Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13377 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 125-ө өкімімен бекітілген "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілер тізбесінің 48-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ашық деректер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеде көрсетілген жауапты бөлімшелер ашық деректердің интернет-порталында ашық деректердің уақтылы орналастырылуын және өзектендірілуін қамтамасыз етсін.

      3. Ақпараттық технологиялар департаменті (Бәсібекова А.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      Ә. Исекешев _____________

      2016 жылғы 3 ақпан



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің ашық деректер тізбесі

р/с

Ашық деректердің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Орналастыруға жауапты бөлімше (басқарма)

1.

Қаржы ұйымдарының мөлшерлемелері мен тарифтері

1.1

Кредиттік өнімдер

Деректердің жаңартылуына қарай

Қаржылық қызметтерді тұтынушылырдың құқықтарын қорғау департаменті (Қаржылық сауаттылық басқармасы)

1.1.1

Автокредиттеу бағдарламасы

1.1.2

Ипотекалық кредиттеу бағдарламасы

1.1.3

Тұтынушылық кепілсіз кредиттеу бағдарламасы

1.2

Депозиттік өнімдер

1.2.1

Қазақстан Республикасы банктерінің депозиттік өнімдерінің бағдарламалары

2.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін талдау

2.1

Банк секторы

Ай сайын

Қаржылық қызметтерді тұтынушылырдың құқықтарын қорғау департаменті (Қаржылық сауаттылық басқармасы)

2.2

Сақтандыру секторы

2.3

Бағалы қағаздар нарығы

2.4

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

2.5

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

2.5.1

Микроқаржы ұйымдары

3.

Статистика

3.1

Ақша-кредит және банктік статистика

Ай сайын

Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Ақша-кредит статистикасы басқармасы)


3.1.1

Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері

3.1.2

Ақша агрегаттары

3.1.3

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша монетарлық шолу

3.1.4

Банктер бойынша монетарлық шолу

3.1.5

Банк жүйесі бойынша монетарлық шолу

3.1.6

Депозиттік емес қаржы ұйымдары бойынша шолу

3.1.7

Қаржы секторы бойынша шолу

3.2

Депозит нарығы

Ай сайын

3.2.1

Депозиттік ұйымдардағы депозиттер

3.2.2

Банктердегі ағымдағы шоттар, аймақтар бойынша

3.2.3

Банктер тартқан ағымдағы шоттар, аймақтар бойынша

3.2.4

Банктердегі салымдар, аймақтар бойынша

3.2.5

Банктер тартқан салымдар, аймақтар бойынша

3.2.6

Банктердегі салымдар (қалдықтар)

3.2.7

Тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері (орташа алынған)

3.3

Кредит нарығы

Ай сайын

3.3.1

Экономикаға берілген кредиттер

3.3.2

Шағын кәсіпкерлікке берілген кредиттер

3.3.3

Ауыл шаруашылығына берілген кредиттер

3.3.4

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке берілген кредиттер

3.4

Валюта нарығы

Ай сайын

3.4.1

Шетел валютасын сатып алу/сату

3.4.2

Биржадан тыс операциялар

3.4.3

Банкаралық кредиттер мен депозиттер нарығы

3.5

Валюталар бағамдары

Күн сайын

Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Ақша-кредит операциялары және алтынвалюта активтері басқармасы)

3.5.1

Валюталардың күн сайынғы ресми бағамдары

3.6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі

Өзгеруіне қарай

Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету басқармасы)

3.6.1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі

3.7

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі

Өзгеруіне қарай

3.8

Төлем жүйелерінің статистикасы

Ай сайын

Төлем жүйелерін дамыту және бақылау департаменті (Төлем жүйелерін қадағалау басқармасы)

3.8.1

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі

3.8.2

Банкаралық клиринг жүйесі

3.8.3

Төлем карточкалары және банк көрсететін электронды қызметтер

3.9

Төлем балансының статистикасы

Тоқсан сайын

Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Төлем балансы басқармасы)

3.9.1

Төлем балансы: талдамалық ұсыныс

3.10

Сыртқы сектор статистикасы

Тоқсан сайын

Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Халықаралық инвестициялар басқармасы)

3.10.1

Халықаралық инвестициялық позиция

3.10.1.1

Халықаралық инвестициялық позиция: стандарттық ұсыныс

3.10.2

Сыртқы борыш статистикасы

3.10.2.1

Сыртқы борыш: талдамалық ұсыныс

4.

Қаржы секторының жиынтық есептері

4.1

Банк секторы

Ай сайын

Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (қаржы ұйымдарының есептілігі басқармасы)

4.1.1

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері бойынша жиынтық баланс

4.1.2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы жиынтық есеп

4.2

Сақтандыру секторы

Ай сайын

4.2.1

Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша жиынтық бухгалтерлік баланс

4.2.2

Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бойынша пайда мен шығын туралы жиынтық есеп

4.3

Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары

Ай сайын

4.3.1

Инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық бухгалтерлік балансы

4.3.2

Брокерлердің және (немесе) дилерлердің жиынтық бухгалтерлік балансы

4.3.3

Инвестициялық портфельді басқарушылардың пайда мен шығын туралы жиынтық есебі

4.3.4

Брокерлердің және (немесе) дилерлердің пайда мен шығын туралы жиынтық есебі

4.4

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

Ай сайын

4.4.1

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық бухгалтерлік балансы

4.4.2

Ипотекалық ұйымдардың жиынтық бухгалтерлік балансы

4.4.3

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пайда мен шығын туралы жиынтық есебі

4.4.4

Ипотекалық ұйымдардың пайда және шығын туралы жиынтық есебі

4.5

Микроқаржы ұйымдары

Тоқсан сайын

4.5.1

Микроқаржы ұйымдары бойынша жиынтық бухгалтерлік баланс

4.5.2

Микроқаржы ұйымдары бойынша пайда мен шығын туралы жиынтық есеп

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

5.1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі

Жаңартылуына қарай

Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады