2

Тәрбиеленушілердің валеологиялық мәдениетін қалыптастыру (салмақтық коэффициент = 1)

uzdik

Оқу-тәрбие үрдісі мен балалар іс-әрекетінің түрлерін басқаруды жоғары деңгейде меңгерген. Тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, балалар құзыреттілігін дамытуда тәрбиелеу мен оқытудың дамытушы әдістерін еркін игерген. Балалардың нәтижелі іс-әрекетін басқаруда және олардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруын жүзеге асыруын жоспарлап, болжам жасайды, болашақтарын болжап, шешім қабылдайды.



zhaqsy

Оқу-тәрбие үрдісінде балалар іс-әрекетінің түрлі формаларын ұйымдастыруды қолайлы дәрежеде меңгерген. Тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, балалар құзыреттілігін дамытуда тәрбиелеу мен оқытудың дамытушы әдістерін тиімді пайдаланады.



ortasha

Валеологиялық мәдениеттің, өзі-өзіне қызмет көрсету дағдыларының және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес этикет ережесінің төмен деңгейінің талаптарын қалыптастырады. Таңғы жаттығулар кемшіліктермен өткізіледі. Сауықтыру іс-шаралары қайталанып өткізіледі.



nashar

Валеологиялық мәдениеттің, өзі-өзіне қызмет көрсету дағдыларының және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес этикет ережесінің төмен деңгейінің талаптарын қалыптастырмайды. Таңертеңгілік гимнастика әдістемелік жағынан дұрыс өткізілмейді. Сауықтыру іс-шараларын өткізу теріс сипатқа ие.

3.3

Орталықтарда белсенділік қызметін ұйымдастыру (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Көпфункционалды ортаның өзіндік және бірлескен қызметті ұйымдастыруда ересек балалармен өзін-өзі көрсетуін, тәрбиеленушілердің әр түрлі мүдделері мен түрлі даму деңгейін қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әр түрлі нысандарын ескере отырып ұйымдастырады, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты пайдаланады. Тәрбиеленушілермен дидактикалық, дамытушылық, үстел-баспа ойындары, дене, әлеуметтік, танымдық, эстетикалық және шығармашылық тәрбиелеу және дамытуы бойынша ерекшеленеді және ықпал етеді. Орта компоненттерінің ұқсастық мазмұнын қалыптастырады. Сараланған әр түрлі уақытша режимін біріктіру үшін сауатты жүзеге асырады.



zhaqsy

Көпфункционалды ортаның өзіндік және бірлескен қызметті ұйымдастыруда ересек балалармен өзін-өзі көрсетуін, тәрбиеленушілердің әр түрлі мүдделері мен жекелеген даму деңгейін қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әр түрлі нысандарын ескере отырып ұйымдастырады, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты пайдаланады. Тәрбиеленушілермен дидактикалық, дамытушылық, үстел-баспа ойындары, дене, әлеуметтік, танымдық, эстетикалық және шығармашылық тәрбиелеу және дамытуы бойынша ықпал етеді. Орта компоненттерінің ұқсастық мазмұнын қалыптастырады. Әр түрлі уақытша режимін біріктіру үшін сауатты жүзеге асырады.



ortasha

Көпфункционалды ортаның өзіндік және бірлескен қызметті ұйымдастыруда ересек балалармен өзін-өзі көрсетуін, тәрбиеленушілердің әр түрлі мүдделері мен жекелеген даму деңгейіне мүмкіндіктері бар. Тәрбиеленушілердің әр түрлі нысандары ескерілмейді. Тәрбиеленушілерді олардың жас ерекшеліктеріне есепке алмағанда әр түрлі нысандарға байланысты ұйымдастыру пайдаланады. Әр түрлі уақытша режим қызмет түрлері сараланады.



nashar

Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін есепке ала отырып, дәстүрлі жиынтығы, дидактикалық және ойын материалдарының жабдықталу белсенділігі ерекшеленеді. Тәрбиеленушілердің топтық және фронталды ұйымдастыру формалары басым.

3.4

Серуендеуді ұйымдастыру (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Білімінің жүйелілігі, құрылымдық тұтастығы және серуен жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тәрбиеленушілердің маусымдылық белсенді қимыл іс-әрекеттерін ескере отырып ұйымдастырады. Серуендеу кезінде педагогикалық қажетті қосымша құрал-жабдықтар қызмет түрлерін пайдалану басшылыққа алынып жүргізуі анықталады. Тәрбиеленушілерідің жас ерекшеліктерін ескереді. Тәрбиеленушілерімен жан-жақты білім беру жұмыстары жеке жүргізіледі. Серуендеу ұзақтығы нормативтік талаптарға сәйкес келеді.



zhaqsy

Серуендеуді ұйымдастыру әдістемелік жағынан дұрыс. Серуендеуде білімінің жүйелілігі мен құрылымдық тұтастығы сақталады. Тәрбиеленушілермен қимыл іс-әрекеттерін ұйымдастыру кезінде маусымдылық әрдайым ескерілмейді. Педагогикалық қызметтің жекелеген түрлері бойынша қосымша қажетті құрал-жабдықтар пайдаланылады. Тәрбиеленушілерідің жас ерекшеліктерін ескереді. Серуендеу ұзақтығы нормативтік талаптарға сәйкес келеді.



ortasha

Серуенді ұйымдастыру әдістемелік жағынан дұрыс емес, құрылымдық тұтастық бұзылады. Педагогикалық басқару міндеті бойынша әр түрлі. Қосымша құрал-жабдықтарды пайдалануы жеткілікті емес. Тәрбиеленушілерідің жас ерекшеліктерінде жекелеген қызмет түрлері ескереді. Серуендеудің ұзақтығы нормативтік талаптарға сәйкес келмейді.



nashar

Серуендеуді жоспарлау нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Педагогикалық міндет анықталмайды. Тәрбиеленушілерідің жас ерекшеліктерінде жекелеген қызмет түрлері ескерілмейді, есепке алынбайды.

4.

Тәрбиеленушілердың нәтижелері

4.1

Құзыреттіліктерді игеру деңгейі (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Бес білімділік сала бойынша негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуының оңтайлы өсуі. Білім сапасы 75 % жоғары.



zhaqsy

Бес білімділік сала бойынша негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуының тұрақты өсуі. Білім сапасы 60 % жоғары.



ortasha

Бес білімділік саланың жекелеген пәндері бойынша негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуының тұрақты динамикасы. Білім сапасы 45 % жоғары.



nashar

Бес білімділік саланың барлық пәндері бойынша негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуының оңтайлы өсуінің болмауы. Білім сапасы 35 % төмен.

4.2

Интеллектуалдық сайыстарға, олимпиадаларға қатысу нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық интеллектуалдық олимпиадалар мен сайыстардың күндізгі және қашықтықтан өткізілген түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



zhaqsy

Тәрбиеленушілер аймақтық, облыстық интеллектуалдық олимпиадалар мен сайыстардың күндізгі және қашықтықтан өткізілген түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



ortasha

Тәрбиеленушілер қалалық интеллектуалдық олимпиадалар мен сайыстардың күндізгі және қашықтықтан өткізілген түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



nashar

Тәрбиеленушілер балабақшаішілік интеллектуалдық олимпиадалар мен сайыстардың қатысушылары.

4.3

Көркем шығармашылық, спорттық сайыстарға қатысу нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық деңгейдегі көркем шығармашылық сайыстардың күндізгі және сырттай түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары. Тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



zhaqsy

Тәрбиеленушілер аймақтық, облыстық деңгейдегі көркем шығармашылық сайыстардың күндізгі және сырттай түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары. Тәрбиеленушілер аймақтық және облыстық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



ortasha

Тәрбиеленушілер қалалық деңгейдегі көркем шығармашылық сайыстардың күндізгі және сырттай түрлерінің жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары. Тәрбиеленушілер аудандық, қалалық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары.



nashar

Тәрбиеленушілер балабақшаішілік спорттық, көркем шығармашылық сайыстардың менжарыстардың қатысушылары.

5.

Ресурстар

5.1

Ғимараттың жағдайы және қажетті жайларының болуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Типтік ғимарат. Ғимараттың инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес. Бөлмелерде жарық және ауа-жылыту режимі, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталады. Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге арналған арнайы жағдайлар жасалады. Жаңа технологиямен жабдықталған азық-түлік блогы бар. Спорттық және музыкалық зал, хауыз, ашық спорт алаңы, пәндік кабинеттер, жабдықталған медициналық кабинет бар.



zhaqsy

Типтік ғимарат. Ғимараттың инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес. Бөлмелерде жарық және ауа-жылыту режимі, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталады. Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге арналған арнайы жағдайлар жасалмайды. Жаңа технологиямен жабдықталған азық-түлік блогы бар. Спорттық және музыкалық зал, хауыз, ашық спорт алаңы, пәндік кабинеттер, жабдықталған медициналық кабинет бар.



ortasha

Типтік ғимарат немесе бейімделген. Ғимараттың инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес. Бөлмелерде жарық және ауа-жылыту режимі, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталады. Жабдықталған медициналық кабинеті бар. Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге арналған арнайы жағдайлар жасалмайды. Көне технологиямен жабдықталған азық-түлік блогы бар. Спорттық және музыкалық зал біріктірілген, пәндік кабинеттер жетіспейді.



nashar

Бейімделген ғимарат. Ғимараттың инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес. Бөлмелерде жарықтандыру және ауа-жылыту режимі, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталуы толық емес. Медициналық кабинетінің жабдықталуы жеткіліксіз. Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге арналған арнайы жағдайлар жасалмайды. Азық-түлік блогындағы жабдықтар ескірген. Спорттық және музыкалық залы жоқ, пәндік кабинеттер жоқ.

5.2

Материалдық-техникалық қамтылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Топтарға арналған кабинеттер, кабинеттер білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес қажетті жабдықтармен ерекшеленіп, бой көрсеткіштеріне байланысты соңғы үлгідегі модульді жиһаздармен жасақталған. Компьютерлер заманауи және жеткілікті мөлшерде әрі оқу-тәрбие үрдісіне қажетті басқа да оргтехникалар бар. Компьютерлер жоғары жылдамдықты Ғаламтор желісіне қосылған. Материалдық-техникалық және бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы жүзеге асуда.



zhaqsy

Топтарға арналған кабинеттер, кабинеттер білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес қажетті жабдықтармен ерекшеленіп, бой көрсеткіштеріне байланысты соңғы үлгідегі модульді жиһаздармен жасақталған. Компьютерлер жеткілікті мөлшерде әрі оқу-тәрбие үрдісіне қажетті басқа да оргтехникалар бар. Компьютерлер Ғаламтор желісіне қосылған. Материалдық-техникалық және бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы жүзеге асуда.



ortasha

Топтарға арналған кабинеттер, кабинеттердің білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес жабдықталуы жеткілікті деңгейде емес, бой көрсеткіштеріне байланысты соңғы үлгідегі модульді жиһаздармен жасақталуы толық емес. Компьютерлер ескі үлгіде, Ғаламтор желісіне бір компьютер қосылған. Материалдық-техникалық және бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы емес.



nashar

Топтарға арналған кабинеттерде және бөлмелерде қажетті мүліктер мен жиһаздар жеткіліксіз, сондай-ақ олардың бой көрсеткіштеріне сәйкестендірілуі толық емес. Топтар және кабинеттер білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес жасақталмаған. Ғаламтор желісі жоқ. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмейді.

5.3

Кітапхана қоры (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес барлық сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кітаптар қоры бар. Балалар энциклопедиясы, сөздіктер, ғылыми-танымдық, әдістемелік және балалардың көркем әдебиеті қағаз түрінде де, электронды түрінде де бар. Кітапханадағы кітаптар қоры жүйелі түрде жаңарып отырады. Мерзімді басылымдарға жазылған.



zhaqsy

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес барлық сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кітаптар қоры бар. Балалар энциклопедиясы, сөздіктер, ғылыми-танымдық, әдістемелік және балалардың көркем әдебиеті қағаз түрінде де, электронды түрінде де бар. Кітапханадағы кітаптар қоры жүйелі түрде жаңарып отырады. Мерзімді басылымдарға шектеулі жазылған.



ortasha

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес барлық сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кітаптар қоры бар. Оқу-әдістемелік және балаларға арналған көркем әдеби кітаптар қағаз түрінде де, электронды түрде де бар. Кітапханадағы кітаптар қорының жаңарып отыруы төмен. Мерзімді басылымдарға жазылу жеткіліксіз.



nashar

Барлық сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кітаптар қоры білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес. Оқу-әдістемелік және балаларға арналған көркем әдеби шығаралар қағаз түрінде де, электронды түрінде де аз жинақталған. Кітапханадағы кітаптар қоры тек оқулықтар арқылы ғана толықтырылады.

5.4

Педагогикалық кадрлармен және қосымша қызметкерлермен қамтамасыз ету (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Педагог кадрлармен және қосымша қызметкерлермен 100 % қамтамасыз етілген. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметі біліктіліктеріне толық сәйкес. Жоғары білімді педагогтердің үлесі 95 %-100 %. Жоғары санатты және бірінші санаттылар 50 % және одан көп. Педагогтердің уақытылы біліктілік арттыру курстарынан өтуі үлесі 100 %



zhaqsy

Педагог кадрлармен және қосымша қызметкерлермен 100 % қамтамасыз етілген. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметі біліктіліктеріне және білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес. Жоғары білімді педагогтердің үлесі 90 %. Жоғары санатты және бірінші санаттылар 30 % және одан көп. Педагогтердің уақытылы біліктілік арттыру курстарынан өтуі үлесі 90 %.



ortasha

Педагог кадрлармен және қосымша қызметкерлермен 100 % қамтамасыз етілген. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметі біліктіліктеріне және білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес. Жоғары білімді педагогтердің үлесі 80%. Жоғары санатты және бірінші санаттылар 20 % және одан көп. Педагогтердің уақытылы біліктілік арттыру курстарынан өтуі үлесі 80 %.



nashar

Педагог кадрлармен және қосымша қызметкерлермен қамтамасыз етілуі толық емес. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметі біліктіліктеріне және білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

6.

Тәрбиеленушілерді қолдау және оларға қамқорлық таныту

6.1

Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың қауіпсіз техникалық жағдайының, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тиісті органның қорытындысының болуы, оқу және техникалық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерінің талаптарына толық сәйкес болуы, жұмыс күні барысында әкмшіліктің кезекшілік ұйымдастыруы; тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиешілер мен басқа педагогтардың бірлескен жұмысы. Бейнебақылаудың болуы, бейнебақылау нәтижелері бойынша тез арада әрекет етуі, сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктің болуы, олардың жедел қаралуы және шешім қабылдануы.



zhaqsy

Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың қауіпсіз техникалық жағдайының, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тиісті органның қорытындысының болуы, оқу және техникалық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерінің талаптарына толық сәйкес болуы, жұмыс күні барысында әкмшіліктің кезекшілік ұйымдастыруы; тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиешілер мен басқа педагогтардың бірлескен жұмысындағы қателіктердің болуы. Бейнебақылаудың болуы, бейнебақылау нәтижелері бойынша тез арада әрекет етуі, сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктің болуы, олардың жедел қаралуы және шешім қабылдануы.



ortasha

Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың қауіпсіз техникалық жағдайының, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тиісті органның қорытындысының болуы, оқу және техникалық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерінің талаптарына толық сәйкес болуы, жұмыс күні барысында әкмшіліктің кезекшілік ұйымдастыруы; тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиешілер мен басқа педагогтардың келісілмеген әрекеттерінің орын алуы. Бейнебақылаудың болуы, бейнебақылау нәтижелері бойынша тез арада әрекет етуі, сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктің болуы, олардың жедел қаралуы және шешім қабылдануы.



nashar

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі тиісті органның нұсқамасының болуы, оқу және техникалық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес болмауы. Ғимараттың апаттық жағдайда екендігі туралы тиісті органның қорытындысының болуы. Әкімшіліктің кезекшілігінің басшы тарапынан қадағаланбауы, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиешілер мен басқа педагогтар ешкандай жұмыс атқармауы. Сенім телефоны және өтініштер мен ұсыныстар жәшігінің болмауы.

6.2

Денсаулықты қолдау (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Лицензияланған медициналық кабинеттің және физиокабинеттің болуы. Күн тәртібінің, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті кестесінің нормативтік құжаттарға толық сәйкестігі. Жарық және жылу тәртібінің талаптарының орындалуы. Денешынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасалған. Салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру мақсатында тиімді жұмыстар атқарылуда.



zhaqsy

Лицензияланған медициналық кабинеттің және физиокабинеттің болуы. Күн тәртібінің, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті кестесінің нормативтік құжаттарға толық сәйкестігі. Жарық және жылу тәртібінің талаптары орындалған. Денешынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасалған. Салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.



ortasha

Лицензияланған медициналық кабинеттің және физиокабинеттің болуы. Күн тәртібінің, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті кестесінің нормативтік құжаттарға толық сәйкестігі. Жарық және жылу тәртібінің талаптары орындалған. Денешынықтырумен шұғылдану үшін жағдай жасалған. Салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар мерзімді түрде жүргізіледі.



nashar

Лицензияланған медициналық кабинеттің болмауы. Күн тәртібінің, ұйымдастырылған оқу іс әрекеті кестесінің нормативтік құжаттарға сәйкес болмауы. Жарық және жылу тәртібінің талаптарының орындалмауы. Салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар формалды түрде жүргізілген.

6.3

Тәрбиеленушілердің жеке дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай орнату (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмыс бағытына сәйкес келеді. Пәндік-дамытушы орта баланың әр түрлі әрекет барысында өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес жеке білімділік траекториялар бойынша түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиеленушілердің сайыстарға, фестивальдарға қатысуына үнемі қолдау көрсетіледі. Педагогтар мен балалар арасында қолайлы ынтымақтастық жағдай қалыптасқан.



zhaqsy

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескере отырып жасалған мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмыс бағытына сәйкес келеді. Пәндік-дамытушы орта баланың жекелеген әрекет түрлерінде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес жеке білімділік траекториялар бойынша түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиеленушілердің сайыстарға, фестивальдарға қатысуына қолдау көрсетіледі. Педагогтар мен балалар арасында сенімділік ынтымақтастық жағдай қалыптасқан.



ortasha

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмыс бағытына сәйкес келеді, тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен қажеттіліктерін есепке алмай жасалған. Пәндік-дамытушы орта баланың жекелеген әрекеттер барысында өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес жеке білімділік траекториялар бойынша түзету-дамыту жұмыстары жүйесіз жүргізілген. Тәрбиеленушілердің сайыстарға, фестивальдарға қатысуына үнемі қолдау көрсетілмейді. Педагогтар мен балалар арасында сенімділік қарым-қатынас қалыптаспаған.



nashar

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмыс бағытына сәйкес келмейді, тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен қажеттіліктерін есепке алмай жасалған. Пәндік-дамытушы орта баланың өзін-өзі тануына мүмкіндік бермейді. Дамыту жұмыстары жүргізілмейді. Тәрбиеленушілер балабақшадан тыс өткізілетін спорттық, шығармашылық сайыстарға, іс шараларға қатыспайды. Педагогтар мен балалар арасында сенімділік қарым-қатынас қалыптаспаған.

6.5

Тәрбиеленушілерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмыс жасауы. Жоғары (төмен) мотивациялық тәрбиеленушілерді, «тәуекел топтағы» тәрбиеленушілерді, бейімделуі қиын тәрбиеленушілерді уақытылы анықтау жүйесінің болуы және оларға психологиялық қолдау көрсету.Түзету және алдын-алу жұмыстарында жүйеліліктің болуы. Тәрбиеленушілердің білімділік ортасының қолайлы даму динамикасы. Шиеленістің болмауы.



zhaqsy

Психологиялық қызметтің болуы. Жоғары (төмен) мотивациялық тәрбиеленушілерді, «тәуекел топтағы» тәрбиеленушілерді, бейімделуі қиын тәрбиеленушілерді анықтау жүйесінің болуы және оларға уақытылы психологиялық қолдау көрсету.Түзету және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру. Тәрбиеленушілердің білімділік ортасының қолайлы даму динамикасы. Жекелеген конфликтік жағдайлардын болуы және олардың оңтайлы шешілуі.



ortasha

Психологиялық қызметтің болуы. Жоғары (төмен) мотивациялық тәрбиеленушілерді, «тәуекел топтағы» тәрбиеленушілерді, бейімделуі қиын тәрбиеленушілерді анықтау жүйесінің болмауы.Түзету және алдын-алу жұмыстарын мерзімді түрде ұйымдастыру. Тәрбиеленушілердің психологиялық дамуынын оңтайлы өсу динамикасының болмауы. білімділік ортасының қолайлы даму динамикасы. Тәрбиеленушілердің психикалық әрекеттерінің тұрақсыз дамуы. Жекелеген конфликтік жағдайлардын болуы және олардың оңтайлы шешілуі. Шешімін таппаған шиеленістер орын алған.



nashar

Психологиялық қызметтің, «тәуекел топтағы» тәрбиеленушілерді анықтау, түзету, алдын-алу жұмыстарының жүйесінің болмауы. Шешімін таппаған шиеленістер орын алған.

6.6

Үйірме жұмыстары арқылы баланың тұлғалық дамуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Дамытылған үйірме жұмыстары жүйесінің болуы. Үйірме жұмыстарының мазмұны баланың тұлғалық дамуына бағытталуы. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігіне бақылау жүргізілуі. Тәрбиеленушілердің үйірме жұмыстарына қатысуын ынталандыру жүйесінің болуы. Түрлі іс шаралар мен сайыстардың ұйымдастырылуы және өткізілуі.



zhaqsy

Үйірме жұмыстары жүйесінің болуы. Үйірме жұмыстарының мазмұны баланың тұлғалық дамуына бағытталуы. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігіне бақылау мерзімді түрде жүргізіледі. Тәрбиеленушілердің үйірме жұмыстарына қатысуын ынталандыру жүйесі жасалған. Түрлі іс шаралар мен сайыстардың ұйымдастырылуы және өткізілуі тұрақты емес.



ortasha

Үйірме жұмыстары жүйесінің болуы. Үйірме жұмыстарын жоспарлау тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескермей жүргізіледі. Үйірме жұмыстарының мазмұны баланың тұлғалық дамуына бағытталмаған. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігіне бақылау жүргізілмейді.



nashar

Үйірме жұмыстары жүйесі жоқ.Үйірме жұмыстарын жоспарлау тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескермей жүргізіледі. Үйірме жұмыстарының мазмұны баланың тұлғалық дамуына бағытталмаған. Үйірме жұмыстарының нәтижелілігіне бақылау жүргізілмейді.

7

Ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл сапасы

7.1

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру ұйымдарындағы білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі өзара іс-қимылы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналар мен қоғамдастық мүшелері оқу-тәрбие үрдісін талдау негізіндегі қызметті стратегиялық жоспарлауға қатысады. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға арналған бірлескен қызметтің жоспары бар және жүзеге асырылады. Барлық мүдделі тараптардың уақытында және толық ақпараттандырылуы қамтамасыз етілген. Ұйымдағы білім беру үрдісіне ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың тартылуы жоғары деңгейде. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін ата-аналар мен жергілікті қоғамдастық біріккен іс-шараларды ұйымдастырады.



zhaqsy

Ата-аналар мен қоғамдастық мүшелері қызметті стратегиялық жоспарлауға қатысады. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға арналған бірлескен қызметтің жоспары бар және жүзеге асырылады. Барлық мүдделі тараптардың уақытында және толық ақпараттандырылуы қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін ата-аналар мен жергілікті қоғамдастық біріккен іс-шараларды уақытында ұйымдастырады.



ortasha

Ата-аналар мен қоғамдастық мүшелері қызметті стратегиялық жоспарлауға қатыспайды. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға арналған бірлескен қызметтің жоспары қағаз жүзінде бар. Ата-аналарды ақпараттандыру тұрақсыз. Ұйымдағы білім беру үрдісіне ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың тартылуы төмен. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін жекелеген ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың жекелеген мүшелері ғана қатысады.



nashar

Ата-аналар мен қоғамдастық мүшелері қызметті стратегиялық жоспарлауға қатыспайды. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға арналған бірлескен қызметтің жоспары жасалмаған. Ата-аналар кейде ақпараттандырылады. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың өзара іс-қимылы қағаз жүзінде ұйымдастырылған.

7.2

Ата-аналардың тәрбиеленушілердің тәрбиесіне қатысы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналар мектепке дейінгі білім беру ұйымының ішкі тәртібіне және Жарлығына сәйкес ережелерді толық орындайды. Олар тәрбиелеу үрдісінің толық қатысушысы. Ата-аналар – бірлескен шығармашылық жобалардың және байқаулардың, түрлі спорттық-бос уақыттық іс-шаралардың белсенді қатысушылары.



zhaqsy

Ата-аналар мектепке дейінгі білім беру ұйымының ішкі тәртібі мен Жарлығында анықталған ережелерді орындайды. Олар тәрбиелеу үрдісінің қатысушысы. Ата-аналар – бірлескен шығармашылық жобалардың және байқаулардың, түрлі спорттық-бос уақыттық іс-шаралардың қатысушылары.



ortasha

Ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру ұйымының ішкі тәртібі мен Жарлығында анықталған ережелерді орындауы толық емес. Ата-аналар бірлескен шығармашылық жобаларға және байқауларға, түрлі спорттық-бос уақыттық іс-шараларға кейбір кезде қатысады.



nashar

Ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру ұйымының ішкі тәртібі мен Жарлығында анықталған ережелерді орындауда кемшіліктер жібереді. Бірлескен шығармашылық жобаларға және байқауларға, түрлі спорттық-бос уақыттық іс-шараларға ата-аналар бірлі-жарым қатысады.

7.3

Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктері туралы ата-аналардың ақпараттандырылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналарды ақпараттандыру ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен үнемі жүзеге асырылады. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін толық көрсетеді. Сенім телефоны, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



zhaqsy

Ата-аналарды ақпараттандыру ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен мезгілінде жүзеге асырылады. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін толық көрсетеді. Сенім телефоны, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



ortasha

Ата-аналарды ақпараттандыру жұмысы күнделік арнау арқылы, ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүзеге асырылады, бірақ тұрақты емес. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін көрсете алмайды. Сенім телефоны жоқ, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



nashar

Ата-аналарды ақпараттандыру тек күнделік арнау арқылы және ата-налар жиналысында ғана жүзеге асырылады, бірақ уақытында емес. Сенім телефоны жоқ. Шағымдарға арналған сенім жәшігі де жоқ. Ұйымның интернет порталы оқушылардың оқу жетістіктерін көрсете алмайды.

7.4

Тәрбиеленушілердің оқу жетістіктері туралы ата-аналардың ақпараттандырылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналарды ақпараттандыру ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен үнемі жүзеге асырылады. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін толық көрсетеді. Сенім телефоны, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



zhaqsy

Ата-аналарды ақпараттандыру ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен мезгілінде жүзеге асырылады. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін толық көрсетеді. Сенім телефоны, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



ortasha

Ата-аналарды ақпараттандыру жұмысы күнделік арнау арқылы, ата-аналар жиналысында, жеке сөйлесуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет-порталдардың, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүзеге асырылады, бірақ тұрақты емес. Ұйымның интернет порталы тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін көрсете алмайды. Сенім телефоны жоқ, шағымдарға арналған сенім жәшігі бар.



nashar

Ата-аналарды ақпараттандыру тек күнделік арнау арқылы және ата-налар жиналысында ғана жүзеге асырылады, бірақ уақытында емес. Сенім телефоны жоқ. Шағымдарға арналған сенім жәшігі де жоқ. Ұйымның интернет порталы оқушылардың оқу жетістіктерін көрсете алмайды.

Білім беру ұйымдарын 
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша      

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттар мен дескрипторлар

р/с

Бағыттар мен өлшемшарттар

Баға

Дескрипторлар

1

Басшылық және басқару сапасы

1.1

Қызметіне талдау және өзін-өзі бағалау (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Қызметіне талдаудың мазмұны жүйелі мониторинг деректерін пайдалана отырып жүргізілетін білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша бағалау сипаттамаларына негізделген және талдап жинақталған тұжырымдарды қамтыған. Білім беру ұйымының дамуы бойынша тұжырымдар талдаудың шынайы нәтижелеріне сүйенген және мақсаттар мен міндеттерді қоюдан нәтижеге дейінгі ұжымның іс-әрекеті білінетін даму бағдарламасының негіздемесі болып табылады. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы істердің нақты жағдайымен үйлеседі және өлшемшарттар мен дескрипторларға негізделген.



zhaqsy

Қызметіне талдаудың мазмұны жүйелі мониторинг деректерін пайдалана отырып жүргізілетін білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша бағалау сипаттамаларына негізделген. Тұжырымдар барлық бағыттар бойынша талдап жинақтауды қамтымаған және талдау нәтижелерінен елеусіз айырмашылықтарға жол берген. Дегенмен, соған қарамастан тұжырымдар мақсаттар мен міндеттерді қоюдан нәтижеге дейінгі ұжымның іс-әрекеті білінетін даму бағдарламасының негіздемесі болып табылады. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы істердің нақты жағдайымен негізінде үйлеседі және өлшемшарттар мен дескрипторларға негізделген.



ortasha

Талдау фактілер мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтамастан, олардың орын алуына ғана бағытталған. Білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізу барысында жүйелілік жоқ. Тұжырымдар талдау нәтижелерінен өзгеше. Өзін-өзі бағалау білім беру ұйымындағы нақты жағдайдан алшақ және өлшемшарттар мен дескрипторлар бойынша талдауға сүйенбеген.



nashar

Талдау фактілер мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтамастан, олардың орын алуына ғана бағытталған. Білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттарына мониторинг жүргізілмеген. Тұжырымдар талдау нәтижелеріне толық сәйкес келмейді. Өзін-өзі бағалау көтермеленген және білім беру ұйымындағы нақты жағдайды көрсетпейді. Өзін-өзі бағалау барысында өлшемшарттар мен дескрипторлар бойынша талдау жүргізілмейді.

1.2

Миссияны түсінуі және стратегиялық дамуды жоспарлауы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Миссия анық түзілген, білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен жасақталған. Білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған және миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына мүмкіндік беретін теориялық негіздеме мен ресурстар талдауына ие. Педагогтардың, ата-аналар мен білім алушылардың миссияны түсінуі оны жүзеге асыруға қатысуынан көрінеді.



zhaqsy

Миссия ұжымның пікірі ескерілместен түзілген, бірақ білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілген. Даму стратегиясы сапа саясатын жүзеге асыруға бағытталған, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына мүмкіндік беретін теориялық негіздеме мен ресурстар талдауына ие. Педагогтар миссияны түсінеді, ал ата-аналар мен білім алушылар қолдау көрсетеді.



ortasha

Миссия әкімшілікпен түзілген және білім беру ұйымының даму перспективаларын қамтыған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілген. Даму стратегиясының теориялық негіздемесі жеткіліксіз, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына күмән тудыратындай бар ресурстардың барлық кешенін есепке алмай жасақталған. Білім беру процесінің барлық субъектілері тарапынан миссияны түсіну мен қолдау көрсетудің болмауы байқалады.



nashar

Миссия әкімшілікпен түзілген, білім беру ұйымының даму перспективалары қамтылмаған. Миссияның ұзақ мерзімді және тактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы қамтамасыз етілмеген. Даму стратегиясының тыңғылықты пысықталған теориялық негіздемесі жоқ, қойылған мақсаттар мен міндеттердің шындық тұрғысында болуына күмән тудыратындай бар ресурстардың барлық кешенін есепке алмай жасақталған. Ұжым мүшелері білім беру ұйымының миссиясын түсінбейді. Ата-аналар, білім алушылар, жұртшылық миссияның мазмұны туралы хабарсыз.

1.3

Функционалдық міндеттер бөлінісі және командалық жұмыс (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарын толық қамту ескеріле отырып бөлінеді. Қайталаудың болмауын, әкімшілік қызметінің реттілігі мен жүйелілігін, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты толық меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі және орындайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталады. Кадрлар резервімен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Меритократия принциптері сақталады.



zhaqsy

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарын толық қамту ескеріле отырып бөлінеді. Қайталаудың болмауын, әкімшілік қызметінің реттілігі мен жүйелілігін, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты толық меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі және орындайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталады. Кадрлар резервімен жұмыс ішінара жүргізіледі. Меритократия принциптері сақталмайды.



ortasha

Функционалдық міндеттер қызметкерлердің тек тұлғалық ерекшеліктері ескеріле отырып бөлінеді және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттары толық қамтылмайды. Қайталаудың болуын, бағыты бойынша жауапты қызметкердің жетекшілік ететін мәселелер туралы ақпаратты әлсіз меңгеруін атап көрсетуге болады. Ұжымның әрбір мүшесі өз міндеттері мен өкілеттіктерін біледі, бірақ олардың барлығы бірдей оны толық көлемде орындамайды. Әкімшілік мүшелерінің сабақтастығы және өзара алмастырылуы сақталмайды. Кадрлар резерві немқұрайлы жасақталған. Шешім қабылдау ұжым мүшелерінің пікірі ескерілместен жүргізіледі.



nashar

Функционалдық міндеттер немқұрайлы бөлінген, қызметкерлердің кәсіптік, тұлғалық ерекшеліктері ескерілмеген, білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттары толық қамтылмаған. Ұжым мүшелері өз міндеттері мен өкілеттіктерін білмейді және орындамайды. Әкімшілік өз қызметкерлерінің мүмкіндіктері мен қабілеттіктерін нашар біледі. Кадрлар резерві жасақталмаған. Әкімшілік шешім қабылдауда ұжым мүшелерінің пікірлерін зерттемейді және ескермейді.

1.4

Мұғалімдерді кәсіби дамыту және ынталандыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері бар әлеуеттің тиімді жұмсалуын және педагогтардың ізденіс мәдениетін белсенді түзілуін қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы әдістемелік жаңалықтарды ендіру бойынша жобалардың қатысушысы болып табылады. Халықаралық әріптестік ұйымдастырылған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке, шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндіктер жасалған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру деңгейі өте жоғары. Тәлімгерлік жүйесі нәтижелі жұмыс жасайды. Педагогтардың іс-әрекетін ынталандыру тетігі жасақталған.



zhaqsy

Мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері бар әлеуеттің жұмсалуын және педагогтардың ізденіс мәдениетін белсенді түзілуін қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымы әдістемелік жаңалықтарды ендіру бойынша жобалардың қатысушысы болып табылады. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке, шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндіктер жасалған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру бар. Тәлімгерлік жүйесі және еңбек өнімділігіне байланысты көтермелеудің икемді жүйесі нәтижелі жұмыс жасайды.



ortasha

Педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері дәстүрлі кейіпте және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша кешенді міндеттерді толық қамтымаған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке жасалған мүмкіндіктер педагогтармен пайдаланылмайды. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталану ұжымның жекелеген мүшелерінде ғана байқалады. Тәлімгерлік жүйесі немқұрайлы ұйымдастырылған. Моральдық және материалдық көтермелеу еңбек ету нәтижелеріне байланысты әрқалай.



nashar

Педагогтардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған мектепішілік кәсіби дамыту жүйесі жоқ. Әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері дәстүрлі кейіпте және педагогтардың кәсіби дамуы бойынша кешенді міндеттерді толық қамтымаған. Өз білімдерін көтеруге және ақпараттық-білімдік қорларға қолжетімділікке мүмкіндіктер жасалмаған. Өз білімдерін көтеру мен өзара әріптестікке ынталандыру жоқ. Тәлімгерлік жүйесі немқұрайлы ұйымдастырылған. Еңбек ету нәтижелеріне байланысты моральдық және материалдық көтермелеу жүргізілмейді.

1.5

Оқыту сапасын және білім беру қызметінің барлық аспектілерін мониторингтеу мен бағалау (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Жүйелі мониторинг білім беру процесінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігі көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру процесіне түзету енгізу бойынша жүйелі жұмыстар ұйымдастырылады. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекетін бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленген және тиімді жұмыс жасайды.



zhaqsy

Кезеңдік мониторинг білім беру процесінің барлық аспектілерін қамтиды, оның өнімділігі көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етіледі. Алынған нәтижелер негізінде білім беру процесіне түзету енгізу бойынша белгілі бір жұмыстар ұйымдастырылады. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекетін бағалаудың рейтингтік жүйесі әзірленген және тиімді жұмыс жасайды.



ortasha

Мониторинг жүйесіз жүргізіледі, білім беру процесінің кейбір аспектілерін ғана қамтиды. Бағалаудың шыншылдығы және тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдау қамтамасыз етілмейді. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалау тетіктері ойластырылмаған.



nashar

Білім беру процесін мониторингтеу жоқ. Бағалаудың шыншылдығы қамтамасыз етілмейді, басқарушылық шешімдер қабылданбайды. Педагогтар мен білім алушылардың іс-әрекеті мен жетістіктерін бағалау тетіктері ойластырылмаған.

1.6

Білім беру ұйымындағы моралдық-психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Басқарудың демократияшыл стилі байқалады. Әкімшілік шешім қабылдауда ұжымның пікірін ескереді. Ұжымның әрбір мүшесі өз көзқарасын еркін білдіре алады. Еңбекті жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалады. Ұжымның ұсыныстары мен шарттары есепке алына отырып ұйым қызметінің циклограммасы жасақталған. Іскерлік ахуалы басымдыққа ие, өзара әріптестік пен өзара көмек деңгейі жоғары, бұл педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен дәлелденген. Өндірістік келіспеушіліктер жоқ. Жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар қалыптастырылған.



zhaqsy

Басқарудың әкімшілік және демократияшыл стилдерінің үйлестігі байқалады. Әкімшілік ұжымның пікіріне құлақ асады, шығармашыл бастамашылдық қошталады. Еңбекті жоғары деңгейде ұйымдастыру байқалады. Ұйым қызметінің циклограммасы жасақталған. Іскерлік ахуалы басымдыққа ие. Өзара әріптестік пен өзара көмек деңгейі жоғары, бұл педагогтарға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен дәлелденген. Жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар қалыптастырылған. Келіспеушіліктер дер кезінде және әділ шешіледі.



ortasha

Басқарудың әміршілдік стилі басым. Ұйым қызметінің циклограммасын жасақтауда ұжымның пікірі ескерілмейді. Психологиялық ахуал тұрақсыз. Ұжым арасында қайшылықтар бар. Ұжым пікірінше жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар жасалмайды. Келіспеушіліктер дер кезінде және әділ шешіледі.



nashar

Басқарушылық әміршілдік стиль сипатында. Ұйым қызметінің циклограммасын жасақтауда ұжымның пікірі ескерілмейді. Ұжымда шиеленіскен моралдық-психологиялық ахуал қалыптасқан, қайшылықтар бар. Ұжым пікірінше жұмыс үшін ыңғайлы жағдайлар жасалмайды. Әкімшілік дүркін-дүркін орын алатын келіспеушіліктерді шешуге қауқарсыз.

1.7

Ережелер мен заңнамалардың нормативтік талаптарының сақталуы (салмақтық коэффициенті = 1,5)

uzdik

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтайды. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілер бекітілген талаптарға сәйкес жасалған. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға толық сәйкес келеді.



zhaqsy

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі және сақтайды. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптардан сәл ғана ауытқушылықтар бар, бірақ олар процеске және нәтижеге әсер етпейді. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға толық сәйкес келеді.



ortasha

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі, бірақ барлық уақытта басшылыққа ала бермейді. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптардан белгілі бір сәйкессіздіктер орын алған, олар процеске және нәтижеге болмашы әсер етеді. Білім беру ұйымы қызметінің білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуі жеткіліксіз.



nashar

Білім беру ұйымының әкімішілігі мен ұжымы білім саласындағы ережелерді және нормативтік-құқықтық актілер талаптарын біледі, бірақ барлық уақытта басшылыққа ала бермейді. Жұмыстық оқу жоспары және жұмыстық оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес емес. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілерді әзірлеуде бекітілген талаптарды өрескел бұзушылықтар орын алған, олар процеске және нәтижеге әсер етеді. Білім беру ұйымының қызметі білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкессіз жүргізілуде.

1.8

Мектептің ағымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ағымдық қызметті жоспарлау білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері аясында жүргізіледі және индикативтік көрсеткіштерге жетуге бағытталған. Жоспарланған міндеттер мен қызметке жүргізілген талдау, оларды шешудегі іс-шаралар бағыттылығы арасында өзара байланыс орнатылған. Жоспардың орындалуы мен қойылған міндеттердің шешілуі белгіленген. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылған. Туындаған жағдайларға байланысты жоспарланған іс-шараларға дер кезінде түзетулер енгізіледі.



zhaqsy

Ағымдық қызметті жоспарлау жалпы алғанда білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарланған міндеттер мен қызметке жүргізілген талдау арасында өзара байланыс орнатылған. Жоспарланған іс-шаралар қойылған міндеттерді шешуге бағытталған. Жоспардың орындалуы мен қойылған міндеттердің шешілуі белгіленген. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау ұйымдастырылған. Туындаған жағдайларға байланысты жоспарланған іс-шараларға дер кезінде түзетулер енгізіледі.



ortasha

Ағымдық қызметті жоспарлау кезінде білім беру ұйымының стратегиялық даму міндеттері ескерілмейді. Міндеттерді белгілеуде іс-әрекетті талдау барысында анықталған өзекті мәселелер ескерілмейді. Жоспарланған іс-шаралар негізсіз мерзімінде орындалмайтыны байқалады. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жеткіліксіз ұйымдастырылған. Қажетті түзетулерді енгізу бойынша басқарушылық шешімдер қабылданбайды.



nashar

Ағымдық қызметті жоспарлау қағаз жүзінде жүргізілген, білім беру ұйымының қызметін талдау барысында анықталған мәселелер ескерілмейді. Іс-әрекет жоспарының мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жүргізілмейді. Қажетті түзетулерді енгізу бойынша басқарушылық шешімдер қабылданбайды.

1.9

Ресурстардың пайдаланылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Қолда бар ресурстар білім беру сапасын көтеруге пайдаланылады. Ресурстарды тиімді пайдалануға жүйелі бақылау орнатылған. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар даму бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі.



zhaqsy

Қолда бар ресурстарды пайдалану білім беру сапасын көтеруге бағытталған. Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау арасында жүргізіледі. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар даму бағдарламасына сәйкессіз жоспарлы түрде жүргізіледі.



ortasha

Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау немқұрайлы жүргізіледі және білім сапасын көтеру міндеттері ескерілмейді. Қолда бар ресурстарды сақтау және жаңалау бойынша іс-шаралар жүйесіз жүргізіледі.



nashar

Ресурстарды тиімді пайдалануға бақылау немқұрайлы жүргізіледі және білім сапасын көтеру міндеттері ескерілмейді. Қолда бар ресурстарды сақтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Білім беру ұйымының даму стратегиясындағы адам ресурстарын жүзеге асырудың қайтарымы жоқ.

2

Білім беру сапасы

2.1

Пәнді жетік және нақты білуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Пәні бойынша энциклопедиялық, ғылыми жағынан терең білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді еркін меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алады. Берілген материалдарға зерттеу тұрғысынан қарай біледі. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыруда өз білімін қолдана біледі. Пікірталас ұйымдастыра, қолдай және дамыта алады. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алады. Өз пәнін жетік меңгерген.



zhaqsy

Пәні бойынша терең білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ұйымдастыруда өз білімін қолдана біледі. Пікірталас туындаған жағдайда қолдай алады. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алады. Пәнін сауатты меңгерген.



ortasha

Оқу бағдарламасы шеңберінде білімі бар. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді нашар меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар) сілтеме жасай алмайды. Материалды бергенде логиканы бұзады. Пәнішілік байланыстарда өз білімін қолдана біледі. Теориялық алған білімдерін практикалық қызметте қолдануына жағдай жасай алмайды. Пәнін нашар меңгерген.



nashar

Оқу бағдарламасы шеңберінде білімі төмен. Материалдың берілуінде қателіктер жібереді. Беретін пәні бойынша түрлі деректерді нашар меңгерген, деректерге (оқулық, оқу-әдістемелік кешен, медиа-құралдар, сандық білім беру қорлар және т.б.) сілтеме жасай алмайды. Пәнішілік байланыстарда өз білімін қолдана біледі. Жаңа материалды беру бірізділігі сақталмайды, оқушылардың білімдеріне сүйене алмайды. Пәнін меңгермеген.

2.2

Сабақты жоспарлау сапасы және оқу үрдісін басқаруы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Жүйеге сабақты жоспарлаудың жаңашылдық әдістерін енгізеді. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың әдістерін терең меңгерген. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып таңдайды. Сабақтың кезеңдері нақты жоспарланады. Сабақтың мақсатын қоюда оқушылардың қатысуын тиімді қамтамасыз етеді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын табады және бағалау тиімді жүргізіледі. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланады. Жағдайға байланысты сабақ барысына(жоспарына) түзету енгізе біледі. Сабақтың әр кезеңінің соңындағы оқушы қызметі нақты жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе біледі.



zhaqsy

Сабақты жоспарлаудың жаңашылдық әдістерін біледі. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың әдістерін жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып таңдайды. Сабақтың кезеңдері жоспарланады. Сабақтың мақсатын қоюда оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын табады және бағалау жүргізіледі. Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланады, сабақ барысына(жоспарына) түзету енгізе біледі. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе біледі.



ortasha

Сабақты жоспарлаудың заманауи әдістерін біледі. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруды біледі. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескеріліп таңдалмайды. Сабақтың кезеңдері жоспарланады, алайда нақты мақсат қойылмайды. Сабақтың мақсатын қоюда оқушыларды қатыстырады. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын таппайды және бағалау жүргізілмейді. Сабақтың кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылмайды, сабақ барысына (жоспарына) түзету енгізілмейді. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланады, оқушылардың материалды меңгеруі талданады, алайда олармен жүргізілетін түзету жұмыстары жүргізілмейді.



nashar

Сабақты жоспарлаудың заманауи әдістері, түрлері және бағалау туралы түсінігі ғана бар. Оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру әдістерін жоспарлайды. Оқу материалының мазмұнын оқушының дайындық деңгейін ескере отырып, таңдамайды. Сабақтың кезеңдерін жоспарлауда қиналады, нақты мақсат қоя білмейді. Сабақтың кезеңдері логикалық жалғасын таппайды және бағалау жүргізілмейді. Сабақтың кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылмайды, сабақ барысында(жоспарына) түзету енгізбейді. Сабақтың кезеңдерінің соңындағы оқушы қызметі жоспарланбайды, оқушылардың материалды меңгеруі және олармен жүргізілетін түзету жұмыстарын анықтау мақсатында оқушы жауабына талдау жүргізе білмейді.

2.3

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін қолдана біледі (жеке, топтық, ұжымдық). Ынтымақтастық жағдай қалыптастырады. Тиімді педагогикалық технологияларды үнемі қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді және жеке жұмыстар ұйымдастыра біледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін жоғары талап қоя біледі.



zhaqsy

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін қолдана біледі (жеке, топтық, ұжымдық). Ынтымақтастық жағдай қалыптастырады. Тиімді педагогикалық технологияларды қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді және жеке жұмыстар ұйымдастыра біледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға дамытушылық сұрақтар қояды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талап қоя біледі.



ortasha

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін біледі. Тиімді педагогикалық технологияларды қолданады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі, ескереді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға дамытушылық сұрақтар қояды. Ынтымақтастық ұйымдастыруға жағдай жасау білмейді. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талапты қоя білмейді.



nashar

Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін білу қиындық туғызады. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескермейді. Оқушылардың жеке қызметін ұйымдастырмайды. Ойлау қабілетін дамытуға жай ғана сұрақтар қояды. Ынтымақтастық ұйымдастыруға жағдай жасамайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін талап қоя білмейді.

2.4

Оқушыларды ынталандыру мен тарта білуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Сабақ барысында оның тақырыбына және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған (ізденушілік, жартылай ізденушілік, мәселелік, шығармашылық, зерттеушілік және т.б.) түрлі әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына үнемі жағдай жасайды. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуге мүмкіндік береді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданады. Ынталандырудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне барлық жағдай жасайды.



zhaqsy

Сабақ барысында оның тақырыбына және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған (ізденушілік, жартылай ізденушілік, мәселелік, шығармашылық, зерттеушілік және т.б.) әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына жағдай жасайды. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуге үйретеді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданады. Ынталандырудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне жағдай жасайды.



ortasha

Сабақ барысында оның тақырыбына, сабақ кезеңдеріне және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған әдістерді қолданады. Алған білімдерін практикада қолдануына үнемі жағдай жасай бермейді. Тақырып шеңберіндегі сұрақтарды қою және шеше білуіне мүмкіндік бермейді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданбайды. Ынталандырудың кейбір әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне жағдай жасамайды.



nashar

Сабақ барысында оның тақырыбына, сабақ кезеңдеріне және беріліп жатқан пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған бір сарынды әдістерді қолданады. Практикада алатын білімді ғана береді. Тақырып шеңберіндегі өздігінен сұрақтарды қою және шеше білуіне мүмкіндік бермейді. Бәсекелестік қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді қолданбайды. Ынталандырудың кейбір әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне бағыттамайды.

2.5

Әділ әрі нақты бағалай білу қабілеті (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Оқушылардың жеке жетістіктеріне үнемі мониторинг және талдау жасайды. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалатады, бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданады. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың түрлі әдістерін оқушыларды бағалау үшін қолданады. Оқушылардың деңгейін ескере отырып бақылау-бағалау материалдарын қолданады және жасақтайды.



zhaqsy

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасайды. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданады. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін оқушыларды бағалау үшін қолданады. Оқушылардың деңгейін ескере отырып, бақылау-бағалау материалдарын қолданады.



ortasha

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін қолданады. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырмайды. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін қолданады. Оқушылардың деңгейі ескерілмеген бақылау-бағалау материалдарын қолданады.



nashar

Оқушылардың жеке жетістіктеріне мониторинг және талдау жасамайды. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалау әдістері мен тәсілдерін сирек қолданады. Өлшемшарттық бағалау жүйесін жүзеге асырмайды. Материалды меңгеру бойынша ақпаратты жинақтаудың кейбір әдістерін қолданады. Оқушылардың жетістіктері бағаланбайды. Бағалау формальды жүзеге асырылады.

2.6

Кері байланыс орната білу қабілеті (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мұғалім оқушылардың назарын аудара біледі. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді және нақты жауап бере біледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізе алады және олардың білімін жетілдіру үшін нұсқаулар бере біледі. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс көмегімен оқыту қарқынынын бағдарлай алады.



zhaqsy

Мұғалім оқушылардың назарын аударады. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді, алайда нақты жауап берерде қиналады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізеді және олардың білімін жетілдіру үшін нұсқаулар береді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс көмегімен оқыту қарқынынын бағдарлайды.



ortasha

Мұғалім оқушылардың назарын аудару әдістерін меңгермеген. Оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінеді, алайда нақты жауап берерде қиналады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдай отырып, түзету жұмыстарын жүргізбейді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс орната білмейді.



nashar

Мұғалім оқушылардың назарын аудару әдістерін білмейді. Сабақты нақты түсіндірмегендіктен, оқушылар мұғалімнің қояр талабын түсінбейд. Мұғалім нақты жауап күтрейді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын талдап, түзету жұмыстарын жүргізбейді. Оқыту мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес. Әр оқушының жеке дамуына бағытталған кері байланыс жоқ.

2.7

Білім беру ресурстарының сауатты қолданылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде мақсатты қолданылады және олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялыққызмет компоненттері қалыптасады. Оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары тиімді енгізілген. Сабақта өздері жасаған түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.



zhaqsy

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде мақсатты қолданылады және олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері қалыптасады. Оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары енгізілген. Сабақта түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.



ortasha

Білім беру ресурстарының түрлері сабақ кезеңдерінде қолданылады, алайда олардың көмегімен оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері толық қалыптаспайды. Жекеленген оқушы қажеттілігін ескерудің әдістері, стратегиялары енгізілген. Сабақта түрлі деңгейдегі материалдар қолданылады.



nashar

Білім беру ресурстарының түрлері қолданылуы оқушыларда мазмұндық, мотивациялық қызмет компоненттері толық қалыптастырмайды. Оқушы қажеттілігін толық қанағаттандырмайтын стандартты әдістер, стратегиялар таңдалынады.

2.8

Үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінетіндігі жоспарланған. Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, алған білімі мен біліктілігін пайдалануға және өзі шешімін табуға, оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталған. Орындалу уақыты мен көлемі де ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі анықталған.



zhaqsy

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінеді. Тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, қиындығы ескерілген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі анықталған.



ortasha

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша үнемі нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінбейді. Тапсырмалар оқушылардың алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, жалпы түрде беріледі, қиындығы ескерілмеген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілген. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі қарастырылған.



nashar

Үй тапсырмасын жоспарлағанда орындау бойынша нұсқаулық өткізуге уақыт бөлінбейді. Тапсырмалар оқушылардың алған білімі мен біліктілігін пайдалануға бағытталған, жалпы түрде беріледі, қиындығы ескерілмеген, алайда оқушының даму деңгейін ескеріліп аналитикалық ойлау қызметінің дамуына бағытталмаған. Орындалу уақыты мен көлемі ескерілмейді. Үй тапсырмасын тексерілетіндігі қарастырылмаған.

2.9

Сабақтағы жағымды психологиялық ахуал (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алады. Ынтымақтастық принциптері негізінде оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастыра біледі. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады және шығармашыл орта қалыптастыру әдістері мен түрлерін біледі.



zhaqsy

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алады. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады. Педагогикалық қолдау әдістерін уақытында қолданады. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастырады.



ortasha

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясы бойынша білімін өз жұмысында қолданбайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырады. Педагогикалық қолдау әдістерін тұрақты қолданбайды. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасамайды. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасы ұйымдастырылмайды.



nashar

Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясы бойынша білімін өз жұмысында қолданбайды. Сабақта жағымды психологиялық ахуал жасамайды. Педагогикалық қолдау әдістерін қолданбайды. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасамайды. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын жүзеге асырылмайды.

2.10

Коммуникативтік дағдылар (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Қалыптасқан коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Бала аудиториясын меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертеді. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен эмоцианалды жағдайын ескеріп, қарым-қатынасқа үйрету. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі.



zhaqsy

Қалыптасқан коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Бала аудиториясын меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертеді. Оқушыларды қарым-қатынасқа үйретеді. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі.



ortasha

Коммуникативтік дағдыларды меңгерген. Педагогикалық тактыны сақтайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай біледі. Бала аудиториясымен қарым-қатынас әдістерін нашар меңгерген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертпейді және уақытында шешімін таппайды.



nashar

Коммуникативтік дағдыларды меңгермеген. Педагогикалық тактыны сақтамайды, өзінің эмоцияналдық жағдайын бақылай білмейді. Бала аудиториясымен қарым-қатынас әдістерін меңгермеген. Келіспеушіліктер орын алғандығын ескертпейді және уақытында шешімін таба алмайды.

3

Оқушылардың нәтижелері

3.1

Талдау жүргізу уақытындағы ішкі бағалау нәтижелері бойынша оқушылардың жетістіктерінің өсу динамикасы (салмақтық коэффициенті = 2)

uzdik

Білім беру ұйымында100 пайыз оқу үлгерімі мен 75 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі оң динамикаға ие.



zhaqsy

Білім беру ұйымында 95 пайыз оқу үлгерімі мен 60 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі оң немесе тұрақты динамикаға ие.



ortasha

Білім беру ұйымында 90 пайыз оқу үлгерімі мен 45 пайыз білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы кейбір пәндерден оқу жетістігі оң немесе тұрақты динамикаға ие.



nashar

Білім беру ұйымында 30 пайыздан төмен білім сапасы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндерден оқу жетістігі төмен динамикаға ие.

3.2

Сырттай бағалау нәтижелері (ҰБТ, ОЖСБ, TIMSS, PISA және т.б.) (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.



zhaqsy

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері облыстық, аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.



ortasha

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері аудандық (қалалық) көрсеткіштерден жоғары.



nashar

Білім беру ұйымының оқу жетістігін сырттай бағалау көрсеткіштері аудандық (қалалық) көрсеткіштерден төмен.

3.3

Тестілеу нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 89 %-100 %, ал «5» и «4» бағалардың үлесі – 50 % және одан жоғарына құрайды.



zhaqsy

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 75 %-88 %, ал «5» и «4» бағалардың үлесі – 30%-50 % құрайды.



ortasha

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 60 %-74 %, ал «5» и «4» бағалардың үлесі – 30% кем құрайды.



nashar

Бақылау сынағының қорытындысы бойынша барлық тестілеу жүргізілген пәндерден 60 % құрайды.

3.4

Зияткерлік конкурстар / байқаулар нәтижелері (салмақтық коэффициенті = 2,5)

uzdik

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар республикалық, халықаралық интеллектуальды байқаулардың жеңімпаздары, жүлдегерлері және қатысушылары болып табылады.



zhaqsy

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар облыстық, аудандық, қалалық интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері болып табылады.



ortasha

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар аудандық, қалалық интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың қатысушылары болып табылады.



nashar

Талдау жүргізілген уақыт ішінде оқушылар тек мектепішілік интеллектуальды байқаулар мен жарыстардың қатысушылары мен жүлдегерлері болып табылады.

3.5

Аталған білім беру ұйымында қосымша білім беру шараларының нәтижелері (спорттық, мәдени шығармашылық) (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Оқушылар халықаралық және республикалық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.



zhaqsy

Оқушылар облыстық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.



ortasha

Оқушылар аудандық және қалалық спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, лауреаттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.



nashar

Оқушылар мектепішілік спорттық, мәдени, шығармашылық шаралардың дипломанттары, лауреаттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

3.6

Бітірушілердің еңбекке орналасуы (мектеп бітіргеннен кейінгі олардың мекен-жайы) (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке ораналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 50 %. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың толық сәйкестігі.



zhaqsy

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 30 % бен 50 % аралығында. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың толық сәйкес еместігі.



ortasha

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналасуы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 30 %-дан төмен. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың кейбір сәйкестігі.



nashar

9 сынып оқушыларының толықтай оқуға немесе еңбекке орналаспауы. 11 сынып бітірушілерінің толықтай оқуға немесе еңбекке орналаспауы. 11 сынып түлектерінің гранттық және бюджеттік негізде (3 жыл және одан жоғары) орналасу көрсеткіші – 0 %. Орта жалпы білім беру деңгейіндегі профильдік оқыту және мамандық таңдаудың сәйкеспеуі.

3.7

Жеке тұлғаның дамуы (салмақтық коэффициенті = 1,5)

uzdik

Жеке тұлғаның барлық аспектілерінің дамуында (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша тұрақты оң динамиканың болуы.



zhaqsy

Жеке тұлғаның кейбір аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша оң динамикасының болуы. Басқа аспектілер бойынша динамика тұрақты.



ortasha

Жеке тұлғаның жекеленген аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша оң динамикасының болуы. Басқа аспектілер бойынша динамика тұрақты немесе теріс.



nashar

Жеке тұлғаның көптеген аспектілерінің дамуы (жүйелі-қызметтік аспект, жеке тұлғалық аспект, әлеуметтену) оқыту деңгейі бойынша теріс динамикасының болуы.

4

Ресурстар

4.1

Ғимарат жағдайы және қажетті үй-жайлардың болуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Типтік ғимарат. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған және отыратын орын саны жеткілікті асхананың болуы. Спорт залының болуы. Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы. Жабдықталған типтік мәжіліс залының болуы. Санитарлық ережелерге сәйкес келетін ішкі санитариялық тораптардың жұмыс істеуі.



zhaqsy

Типтік ғимарат. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдайлар жасалмаған. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған және отыратын орын саны жеткілікті асхана бар. Спорт залының болуы. Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы. Жабдықталған типтік мәжіліс залының болуы. Санитарлық ережелерге сәйкес келетін ішкі санитариялық тораптардың жұмыс істеуі.



ortasha

Ғимарат типтік немесе бейімделген. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді, бірақ оқу үрдісін ұйымдастыруға оқу кабинеттерінің саны жеткіліксіз. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері сақталған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдай жасалмаған. Ескірген технологиялық жабдықтарымен жабдықталған және отыратын орын саны жеткіліксіз асханасының болуы. Бейімделген спорт залы мен мәжіліс залының болуы. Медициналық кабинеттің болуы. Ішкі санитариялық тораптардың жоқ болуы.



nashar

Ғимарат бейімделген. Ғимарат инфрақұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді, оқу үрдісін ұйымдастыруға оқу кабинеттерінің саны жеткіліксіз. Үй-жайлардың жарықтық және ауа-жылулық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралар ережелері толық сақталмаған. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін барлық арнайы жағдай жасалмаған. Асхана, спорт және мәжіліс залдары, медициналық кабинетінің жоқ болуы. Ішкі санитариялық тораптардың жоқ болуы.

4.2

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Пәндік оқу кабинеттері заманауи жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен қамтылған. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы үнемі жүргізіледі. Кеңжолақты интернет бар.



zhaqsy

Пәндік оқу кабинеттері жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен қамтылған. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізіледі. Кеңжолақты интернет бар.



ortasha

Пәндік оқу кабинеттері жабдықтармен, бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһазбен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізілмейді. Интернетке жекелеген компьютерлер ғана қосылған.



nashar

Пәндік оқу кабинеттері, оқу шеберханалары, спорт залы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Бой-жас ерекшелігіне сәйкес жиһаздың жоқ болуы. Компьютерлік парктің жоспарлы жаңартылуы жүргізілмейді. Компьютерлер интернетке қосылмаған.

4.3

Кітапхана қоры (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы,оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қорының жүйелі түрде жаңартылуы. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылуы.



zhaqsy

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы,оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қорының мерзімді жаңартылуы. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылуы.



ortasha

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқыту тіліне қарай толық оқу кезеңіне арналған оқу әдебиеттері қорының болуы. Қағаз және электрондық нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиет қорының болуы. Кітапхана қоры тек оқу әдебиеттерімен толықтырылады.

Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылмаған.



nashar

Оқу әдебиетінің қоры оқушы контингентіне сәйкес емес, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқытудың толық кезеңіне немесе мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келмейді. Қағаз және электронды нұсқадағы ғылыми-көпшілік, әдістемелік және көркем әдебиеті қорыныңшамалы болуы. Кітапхана қоры тек оқу әдебиеттерімен толықтырылады. Орталықтандырылған ақпараттық ресурстарға қосылмаған.

4.4

Педагогикалық және қосымша қызметкерлермен кадрлық қамтамасыз ету (салмақтық коэффициенті = 1)

uzdik

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлардың педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына толық сәйкес келуі. Жоғары білімді педагогтар үлесі 95 % - 100 % Жоғары және бірінші біліктілік санатты 50 % және одан жоғары. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 100 %.



zhaqsy

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлар білім беру қызметін лицензиялау кезінде талап етілетін педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамасына және біліктілік талаптарына толық сәйкес келуі. Жоғары білімді педагогтардың үлесі 90 %-94 %. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 90 %-дан жоғары. Жоғары және бірінші біліктілік санатты 30 % -дан жоғары.



ortasha

Педагогикалық кадрлармен 100 % қамтамасыз етілген. Педагогикалық кадрлардың білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарына сәйкес келуі. Педагогикалық қызметкерлер лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкессіздіктердің бар болуы. Жоғары білімді педагогтардың үлесі 80 %-89 %. Біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өткен педагогтардың үлесі 80 %-дан жоғары.



nashar

Педагогикалық кадрлармен толық қамтылмаған. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптары мен педагогикалық кадрлардың лауазымдық сипаттамаларына білімі сәйкес келмейтін педагогикалық кадрлардың бар болуы.

5

Білім алушыларға қолдау мен қамқорлық

5.1

Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (салмақтық коэффициент = 0,5)

uzdik

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормаларына, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні туралы өкілетті органдардың қорытындысы болуы. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Проблемалық аймақтардың бейне бақылаумен қамтылуы, бейне бақылаудың белгісі бойынша шұғыл шараның болуы. Білім алушылар арасында өзара қауіпсіз қарым-қатынастар қалыптастыру бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мұғалімдердің, психологтың, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жүйелі және нәтижелі жұмыстарының болуы. Білім алушылардың үрейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжымның өнімді жұмысы. Балалар қозғалысы туралы ата-аналарға sms-хабарландырудың болуы. Сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы, олардың шұғыл түрде қаралуы және шараларының алынуы.



zhaqsy

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормаларына, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні туралы өкілетті органдардың қорытындысы. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Пробемалық аймақтардың бейне бақылаумен қамтылуы, бейне бақылаудың белгісі бойынша шұғыл шараның болуы. Білім алушылар арасында өзара қауіпсіз қарым-қатынастар қалыптастыру бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мұғалімдердің, психологтың, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жүйелі және нәтижелі жұмыстарының болуы. Білім алушылардың үрейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжым жұмысы ұйымдастырылады. Сенім телефонының жұмысы, өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы олардың шұғыл түрде қаралуы және шараларының алынуы.



ortasha

Оқу ғимараттың техникалық қауіпсіз жағдайы; өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкестігі туралы өкілетті органдардың қорытындысының болуы, оқу және техникалық құралдардың техникалық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмеуі. Білім алушылар мен мұғалімдердің және әкімшілік кезекшілігінің ұйымдастырылуы. Оқу үдерісі кезінде күзеттің болуы. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықты ескерту бойынша жұмыстары жүргізіледі, бірақ құқықбұзушылық бар. Білім алушылар арасындағы қауіпсіз қарым-қатынас қалыптастыру бойынша мұғалімдер, психолог, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторының бірлескен жұмыстары келісілмеген. Білім алушылардың үлейлілік деңгейін анықтау бойынша педагогикалық ұжымының жұмысы мерзімді жүргізіледі. Сенім телефонының және өтініштер мен ұсыныстар үшін жәшіктің болуы.



nashar

Оқу мен техникалық құрылғылар жағдайы қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейді, өртке қарсы қауіпсіздіктің бұзылуын жою туралы уәкілетті органның нұсқамасы бар. Ғимараттың апатты жағдайы туралы уәкілетті органдар қорытындысының болуы. Білім алушылардың, мұғалімдердің және әкімшіліктің кезекшілігі ұйымдастырылмайды. Күзет сабақтан тыс уақытта ғана ұйымдастырылады. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықты ескерту бойынша жұмыстары нәтижесіз болғандықтан құқық бұзушылық бар. Білім алушылар арасындағы қауіпсіз қарым – қатынастың қалытастыру бойынша мұғалімнің, психологтың, әлуметтік педагогтің және мектеп инспекторының бірлескен жұмыстары келісілмейді. Білім алушылардың үрейлілік анықтау бойынша педагогикалық ұжымның жұмысы жүргізілмейді. Сенім телефоны және ұсыныстар мен өтініштер үшін жәшіктің болмауы.

5.2

Денсаулық туралы қамқорлық (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Лицензияланған медициналық кабинеттің болуы. Білім алушылардың барлығына ыстық тамақ ұйымдастырылған, соның ішінде 1-4 класс оқушыларына және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлісіз тобының балалары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан артық емес. Сабақ кестесі және білім алу процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға толық сәйкес келеді. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі және нәтижелі жұмыс жүргізіледі. Үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік пен демалыс ұйымдастырылған, сонымен бірге спорттың ір түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар үнемі өткізіліп отырылуы.



zhaqsy

Лицензияланған медициналық кабинеттің болуы. Барлық білім алушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлісіз тобының балалары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан артық емес. Сабақ кестесі және білім алу процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға толық сәйкес келеді. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік пен демалыс ұйымдастырылған, сонымен бірге спорттың ір түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар үнемі өткізіліп отырылуы.



ortasha

Медициналық кабинеттің болуы. Барлық білім алушылар үшін ыстық тамақ және жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оқу сабақтары екі ауысымға ұйымдастырылған. Сабақ кестесі және білім беру процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес. Жарық және жылу беру тәртібінің талаптары сақталған. Салауатты өмір салтын қалптастыру бойынша жұмыстар мерзімді жүргізіледі. Спортпен шұғылдануға жағдай жасалғанымен, үлкен үзіліс кезінде психологиялық жеңілдік және демалыс ұйымдастырылмаған. Сабақ үстіндегі физиологиялық сергіту сәттерінің және сабаққа дейінгі жаттығулардың тұрақты өткізілмеуі.



nashar

Медициналық қызмет келісім шарт негізінде көрсетіледі. Жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін және барлық оқушыларға буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы екі ауысымнан асады. Сабақ кестесі және білім беру процесінің ұйымдастырылуы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейді. Жарық және жылу беру жүйелерінің талаптары сақталмаған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс немқұрайлы. Білім алушыларды спорт секцияларына қамту жеткіліксіз.Үлкен үзіліс кезіндегі демалыс пен психологиялық жеңілдік ұйымдастырылмаған. Сабақ уақытындағы физиологиялық сергіту сәттері мен сабаққа дейінгі жаттығулар өткізілмейді.

5.3

Білім алушылардың жеке дамуына бағытталған жағдай қалыптастыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялардың дамыған желісі, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары қызмет етеді. Балаларды жеке дамытудың мәдени орталықтары, қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты негізде ынтымақтастық іске асырылады. Спорттық, ғылыми, шығармашылық, техникалық одақ, бірлестіктерге және қоғамдастықтарға мектептің мүшелігі. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға және фестивалдарға қатысуы үшін үнемі қаржылық қолдау ұйымдастырылады. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптасқан.



zhaqsy

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялар, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары қызмет етеді. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтары, қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты негізде ынтымақтастық іске асырылады. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға және фестивалдарға қатысуы үшін тұрақсыз қаржылық қолдау ұйымдастырылады. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптасқан.



ortasha

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескерусіз іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылады. Секциялар, үйірмелер, қызығушылық бойынша клубтар, білім алушылардың ғылыми қоғамы ұйымдары мерзімдік ұйымдастырылады. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтарымен, қосымша білім беру ұйымдарымен мерзімдік ынтымақтастық іске асырылады. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға, фестивалдарға қатысуына қаржылық қолдау көрсетілмейді. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптаспаған.



nashar

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігіндегі сағаттардың бөлінуі білім алушылардың қажеттіліктерін ескерусіз іске асырылады. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін қолдау үшін қосымша материалдық-техникалық база жарақтандырылмайды. Секциялар, үйірмелер, қызығушылық бойынша клубтар жүйелі ұйыдастырылмайды. Балаларды жеке дамытуда мәдени орталықтарымен, қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың жоқ болуы. Білім алушылардың жарыстарға, конференцияларға, конкурстарға, фестивалдарға қатысуына қаржылық қолдау көрсетілмейді. Педагогтар мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен сенім атмосферасы қалыптаспаған.

5.4

Мектепте өзін-өзі басқаруды дамыту (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі жасалған және бірнеше жыл бойы тиімді жұмыс жасап келеді. Мектептің өзін-өзі басқару өкілдері білім беру ұйымы Кеңесіне дауыс беру құқығымен мүше болып енеді. Балалардың білім беру ұйымы өміріне тұрақты түрде қатысуы уәжделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының шешімі барлық оқушы үшін шынайы. Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысына материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі. Ұйымның белсенді мүшелері үшін тұрақты түрде көшбасшылық тренинг, семинарлар өткізіліп тұрады.



zhaqsy

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі жасалған және бірнеше жыл бойы тиімді жұмыс жасап келеді. Мектептің өзін-өзі басқару өкілдері білім беру ұйымы Кеңесіне дауыс беру құқығымен мүше болып енеді. Балалардың білім беру ұйымы өміріне мерзімдік қатысуы уәжделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының шешімі барлық оқушы үшін шынайы. Өзін-өзі басқару ұйымы жұмысына материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі. Ұйымның белсенді мүшелері үшін көшбасшылық тренинг, семинарлар өткізіліп тұрады.



ortasha

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі формальді түрде құрылған.Өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерін оқыту жүргізілмейді. Өзін-өзі басқару өкілдері дауыс беру құқығымен білім беру ұйымының Кеңесі құрамына енбейді. Сабақтан тыс және кластан тыс іс-шараларға оқушылардың қатысуы уәжделмейді. Өткізілген іс-шараларға материалдық-техникалық қолдау көрсетіледі.



nashar

Мектептің өзін-өзі басқару жүйесі қызмет етпейді. Класс ұжымы көшбасшыларын оқыту жүргізілмейді. Оқушы ұжымының өкілдері білім беру ұйымы Кеңесі мүшелігінің құрамына енбейді. Оқушылардың тек қана ойын-сауық шараларына қатысуы мұғалімнің бастамасымен ұйымдастырылады. Өткізілген шараларға материалдық-техникалық қолдау көрсетілмейді.

5.5

Білім алушыларды психологиялық және әлеуметтік қолдау (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің қызмет етуі. Түзету және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруда жүйенің болуы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының оң динамикасының тұрақты шамасы. Білім алушылардың тәуекел тобынан тұрақты азаю динамикасы. Білім алушылар арасында және білім алушылар мен мұғалім арасында кикілжің жағдаятының болмауы.



zhaqsy

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің қызмет етуі. Түзету және алдын алу жұмыстарын мерзімді ұйымдастыру. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының оң динамикасы. Тәуекел тобындағы білім алушылардың азаю динамикасы. Білім алушылар арасында кикілжің жағдаятының аздап орын алуы байқалады.



ortasha

Жедел психологиялық көмек көрсету қызметі және әлеуметтік-психологиялық түзету жүргізетін кабинеттің болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің болмауы.

Түзету және алдын алу жұмыстарының мерзімді болуы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуы динамикасының тұрақсыздығы. Тәуекел тобындағы оқушылардың тұрақсыз динамикасы. Оқушылар арасында шешілмейтін кикілжің жағдаятының орын алуы байқалады.



nashar

Психологиялық шұғыл көмек көрсету мен әлеуметтік-психологиялық түзету кабинетінің жоқ болуы. Жоғары уәжді тәуекел тобы балаларын, арнайы қажеттілігі, дамуында қиындықтар бар және бейімделу мен педагогикалық қолдауды қажет ететін категориядағы балаларды уақытылы анықтаудың өңделген жүйесінің болмауы. Түзету және алдын алу жұмыстар жүйесінің болмауы. Білім алушылардың психикалық үрдісі дамуының теріс динамикасы. Тәуекел тобындағы оқушылардың нашартеріс динамикасы. Білім алушылардың, мұғалім және білім алушылар арасындағы шешілмеген кикілжің жағдаятының орын алуы байқалады.

5.6

Сыныптан тыс шара арқылы білім алушының тұлға ретінде қалыптасуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Сыныптан тыс іс-шаралардың ұтымды және дамыған жүйесінің болуы. Сыныптан тыс шаралар нәтижелілігінің мониторингісін жүргізу. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Сыныптан тыс шараларға қатысу нәтижесі бойынша оқушыларды көтермелеу және оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу білім алушылар арқылы жүзеге асады.



zhaqsy

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесінің болуы. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді, негізінен, білім алушылардың өздері ұйымдастырады.



ortasha

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесінің болуы. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жас ерекшеліктерін ескермей жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны білім алушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталмаған. Жоспар құрылғанымен, сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі қызмет етпейді. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің жеке оқушыларды қатыстыруымен жүргізіледі.



nashar

Сыныптан тыс жұмыстар жүйесі жоқ. Оқыту деңгейі бойынша білім алушылар үшін дәстүрлі интеллектуалдық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесінің жас ерекшеліктерін ескермей жоспарлануы. Сыныптан тыс шаралардың мазмұны білім алушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталмаған. Сыныптан тыс шараларға оқушыларды ынталандыру жүйесі құрылмаған. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғаліммен жүргізіледі.

5.7

Кәсіби бағдар беру жұмысы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға байланысты диагностика жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес жүйелі мониторинг жүргізіледі. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болуы. Жоғары оқу орындары, колледждермен тұрақты түрде өзара әрекеттер ұйымдастырылады. Жүйеде өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылады.



zhaqsy

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға байланысты диагностика жүргізіледі. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі беріледі. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мерзімдік мониторинг жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болуы. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылады. Жүйеде өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар пайдаланылады.



ortasha

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жоспары оқушылардың жалпы орта білім деңгейіне сәйкес жасалған және енгізілген. Білім алушылардың кәсіби бейімділігін анықтау бойынша диагностикалау жүргізіледі. Білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтарға мамандық таңдау бойынша жүйелі түрде кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі берілмейді. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мониторинг жүргізілмейді. Ғылыми қоғамның барлық секцияларында аралас-құралас, жүйелі жұмыстың болмауы. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылмайды. Өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен жоспарланбаған кездесулер өткізіледі. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылмайды.



nashar

Білім алушылармен кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарының жоқ болуы. Оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтау диагностикасы жүргізілмейді. Ата-аналар, педагогтармен және білім алушылармен мамандық таңдау бойынша біржолғы кеңес беру ұйымдастырылады. Білім алушылар үшін жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытуды таңдау мүмкіндігі берілмейді. Білім беру ұйымында бағдарлы оқытуды таңдауға және сол мамандықты одан әрі таңдауына сәйкес мониторинг жүргізілмейді. Жоғары оқу орындары, колледждермен өзара әрекеттер ұйымдастырылмайды. Өндірістік мекемелерге экскурсиялар, түрлі мамандық өкілдерімен жоспарланбаған кездесулер өткізіледі. Кәсіби бағдар бойынша ақпараттық ресурстар тиімді пайдаланылмайды.

6

Ата-аналармен және жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл сапасы

6.1

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру ұйымдарындағы білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі өзара іс-қимылы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру процесін талдау негізге ала отырып, қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға жергілікті қоғамдастық пен ата-аналардың қатысуы. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметінің нақты жоспарының болуы және жүзеге асуы. Оқыту сапасын арттыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың белсене қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).



zhaqsy

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға жергілікті қоғамдастық пен ата-аналардың қатысуы. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспарының нақты болуы және жүзеге асуы. Оқыту сапасын арттыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың белсене қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).



ortasha

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар қатыспайды. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспары формалды. Білім беру ұйымдарының бастамасымен оқыту сапасын арттыру негізінде ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтардың ішінара қатысуы. (экскурсия, дәріс, пән бойынша қосымша сабақтар және тағы басқаларды ұйымдастыру).



nashar

Қызмет түрін стратегиялық жоспарлауға ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар қатыспайды. Білім беру ұйымдарының, ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру процесі сапасын арттыру мәселесіндегі бірлескен қызметі жоспары жоқ. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың өзара іс-қимылы формалды сипатқа ие.

6.2

Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтың білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу және білім алушылардың ынтасын көтеру мәселесі бойынша өзара іс-қимылы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды және балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастырады. Жергілікті қоғамдастықтар мен ата-аналар балаларды материалдық және моралдық тұрғысынан ынтыландыру жұмыстарын ұйымдастырып, оның жұмыс істеу жүйесін қалыптастыруға қатысады. Ата-аналар үнемі ата-аналар жиналысына қатысып, оларды ұйымдастыруға және өткізілуіне ат салысады.



zhaqsy

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды, бірақ балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылады. Жергілікті қоғамдастықтар мен ата-аналар балаларды материалдық және моралдық тұрғысынан ынтыландыру жұмыстарын ұйымдастырып, оның жұмыс істеу жүйесін қалыптастыруға қатысады. Ата-аналар үнемі ата-аналар жиналысына қатысып, оларды ұйымдастыруға және өткізілуіне ат салысады.



ortasha

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындайды, бірақ балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылады. Балалардың материалдық және моралдық ынталандыру жүйесі ата-аналардың пікірін ескере отырып, әкімшілікпен әзірленеді. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар білім алушылардың жетістіктерін марапаттауға қатысады. Ата-аналар тұрақты түрде ата-аналар жиналысына қатыспайды.



nashar

Ата-аналар білім беру ұйымдарының ішкі тәртібімен және Жарғымен айқындалған ережелерді толық орындамайды, балалардың тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етпейді. Білім алушылардың білім алудағы ынтасын көтеру мақсатында ата-аналар әңгімелесулер мен іс-шаралар ұйымдастыруға шақырылмайды. Балалардың материалдық және моралдық ынталандыру жүйесі ата-аналардың пікірін ескерместен әкімшілікпен әзірленеді. Ата-аналар мен жергілікті қоғамдастықтар білім алушылардың жетістіктерін марапаттауға қатыспайды. Ата-аналар тұрақты түрде ата-аналар жиналысына қатыспайды.

6.3

Ата-аналарды балаларының жетістіктері туралы ақпараттандыру (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Ата-аналарды хабардар ету сапалы тұрақты түрде күнделік жүргізу арқылы, ата-аналар жиналасында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істейді, арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетеді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді.



zhaqsy

Ата-аналарды хабардар ету мезгіл сайын күнделік жүргізу арқылы, ата-аналар жиналасында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істейді, арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетеді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді



ortasha

Ата-аналарды хабардар ету тұрақты түрде жүргізілмейдікүнделік, ата-аналар жиналысында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен, интернет порталы, сайт, көрнекі құралдар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істемейді. Арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетпейді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыруды қамтамасыз етеді



nashar

Ата-аналарды хабардар ету тұрақты түрде жүргізілмейді, күнделік және ата-аналар жиналысы арқылы жүзеге асады. Сенім телефоны жұмыс істемейді. Арыз шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылмаған. Мекеменің интернет порталы толығымен білім алушылардың оқу жетістігін көрсетпейді. Басшының блогына түскен өтініштерді уақтылы қарастыру қамтамасыз етілмеген.

6.4

Ата-аналар комитеті қызметінің ұйымдастырылуы (салмақтық коэффициенті = 0,5)

uzdik

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнатады. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысты және іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ету жұмыстарына белсене араласады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатысады. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына ат салысады. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіруде белсенді жұмыс атқарады.



zhaqsy

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнатады. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысты және іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатысады. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына ат салысады. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру жұмысын атқарады.



ortasha

Білім беру ұйымының ата-аналар комитеті әкімшілікпен, оқушылар кеңесімен және сыныптың ата-аналар комитетімен байланыс орнатылмаған. Ата-аналар комитеті білім беру ұйымының даму жоспарын жасақтау мәселесіне қатысады. Білім алушылардың қосымша білім алуы мақсатында вариативті сағаттарды бөлуге қатыспайды. Оқушылардың өзін-өзі басқару қызметіне және оның ұйымдастырылуына қатыспайды. Ата-аналар комитеті демеушілер іздестіруге және демеушілік қаражатты білім беру ұйымының қажеттілігіне қарай бөлуге қатысады. Бюджеттен тыс шығындарды бақылайды және жоспарлайды; қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру жұмысын атқарады.



nashar

Ата-аналар комитеті формалды түрде құрылған


Білім беру ұйымдарын 
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша      

Бағалау қорытындысы

_____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Р/с

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-ші немесе 2-қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша өлшемшарттар және бағыттардың атауы

өлшемшарттар және бағыттар бойынша баға

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына 1-ші немесе 2-қосымшаға сәйкес дескриптордың мазмұны

Білім беру ұйымына сәйкес дескриптордың мазмұны

1

2

3

4

5











Білім беру ұйымдарын 
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша      

Бағалау парағы

______________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Р/с

Өлшемшарттар мен бағыттардың атауы

Бал бойынша баға

Баға

1

Бағыт



2

Бағыт












Қорытынды баға



Білім беру ұйымын бағалау тұралы Комиссияның қорытындысы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Комиссияның төрағасы: ___________________________ Күні: __________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: __________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Комиссия мүшесі: ________________________________ Күні: __________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады