Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14070 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 132 бұйрығымен бекітілген

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй
шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемені халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы қолданады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеуі (бұдан әрі – ХЖҚІЗ) үшін үй шаруашылықтары іріктемесін құру болып табылады. Әдістеме аудандық деңгейді ескере отырып, іріктемелі салмақты қалыптастыру, стратификациялау және есептеу кезеңдерінің сипаттамасын қоса алғанда іріктеме құрудың негізгі аспектілері мен әдістерін анықтайды.

      4. Әдістемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бас жиынтық (іріктеме негізі)

      5. Аудандық деңгейді ескере отырып ХЖҚІЗ үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығын қалыптастыру үшін бас жиынтық ретінде "Статистикалық тұрғын үй қоры тіркелімі" (бұдан әрі – СТҮҚТ) "е – Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненті болып табылады.

      6. Аталған дерекқордың бірқатар артықшылықтары бар:

      іріктеменің дайын шеңберінің бар болуы;

      тұрақты өзектендірілетін деректер қорының бар болуы;

      аумақтық бөліністе үй шаруашылықтары туралы ақпараттардың бар болуы.

      7. СТҮҚТ есебінің бірліктері Қазақстанның аумағында орналасқан барлық тұрғын үйлер және тұрғын жайлар болып табылады. Оларға пәтерлер, бір пәтерлі (жеке) үйлер, екі пәтерлі үйлер, үш және одан да көп пәтерлі үйлер кіреді.

      8. СТҮҚТ дерекқоры екі кестеден тұрады, үй – негізгі кесте, ол жалпы тұрғын үй бойынша ақпаратты қамтиды; пәтер – қосымша кесте, ол тұрғын үйдегі әрбір пәтер бойынша ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бас жиынтықты қалыптастырудың ерекшеліктері:

      1) бас жиынтыққа жалпы коммуналдық пәтерлерді, жатақханаларды, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерді (ұйымдарды), балалар үйлерін, түрмелерді, қонақ үйлерді, діни қауымдастықтарды және басқа да ұқсас тұрғын үй-жайларды қоспағанда тұрғын үй-жайдың барлық типтері кіреді;

      2) ақпарат жинау кезінде интервьюерлерге жүктемені төмендету мақсатында бас жиынтықтан тұратындар саны 100 үй шаруашылығынан кем елді мекендер алынып тасталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Іріктеме дизайны

      10. ХЖҚІЗ аудандық деңгейді ескере отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде байқаулардың іріктеме әдісі негізінде бұдан әрі оның қорытындыларын елдің зерттелетін жастағы (15 және одан жоғары жастағы) тұрғындарының барлық санына бөлумен жүргізіледі.

      11. Аудандық деңгейді ескере отырып ХЖҚІЗ ұйымдастыру үлгісі үстемелеу іріктемесі негізінде әзірленген, интервьюерлерге жүктемені төмендету мақсатында он екі айға біркелкі бөлу арқылы жылына бір рет қалыптастырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ағымдағы жылы іріктемеге түскен үй шаруашылығы іріктемені жаңа жылға қалыптастыру кезінде тағы да іріктемеге түсуі әбден мүмкін. Үстемелеу үй шаруашылықтары жалпы санынан жыл сайынғы есептелетін бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.

      13. Жұмыспен қамтуды зерттеудің ай сайынғы деректерінің құбылуын деңгейлестіру мақсатында, ай сайын үй шаруашылықтарының жыл сайынғы есептелетін бөлігін үстемелеуді қолдану қарастырылған. Ай сайын, ақпаннан бастап үй шаруашылықтарының жыл сайынғы есептелетін бөлігі өткен айдан келесі айға өтеді (екі ай қатарынан зерттеледі), ал қалғаны – ай сайын жаңарады.

      14. Үстемелеу үшін каталогты ай сайын қалыптастыру аумақтық деңгейде бағдарламалық кешенде автоматты түрде есепті ай бойынша енгізілген есептер каталогы және берілген үй шаруашылықтарының саны Z негізінде (Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті ағымдағы жылға іріктемелі жиынтықты қалыптастыру негізінде есептейді) Nn қадамын қолдану жолымен жүргізіледі, мұнда n-іріктелген үй шаруашылықтары қолданылатын ай. Қадам Nn = Notc/Z, мұнда Z – осы өңір бойынша үстемелеу үшін анықталған үй шаруашылықтарының саны, ол есепті жылдың барлық айлары үшін тұрақты болады, Notc – ағымдағы айда нақты есеп берген үй шаруашылықтарының саны.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бұл үлгі мыналарды:

      1) барлық он екі айдағы іріктемелерді біріктіру негізінде репрезентативті жылдық қорытындыларды:

      Қазақстан Республикасы бойынша;

      облыстар бойынша;

      аудандар бойынша.

      2) тоқсанға кіретін үш айлық іріктемелерді біріктіру негізінде репрезентативті тоқсандық қорытындыларды:

      Қазақстан Республикасы бойынша;

      облыстар бойынша.

      3) айлық іріктеме негізінде репрезентативті айлық қорытындыларды:

      Қазақстан Республикасы бойынша.

      4) ай сайынғы деректердің құбылуын деңгейлестіруді қамтамасыз етеді.

      16. Зерттеудің бастапқы бірлігі тұрғын үй (жекелеген үйлер, көп пәтерлі үйлер) болып табылады, зерттеуде іріктемеге түскен үйдің барлық пәтерлері қатысады.

      Зерттеудің екінші бірлігі үй шаруашылықтары болып табылады (үй шаруашылығында тұратын 15 және одан жоғары жастағы адамдар).

      Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығы екі сатылық стратификацияланған кластерлік іріктеме әдісімен қалыптастырылады.

      Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру Қазақстанның өңірлері бөлінісінде республикалық деңгейде орталықтандырылып жүргізіледі.

4-тарау. Бас жиынтық стратификациясы

      17. Стратификация іріктемелі әдістің тиімділігін арттырудың пәрменді тәсілі болып табылады. Стратификацияның артықшылығы мыналар болып табылады:

      осы деректер үшін іріктеудің басқа нұсқаларымен салыстырғандағы жоғары нақтылық;

      іріктеме көлемінің аз мөлшерін пайдаланудағы жоғары нақтылық, бұл қаражатты үнемдейді;

      іріктеменің келістілігін қамтамасыз ету.

      18. Бас жиынтықты стратификациялау қажеттілігі сипаттамалар бойынша байқау бірліктерінің біртекті еместігімен байланысты.

      19. ХЖҚІЗ үшін іріктемені қалыптастыруда аудандық деңгейді ескере отырып, келесі стратификация рәсімі қолданылады:

      бас жиынтық аудан бойынша, жергілікті жердің типі (қала, ауыл) бойынша, ғимараттардың өлшемдік кластарына (1 пәтерлі, 2-20 пәтерлі, 21-80 пәтерлі, 80 пәтерден көп) байланысты стратификацияланады;

      әр стратадағы үйлер санын қосындылау арқылы бас жиынтықтың көлемі анықталады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Әр түрлі типті үйлерді тікелей іріктеу кездейсоқ іріктеу әдісін пайдалану арқылы арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалық өнімді пайдалану жұмыс көлемін азайтады және кепілді сапалы нәтиже береді.

      Егер іріктелген мекенжайларда бірнеше үй шаруашылықтары тұратын болса, онда кездейсоқ әдіспен олардың біреуі таңдалады.

      Іріктеуден соң әр облыс үшін іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының тізімі қалыптастырылады.

5-тарау. Іріктеме көлемін анықтау

      21. Іріктеме көлемі болып іріктемелі жиынтықтағы байқау бірліктерінің жалпы саны табылады. Іріктеме көлемі берілген байқау нәтижелері дәлдігін нақты ықтималдықпен қамтамасыз ететін іріктеменің салыстырмалы қателер көлеміне байланысты болады.

      22. ХЖҚІЗ үшін берілген нақтылықпен бас жиынтықты бағалау үшін қажетті оңтайлы іріктеме көлемін анықтау үшін келесі формула қолданылады:


(1)

      мұндағы,

      k – Лаплас функциясының аргументі (95% сенімділік деңгейі үшін k = 1,96);

      N – бас жиынтық көлемі;


– дисперсия;

      E – абсолютті қателік.

      23. Бас жиынтық дисперсиясы барлық жеке байқаулардың ауытқу шаршысының орташа мәні ретінде олардың орташа мәнінен айқындалады.

      Бас жиынтық дисперсиясы:


(2)

      Егер қателік стандартты қателікті білдірсе (m), онда келесі формуланы қолдануға болады:


(3)

      мұндағы,

      RSE – іріктеменің салыстырмалы стандартты қатесі.

      Егер соңғы жиынтық үшін түзетулер ескерілмесе, формула былайша көрініс табатын болады:


(4)

      24. ХЖҚІЗ үшін ағымдағы жылға іріктемелі жиынтық көлемін анықтаған кезде өткен жылғы ХЖҚІЗ нәтижелері іріктемесінің салыстырмалы қатесін есептеу қолданылды. Іріктеменің салыстырмалы қатесі іріктеме көлеміне кері пропорционал, іріктеме ауқымын төрт есе өсірген жағдайда қателіктер екі есе азаяды.

      25. Ай сайынғы зерттеу нәтижелеріне негізгі талап аудан деңгейінде "жұмыссыздық деңгейі" көрсеткіші бойынша 5–7% деңгейінде іріктеменің стандартты қатесімен репрезентативті деректерді алу болып табылады.

      Талаптарды ескере отырып 5% көлемінде оңтайлы іріктеме көлемі есептелді және қабылданды.

6-тарау. Алынбаған жауаптардың орнын толтыру

      26. Іріктеп алынған үй шаруашылықтарынан жауап ала алмау зерттеу нәтижелерінің бұзылуына алып келетін күрделі кемшілік болып табылады. Бұл жағдайда жетіспейтін деректердің орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Осы рәсім көрсеткіштерді жете есептеуді, іріктемелі зерттеудің алынбаған деректерінің орнын толтыруды жүзеге асыру үшін арналған.

      27. Зерттеу барысында үй шаруашылықтарынан пікіртерім жинау мүмкіндігі болмайтын жағдайлар орын алады. Себептердің екі түрі бар, олар объективті және субъективті.

      Зерттеуден бас тартудың объективті себептері:

      үй шаруашылықтарының 73 және одан жоғары жастағы барлық мүшелері;

      үй бұзылған;

      кетіп қалған, пәтер (үй) бос;

      пәтерлер біріктірілген;

      үй-жай бұзып алынған;

      үй (мекенжайы) табылмаған;

      өзге себептер (үй-жайдың мақсатының өзгеруі).

      Зерттеуден бас тартудың субъективті себептері:

      үй шаруашылығының зерттеуге қатысудан бас тартуы.

      28. Үй шаруашылықтарының мүшелері болмаған немесе зерттеуден бас тартқан жағдайларда тұрғын үй-жай мекенжайлары ауыстырылмайды.

      Интервьюер тек тізімге сәйкес іріктемеде көрсетілген мекенжайда тұратын үй шаруашылықтарының мүшелерінен пікіртерім алады.

      28-1. Үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу барысында объективті себептермен жауаптың болмауы кезінде резервті тізімдер құрастырылады. Объективті себептермен жауаптардың болмауы бойынша үй шаруашылықтарын ауыстыру мүмкіндігі үшін резервті іріктемелі жиынтықты іріктемелі жиынтықты қалыптастыру жөніндегі мамандар құрастырады. Резервті іріктемелі жиынтық нақты зерттеу бойынша негізгі іріктемелі жиынтық қалыптастырылған әдіспен құрастырылады.

      Үй-жайлардың мекенжайларын ауыстыруға резервті тізімінен алынған нақты субстит болуға арналған үй шаруашылығына немесе объективті себептермен жауап бермеген үй шаруашылығын ауыстыруға ғана жол беріледі. Бұл ыңғайлы" үй шаруашылығына ауыстыруға жол бермеу үшін жасалады, бұл кезде іріктеменің қатесі көбейе түседі.

      Ескерту. Әдістеме 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Деректерді ұсынбау жағдайын өңдеу кезінде объективті себептер бойынша алынбаған жауаптардың орны толтырылмайды. Орнын толтыруға тек субъективті себептер бойынша жауап алынбаған жағдайлар жатады.

      Өңдеудің бұл мақсаттары үшін іріктелген салмақтарды түзетуді тұжырымдайтын қайта өлшеу әдісі қолданылады.

      30. Бас жиынтыққа қолданылатын деректерді алу мақсатында зерттеу қорытындыларына статистикалық салмақтау жүргізіледі.

      Іріктемелі зерттеудің нәтижелерін салмақтау әрбір жеке бақылау бірлігіне – персонаға сәйкес салмақ меншіктеу арқылы жүргізіледі.

      31. К түпкілікті жеке салмақ өз алдына F негізгі салмақ және орнын толтыру мен экстраполяция коэффициенттерінің көбейтіндісін құрайды.

      Әрбір респондент үшін есептелген жеке салмақ жеке дерекқорға таратуды көбейту ретінде енгізіледі және таратылған деректерді зерттелетін барлық жастағы халық санына, жынысы мен жергілікті жердің типі бойынша зерттеу бағдарламасындағы кез келген көрсеткіштерді қалыптастыруда қолданылады.

      32. Халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері үшін салмақтар ай сайын есептеледі. Салмақтарды есептеу үшін зерттелетін үй шаруашылықтарының таратылуы туралы СТҮҚТ деректері өңірлік бөліністе қалалық және ауылдық жергілікті жер бойынша қолданылады.

      33. Жеке салмақтарды есептеуде есепті кезеңге ең жақындатылған кезеңдегі (зерттеудің сыни аптасына) халықтың жалпы санына қатысты іріктемені итеративті салмақтау әдісі қолданылады.

      Рәсімнің мәні жыныстық – жастық және өңірлік сипаттамаларын есепке ала отырып іріктеме жиынтықты, осы сипаттамалары бойынша топтарға бөлінген халықтың барлық жиынтығын салыстыруда болып табылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Ай сайынғы пікіртерім нәтижелерін өңдеу кезінде жеке салмақ өлшемдерін (экстраполяция коэффициенттерін) есептеу бірнеше кезеңде жүйелі жүргізіледі.

      35. Іріктеме жүргізген кездегі кездейсоқ, сондай-ақ кездейсоқ емес жүйелік қателерді теңестіру мақсатында:

      пікіртерім өткізілмеген белгілі жағдайларды теңестіру – орнын толтыру жүргізіледі;

      бас жиынтыққа СТҮҚТ көрсеткіштеріне – бейімделу немесе экстраполяцияға дейін тарату жүргізіледі.

      Ол үшін тиісті факторлар, орнын толтыру факторы және экстраполяция факторы есептеледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Орнын толтыру

      36. Осы рәсімнің көмегімен зерттеуден субъективті себептермен бас тартқан үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеу жүзеге асырылады және іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің орны толтырылады.

      37. Осы рәсімдерді жүзеге асыру алдында зерттеуге болжанған (S1) үй шаруашылықтарының саны, нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны (S2) және себептерді көрсете отырып сұралмаған үй шаруашылықтарының саны (Sр) қосындыланады. Сұралмағандар санын объективті себептер бойынша (Sр1) және субъективті себептер (Sр2) бойынша деген топтарына бөледі.

      объективті себептер тұрғын үй-жайдың бұзылуы (құлату) немесе біріктірілуі, зерттелуге жататын үй шаруашылығы мүшесінің қайтыс болуы, ұзақ уақыт бойы болмауы немесе кетуі салдарынан және басқа да күтпеген жағдайлармен байланысты.

      субъективті себептерге зерттеу өткізу кезінде тұрғындардың болмауы, үй шаруашылықтарының барлығының немесе жеке мүшесінің пікіртерімнен бас тартуы.

      38. Орнын толтыру рәсімінің көмегімен зерттеуден субъективті себептерімен бас тартқан үй шаруашылықтары бойынша көрсеткіштерді қайта есептеу жүзеге асырылады, іріктемелі зерттеуден толық алынбаған деректердің орны толтырылады. Ол үшін К1 аралық орнын толтыру факторы (салмақ) есептеледі

      K1=1+Sp2/S2 (5)

      мұндағы,

      К1 – орнын толтыру факторы (қайта есептеу коэффициенті);

      Sр2 – пікіртерімнен бас тартудың субъективті себептері бойынша сұралмаған үй шаруашылықтарының саны;

      S2 – нақты сұралған үй шаруашылықтар саны.

      39. Аралық орнын толтыру факторы әрбір аудан бойынша жеке-жеке елуге дейінгі белгілермен дәлдікпен есептеледі және осы ауданның әрбір респондентіне оның жынысы және жасына қарамастан беріледі.

      Бұдан әрі негізгі салмаққа (f) орнын толтыру факторына (K1) түзету жүргізіледі.

      Негізгі салмаққа түзетілген, орнын толтыру факторын үй шаруашылықтары санын зерттелетінге (S1) жеткізу арқылы алынған санын анықтау үшін пайдаланады.

      S1=S2*K1 (6)

      40. Деректерді толық алмау жағдайында орнын толтыру үшін осы елді мекенде жауап берген барлық үй шаруашылықтары үшін үлкен салмақтарды қолдану арқылы, салмақтарды түзетудің сызбасы пайдаланылады. Осы елді мекенде жауап берген барлық үй шаруашылықтарының салмақтары, бірдей коэффициентке өседі. Жауап бермеген барлық үй шаруашылықтары іріктемеден олардың әрбіреуіне нақты нөлге тең салмақты қолдану арқылы алынып тасталынады.

2-параграф. Экстраполяция

      41. Зерттеудің іріктемелі деректерін тарату байқаудың әрбір жеке бірлігіне үй шаруашылығына тиісті дара салмақты меншіктеуге негізделген.

      Ол үшін жыныстық-жастық және өңірлік сипаттамаларды есепке ала отырып, стратификацияланған іріктемелі жиынтық бойынша (зерттелген азаматтар саны) зерттеу деректерін осындай сипаттамалар бойынша стратификацияланған ағымдағы демографиялық есептеулер деректері бойынша халықтың бас жиынтығымен салыстыру жүзеге асырылады.

      42. Бейімделу (салмағы) факторын есептеудің жалпы түрдегі формуласы мынадай болады:

      Vg=Wg*N/Ng (7)

      мұндағы,

      Vg – g белгісі бойынша салмағы;

      Wg – g сипаттамасымен бас жиынтықтағы халықтың үлесі;

      N – сұралғандардың жалпы саны,

      Ng – g сипаттамасымен сұралғандардың саны.

      43. Салмақтау рәсімі жынысы және жасы бойынша тек өңірлік қабаттардың ішінде бас ретінде қолданылатын қалыптасқан жиынтық бойынша халықтың құрылымы туралы деректер негізінде жүргізіледі. Әрбір респондент үшін бейімделу (салмағы) факторларының жүйелері келесі белгілер:

      аумақтық (аудандық) құрылым;

      жергілікті жер түрі;

      жынысы (ерлер мен әйелдер);

      6 жас топтары (6-10 жас; 11-14 жас; 15-34 жас; 35-54 жас; 55-71 жас; 72 және одан да жоғары) бойынша есептеледі.

      44. Жеке негізгі салмақты өлшеу үшін бейімделу факторын есептеудің келесі формуласы қолданылады:



      мұндағы,

      K2 – бейімделу факторы;

      S – бас жиынтық бойынша халық саны;

      S1 – нақты сұралған үй шаруашылықтарының саны;

      K – фактор есептелетін тұлғаның жалпы сипаттамасына қарай ерекше белгісі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Түпкілікті жеке салмақ (немесе экстраполяция коэффиценті) орнын толтыру факторымен бейімделу факторларының көбейтіндісі болып табылады.

      K=K1*K2k, (9)

      мұндағы,

      К – жеке салмақ (экстраполяция коэффициенті);

      К1 – орнын толтыру факторы (жете есептеу коэффициенті);

      К – бейімдеу факторы.

      Бұл ретте, егер берілген үй шаруашылығы мүшелері үшін орнын толтыру факторының маңызы бірдей болса, онда бейімделу факторы, сәйкесінше түпкілікті экстраполяция (жеке салмақ) факторы – әртүрлі.

      46. Қосымша өзгермелі ретіндегі есептелген жеке салмақтар әрбір сұралған респондент бойынша жеке деректер қорына жазылады және республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерге тиісті ай, тоқсан, жыл бойынша жиынтық қорытындыларды қалыптастыру кезінде пайдаланылады.

      Ағымдағы жылға орташа таратылған деректер бір жылда ай сайынғы іріктемелерді біріктіру арқылы, ал таратылған тоқсандық деректерді – тоқсандағы ай сайынғы іріктемелерді біріктіру арқылы алынады.

7-тарау. Іріктемені ротациялау

      47. Үй шаруашылықтарын ротациялау (іріктемені жаңарту) жыл сайын 100% көлемінде өткізіледі, жыл сайын барлық іріктеме жаңа үй шаруашылықтарымен ауыстырылады.

8-тарау. Көрсеткіштердің нақтылығын бағалау

      48. Статистикалық бағалаудың нақтылығы көрсеткіштері ретінде, іріктеменің стандартты қателері мен іріктеменің стандартты салыстырмалы қателері қолданылады.

      49. Іріктеменің стандартты қатесі іріктеме параметрі мәнінің осы параметрдің іріктемелі орташа мәнінен стандартты ауытқуы болып табылады.

      Стандартты салыстырмалы қате бағаланатын статистикалық шаманың оның орташа мәніне қатынасы болып табылады.

      50. Аудандар бойынша зерттеудің нақтылығы жұмыспен қамтылғандар саны, жұмыссыздар саны, жұмыс күшінің саны, жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар саны, халық санындағы жұмыс күшінің үлесі, жұмыссыздық деңгейі көрсеткіштері бойынша жылына бір рет есептеледі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Статистикалық бағалау нақтылығының көрсеткіші ретінде іріктеменің стандартты қатесі және іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі қолданылады.

      52. Іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі (m) іріктемелі және бас жиынтықтар сипаттамасы арасындағы ықтимал айырмашылықтарды айқындайды. Іріктеменің стандартты қатесінің мәні мына формула бойынша анықталады:


(10)

      мұндағы,


– бас дисперсия;

– іріктемелі жиынтық көлемі;

      N – бас жиынтық көлемі.

      53. ХЖҚІЗ-ның қорытындысы бойынша респондент мәртебесі респонденттердің сұрақтарға берген жауаптарынан анықталады (мысалы: иә немесе жоқ). Екі балама жауаптың біреуін таңдау арқылы анықталатын айнымалылар бинарлы болып табылады. Ықтималдылық теориясы бойынша бинарлы айнымалы үшін дисперсия есептеледі. ХЖҚІЗ салыстырмалы стандартты қатесін есептеу үшін жауаптардың үлестік мәні (иә немесе жоқ) пайдаланылады. Үлестің дисперсиясы анықталады, содан кейін салыстырмалы стандартты қате есептеледі.

      Іріктемелі үлестің стандартты қатесі (g) мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы,

      w- жауаптардың үлесі ("табыс" үлесі), пайызбен;.

      n – іріктемелі жиынтық көлемі;

      N – бас жиынтық көлемі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Көбінесе стандартты қатенің абсолюттік мәні емес, оның мәнінің бағаланатын статистикалық шамаға қатысты қарастыру талап етіледі. Стандартты салыстырмалы қате (бұдан әрі – ССҚ) бағаланатын статистикалық шаманың орташа мәніне қатынасы ретінде есептеледі.

      ССҚ келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы,

      RSE – іріктеменің стандартты салыстырмалы қатесі;

      SE – іріктеменің стандартты қатесі;


–стандартты салыстырмалы қате шамасын бағалау үшін қолданылған, орташа ауыспалы мәні


      мұндағы,

      Ni– бас жиынтық элементтерінің саны i-страта;


– көрсеткіш i-страта.
      Ескерту. Әдістеме 54-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады