"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. "Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10551 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес оның біліктілігі мен кәсіптік даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Шетелдік адамдар (резидент еместер) осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2-1. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қондырғыны тікелей басқару, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету лауазымдық міндеттеріне кіретін мамандарды;
2) ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле шығару көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау, ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін ядролық қондырғының персоналын;
3) радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғы персоналын аттестаттауды өткізеді.
Заңның 21-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген персоналды атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар – жұмыс берушілер аттестаттайды.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы аттестаттау;
2) мерзімді аттестаттау;
3) кезектен тыс аттестаттау;
4) қайта аттестаттау.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды бастапқы аттестаттау жұмыскер лауазымға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде оқыс оқиғалар туындағанда – олардың туындауына жол берген адамдарға қатысты;
2) уәкілетті органның тексерулері нәтижесінде анықталған, ядролық және (немесе) радиациялық, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік талаптары, ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу талаптары бұзылғанда – бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты;
3) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
Қайта аттестаттау бастапқы немесе мерзімдік немесе кезектен тыс аттестаттау қорытындылары бойынша теріс нәтиже алған жағдайда тағайындалады.
Бастапқы немесе мерзімдік немесе кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері бойынша теріс нәтиже алған жеке тұлғалар осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бір реттен артық емес және бір айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға жіберіледі.
Заңның 21-бабының 6-тармағына сәйкес, егер жұмыскер бастапқы немесе мерзімдік немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша теріс нәтиже алған жағдайда, жұмыскер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қайта аттестаттау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Кезектен тыс аттестаттауды тағайындау мерзімді аттестаттау жүргізу мерзімдерін өзгертпейді.
6. Аттестаттауды өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) құрамы және ережесі бекітіледі.
Комиссияның құрамына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері енгізіледі.
Аттестаттауды өткізу кезінде ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және кемінде бес адамды құрайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссияның отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.
Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесі әңгімелесу өткізгенге дейін қалған комиссия мүшелерін туындаған мүдделер қақтығысы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Қалған комиссия мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:
1) мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесін комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру жолымен оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және ол мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;
2) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде комиссия құрамының өзара алмасуы жөніндегі бұйрыққа сәйкес комиссия құрамын қайта қарайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Аттестаттау тестілеу және әңгімелесу арқылы өткізіледі.
Әңгімелесу ядролық немесе ядролық материалдармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын радиациялық қондырғының бірінші басшысы, оның өндіріс (өндірістік және техникалық мәселелер) жөніндегі орынбасары, ядролық немесе радиациялық қондырғының бас инженері, ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік қызметінің (департаментінің, бөлімінің, басқармасының) басшысы үшін, радиациялық қауіпсіздік бойынша бақылауға жауапты адам үшін жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.8. Тест сұрақтарының тізбесін атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы әзірлейді және бекітеді және ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білу, сондай-ақ еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатындағы сұрақтарды қамтиды.
Бекітілген тест сұрақтарының тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптары бөлігінде, сондай-ақ сұрақтарды орынсыз қалыптастыру анықталған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Аттестатталатын адамдардың санаттары және оларға тест сұрақтары жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне және жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты анықталады.
Аттестатталатын адамдардың санаттары, сұрақтар саны, тест өтті деп тануға негіз болатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі, сондай-ақ тестілеу уақыты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткішімен анықталады.
10. Әңгімелесу барысында комиссия мүшелері аттестатталатын адамға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білуін тексеру, сондай-ақ жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатында сұрақтар қояды.
2-тарау. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізу тәртібі
11. Аттестаттаудан өту үшін аттестатталатын адам (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету үшін қажетті құжаттарды www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.13. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған, одан әрі қараудан дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды қарастырады, тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарламаны немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Аттестаттау құжаттарды тіркеген сәттен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тестілеу және әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар аттестаттау өткізген сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде комиссия хатшысында сақталады.
Тестілеу көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда өтеді.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде аттестаттауға жіберіледі.
Тестілеу уақытында көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір көмекші ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды.
Комиссияның хатшысы тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша комиссия хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібінің бұзылғаны туралы актіні ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.
Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейге тең не одан жоғары болса, онда компьютерлік бағдарлама көрсетілетін қызметті алушыға "тесттен өтті" деген тестілеудің оң нәтижесін мониторға шығарады.
Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейден төмен болса, онда компьютерлік бағдарлама "тесттен өтпеді" деген тестілеудің теріс нәтижесін мониторға шығарады және көрсетілетін қызметті алушы әңгімелесуге жіберілмейді.
Әңгімелесу сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға 10 сұрақ қойылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы 7 және одан көп сұраққа жауап берсе, әңгімелесуден өткен болып саналады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы 6 және одан аз сұраққа жауап берсе, әңгімелесуден өтпеген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Әңгімелесу және (немесе) тестілеу нәтижелері және тыңдау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды;
1) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
Комиссияның шешімін комиссия хатшысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының қорытындысы түрінде ресімдейді.
Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 4 (төрт) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған, атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) жібереді.
Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы комиссия қорытындысы жіберіледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарламада көрсетілген мерзімде аттестаттаудан өтуге дәлелсіз себеппен келмеген болса, онда аталған адам аттестаттаудың теріс нәтижесін алған болып саналады және комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.
Егер көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзімде аттестаттауға дәлелді себептер бойынша (науқастануы, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқуы) келмеген жағдайда және көрсетілетін қызметті алушының тарапынан туындаған дәлелді себеп және құжаттамалық растау туралы хабарлама жіберілген кезде мерзімді өткізу себебі болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті берушіге кезектен тыс аттестаттаудан өтуге өтініш жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы туындаған дәлелді себеп туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіге аттестаттауды өткізу мерзімі өтіп кеткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей еркін нысанда жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңіндегі мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында "Энергетика министрлігі" деген бөлімде орналастырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.18-1. Осы Қағидалардың 2-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Жұмысқа қабылданған адамдар лауазымға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастыратын аттестаттаудан өтеді. Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша аттестаттаудан өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
Осы Қағидалардың 2-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жұмыс берушінің бұйрығымен құрылатын, саны үш адамнан кем емес емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен мүшелерінен тұрады.
Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Емтихан комиссиясының жұмыс регламенті жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап (15) он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
25. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдана алады.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткіштері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
р/с № | Аттестатталатын адамдардың санаттары | Сұрақтар саны | Тестілеу уақыты, мин | Шекті деңгей, % |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін мамандар: | ||||
1. | Ядролық қондырғыны тікелей басқару | 50 | 75 | 70 |
2. | Радиациялық және (немесе) электрофизикалық қондырғыны тікелей басқару | 50 | 75 | 70 |
3. | Электрофизикалық қондырғыны тікелей басқару | 50 | 75 | 70 |
4. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 50 | 75 | 70 |
5. | Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 50 | 75 | 70 |
6. | Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін ядролық қондырғылардың персоналы: | ||||
7. | Ядролық, радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
8. | Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
9. | Иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
10. | Радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
11. | Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық қондырғылардың персоналы: | ||||
12. | Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
13. | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
14. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
15. | Уран кеніштерінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
16. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
17. | Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
18. | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
19. | Иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
20. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
21. | Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
22. | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
23. | Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
24. | Өзге иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
25. | Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды тасымалдау кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін электрофизикалық қондырғылардың персоналы | ||||
26. | Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
27. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
28. | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
29. | Иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
30. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
31. | Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
32. | Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың персоналы | ||||
33. | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
34. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
35. | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
36. | Иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
37. | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
38. | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
39. | Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау | 50 | 75 | 70 |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарын қабылдау және нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы комиссияның қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Өтініш
Мені атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды
бастапқы/мерзімді/қайта/кезектен тыс (керегін сызып қою) аттестаттауға жіберуіңізді
сұраймын.
1)________________________________________________________;
2) ________________________________________________________.
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен
ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және
өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
_____________________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
|
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт
201 _ жылғы "____" __________ ____ сағат ______ минут.
Мен, _____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген) бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларының 16-тармағын ______________________ бұзу фактісін
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
анықтадым.
________________________________________________________________________________
(бұзушылықты қысқаша сипаттау)
Актіні жасаған адамның қолы:______________________________________________________
Актімен таныстым: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының № қорытындысы
Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "__"______
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды
аттестаттаудан өткізу үшін қолданыстағы 20__ жылғы "__" __________ №___ бұйрық
негізінде жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы құрамында:
Kомиссия төрағасы:
___________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері:
___________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Тестілеу нәтижесін қарастырып
ШЕШТІ:
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)
біліктілігі мен кәсібі даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік
Осы куәлік Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Аттестаттау комиссиясының шешімімен
біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылған
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
_________________________________________________________________________ берілді.
Куәлік: ____ жылдың "__" _______ дейін жарамды
(мерзімі көрсетіледі)
Тіркеу нөмірі: №_______________
Берілген күні "__" _________20__ жыл
Басшы (уәкiлеттi тұлға) ____________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініш
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініш
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
№ _______ хаттама
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.