"Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14025 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12022 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      вагон айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жолаушылар вагондарының жөнелту саны;

      жүк айналымы – тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;

      құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      мәлімделген вагон айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын вагон айналымы;

      мәлімделген жүк айналымы – тұтынушының және (немесе) концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланатын жүк айналымы;

      өтеу кестесі – тұтынушының және (немесе) концессионердің және Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер басшысының қолдарымен расталған магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының және концессионердің алдындағы берешегін өтеу кестесі;

      салалық мемлекеттік орган – уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда, тұтынушы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түрінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін пайдалануды, ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсететін Ұлттық теміржол компаниясына акцияларының бақылаушы пакеті тиесілі заңды тұлға;

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. мәлімделген вагон айналымы өткен жылдың тиісті кезеңіндегі нақты вагон айналымынан артады (сақтайды).

      Ескертпе:

      Вагон айналымы сақталған жағдайда, құзыретті органның вагон айналымын одан әрі ұлғайту мүмкін еместігі туралы қорытындысы ұсынылады;";

      7-тармақтың 7) тармақшасында екінші бөлік алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес, тұтынушы мәлімдеген маршруттар бойынша, тұтынушы өндірген өнімді, сондай-ақ оны өндіруге қажетті шикізатты тасымалдау кезінде УТК бекітіледі және магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне қолданылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті органның ведомствосы УТК бекітуді тұтынушының өтінімі бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес негіздеуші құжаттардың қосымшаларын қоса бере отырып, мынадай талаптарды сақтап жүргізеді:

      1) растаушы құжаттар қоса беріліп, негіздеуші құжаттардың әрбір парағына тұтынушының және (немесе) концессионердің бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер қол қояды;

      2) алдыңғы кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекіту сұратылған кезеңге УТК қолданудан болатын болжамды нәтижелер ұсынылады.

      Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) УТК бекітуге өтінім осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім берген жағдайда, 1 қосымшаның 1), 2), 3), 5), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен ақпарат ұсынылады.

      9. УТК бекітуге мүдделі тұтынушы осындай бекіту қажеттілігі туралы өтінімді уәкілетті органның ведомствосына төрт данада ұсынады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш берген жағдайда, өтінім уәкілетті органның ведомствосына екі данада ұсынылады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның ведомствосы өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімді қарауға алғаны (концессионердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне УТК бекітуге өтінім берілген жағдайда) өтінім даналарын Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға және құзыретті органға бір мезгілде жолдай отырып) немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартқаны туралы тұтынушыны, Ұлттық инфрақұрылым операторын (ол өтінім берген жағдайда) жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш берген жағдайда, өтінімнің бір данасы құзыретті органға жолданады.

      12. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органның ведомствосы қажет болған жағдайда тұтынушыдан, Ұлттық инфрақұрылым операторынан (ол өтінім берген жағдайда) қосымша ақпаратты сұратады.

      Тұтынушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы (ол өтінім берген жағдайда) сұраныс алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторына, тұтынушыға және (немесе) концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға және ол туралы жазбаша хабарлап УТК бекітуден бас тартады.

      13. Ұлттық инфрақұрылым операторы, концессионер, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органның ведомствосы мен тұтынушыға және (немесе) концессионерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы, салалық және құзыретті органдар өзінің қорытындысында тұтынушының өтініміне сүйене отырып, оның ішінде:

      1) УТК бекітудің орындылығын немесе орынсыздығын көрсетеді. УТК бекіту орынды болған жағдайда бекітілуі орынды деңгей көрсетіледі;

      2) тұтынушының өтініміне қарай кезеңдер (ай, не тоқсан, не жартыжылдық, не жыл) бөлінісінде жүктерді тасымалдау (жүк айналымы) көлемі немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау көлемі немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемі көрсетіледі;

      3) УТК ұсынылатын деңгейіне негіздеме – есепті қоса береді;

      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көзделген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы растайды (тұтынушы берген өтінімге қарай).

      Тұтынушы осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес өтінім берген жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында санамаланған талаптарға сәйкестігі және УТК қолдануды ескермей тасымалдау көлемін одан әрі арттырудың мүмкін еместігі туралы құзыретті органның растауы қажет.

      Егер, УТК бекітудің өлшемшарты осы Қағидалардың 7-тармағының 7) тармақшасында көзделген өлшемшарт болған жағдайда, салалық мемлекеттік органның және құзыретті органның қорытындыларына тұтынушы өнімін өндірудің өзіндік құнына және оны өткізуге тасымалдау құнының және УТК әсерін растайтын есептер, сондай-ақ:

      өтінім берген тұтынушы үшін УТК бекітудің тиімділігін бағалау, оның ішінде УТК қолдану нәтижесінде тасымалдау шығыстарының төмендеуіне байланысты тұтынушы шығындарының өзгерістерін салыстырмалы талдау;

      УТК бекітудің тиісті салаға әсер етуін;

      мемлекет үшін УТК бекіту тиімділігін;

      УТК бекітпеген жағдайда салдарын бағалау енгізіледі.

      Егер, салалық мемлекеттік орган және құзыретті орган бірыңғай мемлекеттік орган болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына бірыңғай қорытындысы ұсынылады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтінім берген жағдайда, УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органның ведомствосына құзыретті орган 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ұлттық инфрақұрылым операторы, салалық мемлекеттік орган, құзыретті орган ұсынған қорытындылардың негізінде, тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауға қабылдаған күнінен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторының, концессионердің, салалық мемлекеттік органның және құзыретті органның оң қорытындылары алынған жағдайда қабылданады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы және (немесе) концессионер, салалық мемлекеттік орган және құзыретті орган қорытындыларды осы Қағидалардың 13 тармағында көзделген мерзімде ұсынбаған жағдайда, тұтынушы мәлімдеген УТК шартымен және деңгейімен келісілген деп саналады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша УТК бекіту туралы шешімді қоспағанда, УТК бекіту туралы шешім тұтынушының өтініміне қарай, айлар, не тоқсан, не жартыжылдық бөлінісінде, не жалпы жыл бойынша жүктерді (жүк айналымын) немесе вагон айналымын тасымалдау көлемдерін немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемін көрсете отырып, Ұлттық инфрақұрылым операторының және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымы ескеріле отырып, қабылданады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. УТК бекіту туралы шешім уәкілетті органы ведомствосының басшысымен немесе оның міндетін атқарушымен қабылданады.

      УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторына, концессионерге, салалық мемлекеттік органға, құзыретті органға, тұтынушыға уәкілетті орган ведомствосының бұйрығы күшіне енген күнге дейін он күннен кешіктірмей жолданады.

      Ұлттық инфрақұрылым операторының өтінімі бойынша УТК бекіту туралы шешімді қоспағанда, жүктерді тасымалдау немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау кезінде УТК бекіту туралы шешімде тұтынушы берген өтінімге, Ұлттық инфрақұрылым операторының және құзыретті органның қорытындысында көрсетілген ұстанымына байланысты маршруттар (жүктерді тасымалдау бағыттары) бөлінісінде жүктерді тасымалдау (жүк айналымы) көлемдері немесе жолаушылар вагондарын тасымалдау (вагон айналымы) көлемдері немесе жыл бойынша жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүру көлемін көрсетіп кезеңдерге (ай, не тоқсан, не жартыжылдық, не жыл) бөлініп көрсетіледі.

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоспарланған уақыт кезеңінде жүк айналымын / вагон айналымы ұлғайту жағдайын қоспағанда, тұтынушы және (немесе) концессионер, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторы бас тарту туралы тиісті дәлелді қорытынды алынған өтінім бойынша осындай өтінімде көрсетілген уақыт мерзімі өткенге дейін өлшемшарт бойынша қайта өтінім бере алмайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес УТК бекіту үшін құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 7-тармақшаға сәйкес нысан бойынша УТК бекітудің орындылығы туралы қорытындыны қоса бере отырып, УТК бекіту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жолдайды.

      Құзыретті органның немесе жергілікті атқарушы органның УТК бекітудің орындылығы туралы қорытындысына мынадай құжаттар мен ақпарат қоса беріледі:

      1) УТК деңгейі көрсетілген Республикалық бюджеттік комиссия (не жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда - облыстық бюджеттік комиссияның шешімінің көшірмесі) шешімінің көшірмесі;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржолмен жолаушылар тасымалын субсидиялау туралы жасалған шарттардың көшірмелері, сондай-ақ негізгі шарттың (ұзартылған жағдайда), қолданысын ұзартуды көздейтін қосымша келісімдер.

      3) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына және 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылданған, құзыретті органның (жергілікті өкілетті органның шешімінің көшірмесі) әлеуметтік маңыз бар облысаралық (ауданаралық, қалааралық облыс ішіндегі және қала маңындағы) жолаушылар тізбесін айқындау (бекіту) туралы бұйрығының көшірмесі.

      4) Мәтін түріндегі түсіндірмені қоса бере отырып, әрбір маршрут бойынша оның сұратқан деңгейінің есебін қоса алғанда УТК бекітудің қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме (жергілікті атқарушы органмен ұсынылады).

      5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, жылдарға бөлінген, теміржол көлігімен жолаушылар вагондарының тасымалдау көрсеткіші.

      Қорытындыға қоса берілетін құжаттарды немесе ақпаратты толық көлемде ұсынбаған жағдайда, құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті орган ведомствосының сұратуы бойынша жетіспейтін құжаттарды және (немесе) ақпаратты уәкілетті орган ведомствосының сұранысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Құзыретті орган немесе жергілікті атқарушы орган жетіспейтін құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы сұратқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы құзыретті органмен жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар ете отырып өтінішті қабылдамайды.";

      мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "21-1. Осы Қағидалардың 21 тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, жергілікті атқарушы органның өтініші толық көлемде түскен жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, жергілікті атқарушы орган өтінішінің көшірмесін Ұлттық инфрақұрылым операторына жолдайды.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына УТК бекітудің орындылығы не орынсыздығы туралы қорытындыны ұсынады.

      21-2. Уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық инфрақұрылым операторы (жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда) ұсынған қорытындылардың негізінде, УТК бекіту туралы өтініш келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы осы Қағидалардың 21-1-тармағында көзделген мерзімде қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның өтінішімен, УТК шарттарымен және деңгейімен келіскен деп саналады.

      Жергілікті атқарушы органның УТК бекіту туралы шешімі Ұлттық инфрақұрылым операторының оң қорытындысын алған жағдайда қабылданады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезінде УТК құзыретті орган (жергілікті атқарушы орган) осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты ұсынған жағдайда Республикалық бюджеттік комиссия (не жергілікті атқарушы орган өтініш берген жағдайда облыстық бюджеттік комиссиясы) айқындаған мөлшерде бекітеді.

      УТК бекіту туралы шешім ол бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және УТК бекітілген жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда күшінде болады.

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезіндегі УТК бекіту туралы шешім Ұлттық инфрақұрылым операторына және құзыретті органға жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Осы Қағидалардың 24-25-тармақтарының ережелері, осы Қағидалардың 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған өтінішке қолданылмайды.";

      Қағиданың 4-қосымшасында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескере отырып, мәлімделген жүк айналымын (вагон айналымын) орындаудың кезеңділігі:

      (айлар, не тоқсан, не жартыжылдық, не тұтас жыл бойынша тасымалдау кезеңділігін көрсетіп тұтынушы толтырады.)";

      Қағиданың 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағиданың 3-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қағида 6 және

      7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы "___" __________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
1-қосымша
  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көрсеткіштері

Р/С №

Жүк атауы, код БТСЖН

Жөнелту станциясы (республикалық қатынас үшін)/ Өткізу станциясы (халықаралық қатынас үшін)

Межелі станция (республикалық қатынастар үшін)/ өткізу станциясы (халықаралық қатынас үшін)

Тасымалау қашықтығы (жөнелту станциясынан /өткізу станциясынан межелі/өткізу станцияға дейін, км

Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф, теңге

Жүктерді тасымалдау/ жүкайналымының көрсеткіштер

жүктерді тасымалдау көлемдері/ жүкайналымы айлар бөлінісінде және жыл ішінде барлығы*

қаңтар

ақпан

желтоқсан

Жыл ішіндегі жиыны

Республикалық қатынас







көлемі мың. т







жүкайналымы, мың тонна км







Халықаралық (экспорттық, импорттық) қатынас







көлемі мың. т







жүкайналымы, мың тонна км







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
2-қосымша
  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Жолаушылар вагондарын теміржол көлігімен тасымалдау
Көрсеткіштері

р/н №

Поезд нөмрі

Маршрут

Құрамдағы вагондардың орташа саны

Жол жүру кезеңділіг

Вагондар жүрісі, мың ваг-км

Жөнелту станциясы

Межелі станциясы

Тасымалдау қашықтығы (жөнелту станцясынан межелі станцияға дейін), км

Тасымалдауға тариф, теңге

Вагон түрі

Вагон айналымы бойынша

Жыл бойынша жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
3-қосымша
  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 6-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітудің мақсаттылығы/мақсатсыздығы туралы
қорытынды

      1. Өтініш беруші: Ұлттық инфрақұрылым операторы

      2. бекітуге ұсынған, уақытша төмендету коэффициенттің деңгейі:

      _____________________________________________________________________

      3. уақытша төмендету коэффициентің белгіленуі ұсынылып отырған

      тасымалдау (маршруты) бағыты: _______________________________________

      4. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту орындылығының негіздемесі

      (Бағада бұдан басқа Қағидалардың 7 және 13-тармақтарында көзделген

      негіздеме (растау) беріледі)_________________________________________

      5. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асыратын салаға уақытша

      төмендету коэффициентін бекітудің әсерін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      6. Мемлекет үшін уақытша төмендету коэффициентін бекітудің

      тиімділігін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      7. Уақытша төмендету коэффициентін бекітпеу жағдайындағы салдарды

      бағалау: (бағалау құзыретті органмен жүргізіледі)

      _____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 292 бұйрығына
4-қосымша
  Магистральдық теміржол желісінің және
концессия шарттары бойынша теміржол
көлігінің объектілері бар теміржолдардың
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне
(бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
қағидаларына 7-қосымша

      нысан

Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары
бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету
коэффициентін бекітудің орындылығы/орынсыздығы туралы құзыретті
органның (жергілікті атқарушы органның) қорытындысы

      1. Әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша жолаушылар

      тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының атауы __________________

      2. Поезд нөмірі көрсетілген маршрут ___________________________

      3. Бекітілуге ұсынылған, УТК деңгейі __________________________

      4. Мәлімделген УТК қолданылу кезеңі ___________________________

      5. Жолаушылар вагондарының (вагон айналымы) жол жүруі

      _____________________________________________________________________

      6. Әр тасымалдаушыға берілген субсидия сомасы _________________

      7. егер уақытша төмендету коэффициенті бекітпеген жағдайдағы

      салдарының бағалауы _________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады