"Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 мамырда № 13754 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.05.2020 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 29 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2016 жылғы 26 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 237 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына № 8 қосымша

"Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

      Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы ақпарат қөрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі - шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі - жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттар қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) шетелде оқу конкурсына қатысу үшін:

      шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);

      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);

      бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK);

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);

      бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;

      бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;

      транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).

      Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;

      таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

      бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).

      2) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін өтініш;

      ұсыныс хаттар;

      дербес оқу жоспары;

      транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін);

      медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);

      шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының көшірмесі;

      академиялық ұтқырлық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

      үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.

      портал арқылы өтініш жасаған жағдайда:

      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжат нысандағы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін өтініші;

      ұсыныс хаттардың электрондық көшірмесі;

      дербес оқу жоспарының электрондық көшірмесі;

      транскрипттің электрондық көшірмесі;

      медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығушылар үшін);

      шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының электрондық көшірмесі;

      академиялық ұтқырлық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жіберілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

      үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісімінің электрондық көшірмесі.

      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қызмет беруші шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырылады.

      Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат қолжетімді болады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында және жоғары оқу орындарының порталдарында орналастырылған.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 немесе 8-800-080-7777.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін өтініш берген жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

  "Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының
сауалнамасы

3*4 сурет


1

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – аты-жөні)


2

Туған күні


3

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)


4

Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы, телефон нөмірі


5

Қазіргі тұратын мекен-жайы,

телефон нөмірі, электрондық поштасы


6

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы


7

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы


8

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы


9

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?

Қайда (ел)?

Оқу кезеңі.

Оқу орнының атауы,

оқу бағдарламасы

(бакалавриат, магистратура)


10

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер, өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)


11

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (мақалалардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің, авторлық куәлiктердің, рефераттардың, мақтау қағаздарының және т.б. көшірмелерін қоса беріңіз)



      12. Жақын туыстар туралы ақпарат (ата-анасы, аға-інілері,

      апа-сіңлілері, жұбайы, балалары, қамқоршылары және/немесе заңды

      өкілдері):

Туыстық дәрежесі

Аты-жөні, туған күні, айы, жылы

Жұмыс (оқу) орны, лауазымы,

жұмыс телефоны

Үйінің мекен-жайы,

индекс, телефон,

қала коды

Әкесі




Анасы




Аға-інілері




Апа-сіңлілері




Жұбайы




Балалары




Қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері





      13. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарындағы

      оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен-жайы

Бастау

Аяқтау




















14

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)


15

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?


16

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері:

нөмірі

кіммен берілді

қашан берілді


17

Оқуға баратын ел атауы


18

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық



      Қолы_____________________ Күні __________________

  "Шетелде, оның ішінде академиялық
ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

"Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу
конкурсына қатысу үшін өтініші

3*4 сурет

      20../20.. академиялық жыл

      Оқу бағыты................................

      Бұл нысан факспен жіберілген жағдайда жақсы көрінуі үшін қара түспен

      толтырылады

Жіберуші оқу орны

Атауы мен толық мекенжайы:

..............................................................

..............................................................

Департамент үйлестірушісінің аты-жөні (бар болған жағдайда), тел., факс, e-mail

..............................................................

..............................................................

..........................

Оқу орны үйлестірушісінің аты-жөні (бар болған жағдайда), тел., факс, e-mail

..............................................................

..............................................................

..............................................................


      Білім алушының жеке мәліметтері

      (білім алушы өзі толтырады)

Тегі:.......................

Туған жылы:..................

Жынысы:......................

Азаматтығы...................

Туған жері:..................

Қазіргі тұрғылықты жері:.....

.............................

.............................

.............................

.............. дейін жарамды:

Тел.:........................

Аты:...........................

Тұрақты мекенжайы (егер

ерекшеленетін болған

жағдайда):.....................

...............................

...............................

...............................

Тел............................


      Осы өтінімді алатын оқу орындар тізбесі (қалауларына қалай):

Оқу орны

Мемлекет

Оқу кезеңі

Келген мерзімі (айы)

Күтілетін кредиттерінің №

1...............

2...............

3...............

........

........

........

.....

.....

.....

.....

.....

.....

.......

.......

.......

.............

.............

.............

Білім алушының аты-жөні (бар болған жағдайда):

.............................................................

Жіберуші оқу орны:...........................

Мемлекет:.........................

Шетелде оқығыңыз келетін уәждерді қысқаша түсіндіріңіз

.......................................

.......................................

.......................................




      Тілдерді меңгеру

Ана тілі:.................Оқу орнындағы оқу тілі (егер ерекшеленген жағдайда):.......................................

Басқа тілдер

Қазір үйреніп жүрмін

Оқу үшін жеткілікті дағдыларым бар

Егер қосымша дайындықтан өтсем, айтарлықтай машықтанам


иә

жоқ

иә

жоқ

иә

жоқ


..........


.........


..........

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|

_

|_|


      Оқуға байланысты еңбек тәжірибесі (егер болған жағдайда)

Жұмыс істеу тәжірибесі

.................

.................

Фирма/ұйым

.................

.................

Уақыты

...........

...........

Мемлекеті

............

............


      Алдыңғы және ағымдағы оқуы

Қазіргі кезде оқып жатқан дипломы/дәрежесі.........................

Шетелге шыққанға дейін жоғары білім алған жылдары:..................

Шетелде болып па едіңіз? иә |_| жоқ |_|

Жауабыңыз иә болса, қай жерде және қандай оқу орнында?

......................................................

Алдыңғы және ағымдағы оқудың барлық мәліметтері сипатталған толық транскрипт тіркелген. Өтінім берген кезде жазылмаған мәліметтер кейінірек берілуі мүмкін.

Шетелде оқумен байланысты қосымша шығындарды өтеу үшін мобильдік бойынша грантқа тапсырғыңыз келе ме?

_ _

 иә |_| жоқ |_|

Қабылдаушы оқу орны

Оқу бағдарламасы ұсынған өтінім мен транскриптті алғанымызды мойындаймыз.

Аталған студент

_

|_|

_

|_|

Департамент үйлестірушісінің қолы.........................

Күні:........................

Біздің оқу орнымызға қабылданды

Біздің оқу орнымызға қабылданбады


Оқу орны үйлестірушісінің қолы/

................................



Күні............................


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады