"Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14156 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) жеке өзі, почта арқылы немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда Ведомствоға мемлекеттік немесе орыс тілінде тіркеу досьесін ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге өтінім;

      2) пестицидті (улы химикатты) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарының нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;

      3) пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшелерінің құрамын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептердің көшірмелері;

      4) пестицидттердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын бағалау актісі;

      5) пестицидке (улы химикатқа) қысқаша досье;

      6) пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      7) пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      8) пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек жағдайын санитариялық-гигиеналық зерттеу (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      9) пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептер (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      10) пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      11) пестицидтi (улы химикатты) бал ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (осы жұмыстарды Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);

      12) пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді ұсынуға рұқсат беріледі);

      13) осы Қағдаларға 3-қосымшадағы 5.1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген пестицидтің (улы химикаттың) тамақ өнімдеріндегі, ауыл шаруашылығы өніміндегі қоршаған орта объектілеріндегі және биологиялық ортадағы қалдық мөлшелерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға рұқсат беріледі);

      14) пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары рұқсат етілген деңгейі, пестицидтiң (улы химикаттың) санитариялық-тұрмыстық мақсаттағы су қоймалары суындағы жол берілетін шекті концентрациясы (бұдан әрі – ЖШК), пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы ЖШК), пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әрекет ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы ЖШК) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен);

      15) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының талаптарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымның стандарты, препараттық нысанның рецептурасы (Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін);

      16) пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензиялық келісім (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері), сондай-ақ пестицидті (улы химикатты) өндірушіге тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген пестицидті (улы химикатты) өндіруге лицензия немесе рұқсат (Қазақстан Республикасы резиденті емес тіркеушілер (өтінім берушілер) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері);

      17) пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты;

      18) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар;

      19) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің (улы химикаттың) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасы.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәліктерін ресімдейді. Ведомство пестицидті (улы химикатты) тіркеу куәлігінің түпнұсқасын тіркелушіге (өтінім берушіге) немесе заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхаты бар уәкілетті тұлғаға береді. Пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігінің көшірмесі Ведомствода сақталады.

      Тіркелуші (өтінім беруші) Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге, оның ішінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу өтінімін қарауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуді және пестицидке (улы химикатқа) берілген тіркеу куәлігін ресімдеуді, шешім қабылдауды осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттармен тіркелуші (өтінім беруші) ұсынған күнінен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тiркеуден дәлелді бас тартуға:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранымға теріс жауабы;

      2) тіркелуші-өтінім беруші осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы талап етілетін деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      3) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;

      4) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;

      5) тіркелушіге (өтінім берушіге) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлеріне тыйым салатын соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

      Пестицидтердің (улы химикаттардың) тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргiзу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің (улы химикаттардың) болмауы тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арналған пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркелмеген үлгілерін әкелуге дәлелді бас тарту үшін негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2016 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика Министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ М. Мырзағалиев

      2016 жылғы 26 шілде



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады