Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 қазанда № 14310 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 (30.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13078 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашыкбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 201 қаулысымен
бекітілген

Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Жүйенің операциялық орталығы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.

      Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне жүйеге қатысу талаптары, жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізі, Ұлттық Банк пен Орталық жүйеде көрсететін қызметтер және пайдаланушының жүйемен өзара іс-әрекеті, ақпараттық қауіпсіздік рәсімдері, операциялық күннің ашылуы, операциялық күн ішінде жүйенің жұмыс істеуі, кезек, жүйедегі төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкіліктілігі), операциялық күн ішінде жүйеге ақша қабылдау және жүйеден ақша алу, жүйе арқылы трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру, операциялық күнді жабу, операциялық күн ішінде және соңында ақпараттық хабарлар беру және жүйедегі тәуекелдерді басқару жүйесі кіреді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 (30.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1-1. Қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Жүйе оның қатысушылары (пайдаланушылары) арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығына және (немесе) Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушыларының ақша міндеттемелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, Ұлттық Банктік мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізуі мақсатында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі болып табылады.

      Жүйеде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттардан жүйеге аударылған ақшаны пайдалана отырып жүргізіледі.

      3. Жүйеде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру оның пайдаланушысының әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы жүйеде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын нақты уақыт режимінде немесе ағымдағы операциялық күннің аяғына дейін аяқталуына кепілдік бере отырып жүргізіледі.

      4. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудиторлық із – жүйеде электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу, жүйе және жүйе пайдаланушылары бойынша сақтайтын ақпарат;

      2) аутентификация – төлем және ақпараттық хабарлар алмасу кезінде жүйе пайдаланушыларының тұпнұсқалығын растау үшін, сондай-ақ төлем және ақпараттық хабарлар түпнұсқалығын растау үшін шаралар кешені;

      3) әлеуметтік бағыттағы төлемдер – мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және (немесе) жәрдемақы төлемдері, әлеуметтік және өзге төлемдер, бюджеттен төленетін тұрғын үй төлемдері және өзге төлемдер;

      4) бағдарламалық-техникалық жүйе кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйеден, серверден және жүйе терминалынан, коммуникация құралдарынан (деректерді беруден) тұратын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар;

      5) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – жүйенің әдеттегі (күнделікті) режимдегі жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық жүйе кешені;

      6) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің резерв орталығы (бұдан әрі – резерв орталығы) – қалыпты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін резервтік бағдарламалық-техникалық жүйе кешені;

      7) бейрезидент қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасынан тысқары құрылған, тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар, жүйенің пайдаланушысы болып табылмайтын және пайдасына трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілетін не одан алынған жеке немесе заңды тұлғаға қызмет көрсететін қаржы ұйымы (банк);

      8) дебеттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-бенефициар болып табылатын ақша аударымы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 қаулысымен (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9) жиынтық төлем хабары – пайдаланушылар клиенттерінің бірнеше төлем құжаттарының (нұсқауларының) негізінде пайдаланушы қалыптастырған төлем хабары;

      10) жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше пайдаланушының міндеттерін орындамауынан туындаған, бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушы міндеттемелерінің орындалмау тәуекелі;

      11) жүйенiң пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – жүйе қатысушысы, Ұлттық Банк және (немесе) басқа төлем жүйесінің операторы (операциялық орталық);

      12) кезек – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде төлем хабарлары операциялық күн ішінде пайдаланушының позициясына қажетті ақша сомасы түскеннен кейін есеп айырысу сәтін күтуде кезекке тұратын тәуекелдерді басқару тетігі;

      13) кредиттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші болып табылатын ақша аударымы;

      14) кредиттік тәуекел – қарсы агенттің өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекел;

      15) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің немесе ішкі процестердің кемшіліктерімен, адамдардың қателіктерімен, жүйені басқарудағы, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болатын іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты тәуекел;

      16) Орталықтағы жүйенің позициясы – Орталықта өңделетін және пайдаланушылар Ұлттық Банкте жүйенің шотына аударылған ақшаның және жүйедегі пайдаланушылар аударымдарының жалпы сомасын бақылауға арналған позиция;

      17) өтімділік тәуекелі – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің ақша аудару жөніндегі өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекелі;

      18) пайдаланушының жүйедегі позициясы (бұдан әрі – пайдаланушының позициясы) – жүйе пайдаланушысының жүйе арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ашылған теңгедегі корреспонденттік шоттан (бұдан әрі – пайдаланушының корреспонденттік шоты) өзі аударған ақша сомасын есепке алуға арналған позиция;

      19) пайдаланушы-ақша жөнелтуші – позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) пайдаланушы;

      20) пайдаланушы-бастама жасаушы – төлем хабарын жүйеге жіберген пайдаланушы. Пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші немесе пайдаланушы-бенефициар болып табылады;

      21) пайдаланушы-бенефициар – позициясына ақша аударылатын пайдаланушы;

      22) пайдаланушы-делдал – пайдаланушылар мен бейрезидент қаржы ұйымдарының арасында трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша аударуды жүзеге асыратын пайдаланушы;

      23) төлем нұсқауы – пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына не Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан оның корреспонденттік шотына ақша аударуға нұсқауы;

      24) трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы – ақша жөнелтуші бастама жасаған немесе оның атынан бастама жасалған, ақша жөнелтушінің және бенефициардың төлем қызметтерін жеткізушілер әртүрлі мемлекеттерде орналасқан төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау;

      25) Ұлттық Банктегі жүйенің шоты – Ұлттық Банкте ашылған және пайдаланушылар жүйеде ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақшасын есепке алуға және ақшаны жүйеге (жүйеден) аудару бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға арналған шот;

      26) электрондық ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарларына жатпайтын және ақпараттық сипаттағы, оның ішінде үзінді-көшірмелер бар электрондық хабар;

      27) электрондық төлем хабары (бұдан әрі – төлем хабары) – жүйедегі пайдаланушылардың позициялары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық хабар;

      28) электрондық хабар – Орталық Ұлттық Банктіктің келісімі бойынша әзірлеген форматтағы электрондық түрдегі ақпарат жиынтығы.

      Қағидаларда пайдаланылатын тәуекелдер ұғымы Қағидалар шеңберіндегі жүйеге қатысты қолданылады және Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер мен нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитеті (Базель, Швейцария, 2003 жылғы наурыз) әзірлеген төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын Терминдер глоссарийіне сәйкес жазылған.

      5. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуін және басқаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда белгіленген жүйе операторының басқа да функцияларын орындайды.

      6. Операциялық және технологиялық функцияларды, оның ішінде пайдаланушылармен жүйеде төлем және ақпараттық хабарлар өңдеу және беру жөнінде шарт (бұдан әрі – жүйеде қызмет көрсету туралы шарт) және жүйенің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша шарттар жасасуды Орталық жүзеге асырады.

      7. Жүйеде ақша аудару пайдаланушылардың төлем хабарларын өткізу, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан есептен шығару және ақшаны пайдаланушы-бенефициардың позициясына есепке алу арқылы оларды өңдеу жолымен жүзеге асырылады.

2-тарау. Жүйеге қатысу талаптары

      8. Ұлттық Банкте ашылған пайдаланушының ұлттық валютадағы корреспонденттік шотының болуы пайдаланушының мәртебе алуы үшін міндетті талап болып табылады.

      9. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасу үшін заңды тұлға Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады:

      1) жүйеге қосуға арналған еркін нысандағы өтініш;

      2) Ұлттық Банкпен корреспонденттік шот шартына (бұдан әрі – корреспонденттік шот шарты) қосуға арналған өтініштің көшірмесі Ұлттық Банкпен жасалған төлем жүйесіне қатысу туралы шарттың (бұдан әрі – қатысу туралы шарт) көшірмесін.

      Корреспонденттік шот шартының және қатысу туралы шарттың талаптары қамтылған аралас шарт жасауға рұқсат беріледі.

      10. Ұлттық Банк өзінің төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын және клиенттердің нұсқаулары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде жүйеге пайдаланушы ретінде қатысады және Орталықпен жасалған жүйеде қызмет көрсету туралы шарт негізінде жүйенің пайдаланушы мәртебесін алады.

3-тарау. Жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізі

      11. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң, Қағидалар, қатысу туралы шарттар, жүйеде қызмет көрсету туралы шарттар жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізін құрайды.

      12. Қатысу туралы шарт, жүйеде қызмет көрсету туралы шарт мыналарды қамтиды:

      1) шарттың мәні;

      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      3) тараптардың шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;

      4) шарт талаптарын өзгерту және бұзу тәртібі;

      5) дауларды шешу тәртібі;

      6) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.

      Қатысу туралы шартта қосымша жүйеде төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудың негізгі талаптары, төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау (түпкілікті ету) тәртібі мен талаптары жазылады.

      Жүйеде қызмет көрсету туралы шартта қосымша Орталықтың қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі, ақпараттық қауіпсіздік, конфиденциалдылық, банктік құпияны қорғау және дербес деректерді қорғау режимін сақтау жазылған.

      13. Қатысу туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуы корреспонденттік шот шартында көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатыла тұрады.

      Қатысу туралы шарттың жекелеген ережелерін уақытша тоқтата тұру пайдаланушыны заңды тұлға мәртебесінен айырмайды.

4-тарау. Ұлттық Банктің және Орталықтың жүйеде көрсететін қызметтері және операциялар түрлері

      14. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 8-бабында белгіленген жүйе операторының функцияларына сәйкес қызметтер, оның ішінде мынадай:

      1) пайдаланушының нұсқауы бойынша не Қағидаларда белгіленген жағдайларда дербес пайдаланушының корреспонденттік шотын ашқан, жапқан кезде не операциялық күн ішінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ақшаны жүйеге (жүйеден) корреспонденттік шотқа аудару бойынша;

      2) жүйенің операциялық күнін ұзарту бойынша;

      3) Орталықтағы жүйе позициясы сальдосын, Ұлттық Банктегі жүйе шотын және жүйедегі пайдаланушылардың позиция сальдосының жалпы сомасын және пайдаланушылардың позицияларының дебет және кредит айналымдары сомаларының тең болуын бақылау бойынша;

      4) жүйедегі тәуекелерді басқару жүйесін айқындау және қолдану бойынша қызметтер көрсетеді.

      Орталық жүйеде қызметті пайдаланушыға:

      1) төлем хабарларын қабылдау мен өңдеу және олардың негізінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициар позициясына ақша аударуды жүзеге асыру бойынша;

      2) жасалған операциялар бойынша пайдаланушыларға ақпараттық хабарларды қабылдау, өңдеу және ұсыну бойынша;

      3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 8-бабында айқындалған операциялық және технологиялық функцияларды орындау бойынша қызметтер көрсетеді.

      15. Жүйе арқылы кредиттік және дебеттік аударымдар жүзеге асырылады.

      16. Орталық жүйе пайдаланушылары арасында ақша аударымын жүзеге асырады және жүйеде пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, олардың кезегінде тұрған төлем хабарлары сомаларының өзара есебін орындайды.

5-тарау. Пайдаланушының жүйемен өзара іс-әрекеті, ақпараттық қауіпсіздік рәсімдері

      17. Жүйеде төлемдер мен ақпараттық хабарлар беру және қабылдау электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      18. Пайдаланушылар Ұлттық Банкпен келісу бойынша Орталық әзірлеген және жүйеде қолданылатын хабарлармен алмасу рәсімдеріне және форматтарына (бұдан әрі – Рәсімдер) сәйкес электрондық хабармен алмасады.

      19. Орталықтың ресми сайтына жариялау арқылы ресімдерді Орталыққа жүйеде қызметтер көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде пайдаланушыларға жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      20 тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 қаулысымен (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Жүйеде бір ақша жіберуші және бір бенефициар көрсетілген жиынтық төлем хабары өңделеді.

      21. Электрондық хабарларды беру фактісін айқындау және оларды беру кезінде қателерді анықтау үшін жүйеде Орталық белгілеген ақпараттық қауіпсіздік рәсімдері сақталады.

      22. Орталық электрондық хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді.

      23. Орталық және пайдаланушылар ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және жіберілетін және алынатын электрондық хабарларының мониторингін жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеген барлық электрондық хабарлардың Орталықтың және пайдаланушылардың ішкі бағдарламалық жүйелерінде аудиторлық ізі қалады.

      24. Орталық төлем хабарларын өңдеген кезде оларды өзгертуге жол бермейді.

      25. Электрондық хабарлармен алмасу кезінде Орталық және пайдаланушылар ақпаратты криптографиялық қорғау құралын және Орталық пайдаланушыға беретін тіркеу куәлігін пайдаланады.

      Орталық және пайдаланушылар конфиденциалдылықты, тұтастықты, авторлықтың расталуын және электрондық тапсырмалардың түпнұсқалылығын қамтамасыз ету үшін ақпаратты криптографиялық қорғау құралын қолданады.

      26. Жүйеде пайдаланушы да және Орталық та аутентификациялайтын екіжақты аутентификация крипто-хаттамасында құрылған пайдаланушыларды аутентификация қолданылады.

      Пайдаланушы аутентификациядан кейін Орталық пен пайдаланушы арасында ақпаратпен алмасу жүргізіледі. Конфиденциалдылықты қамтамасыз ету үшін жүйе және пайдаланушылар осы ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғауға кепілдік беретін және ақпараттың бұрмалануын болдырмауға мүмкіндік жасайтын ақпараттың ашық арналары бойынша сақталатын немесе берілетін шифрлеу жүргізіледі.

6-тарау. Операциялық күнді ашу

      27. Жүйедегі ақша аударымы Ұлттық Банк төлем құжаттарын қабылдау мен өңдеу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – кесте) айқындаған операциялық күн ішінде жүргізіледі.

      28. Операциялық күннің басында кестеде белгіленген уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сомасы шегінде жүйе Ұлттық Банктегі шотына ақша аударады, сондай-ақ Орталықтың пайдаланушының позициясына бұдан әрі осы соманы көрсетуі үшін Орталыққа тиісті ақпараттық хабар жібереді.

      29. Корреспонденттік шот шарты бойынша пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға төлем нұсқауы Орталықтың пайдаланушының позициясына одан әрі аударуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға арналған, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты қолданылатын нұсқау (бұдан әрі – тұрақты қолданылатын нұсқау) ретінде ұсынылады.

      30. Тұрақты қолданылатын нұсқауда пайдаланушының корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы сомасының пайыздық арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аудару үшін қажетті белгіленген сома көрсетіледі.

      31. Тұрақты қолданылатын нұсқау Ұлттық Банктің пайдаланушыдан оны кері қайтарып алу туралы еркін нысанда ұсынылған жазбаша нұсқауын алғанға дейін қолданыста болады.

      32. Тұрақты қолданылатын нұсқау пайдаланушы жаңа тұрақты қолданылатын нұсқауды Ұлттық Банкке берген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшін жояды.

      33. Ұлттық Банк пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан жүйенің шотына ақша аударуды аяқтаған соң Орталыққа:

      1) пайдаланушылардың өз корреспонденттік шоттарынан пайдаланушылардың позициясына бұдан әрі көрсету үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына аударылған ақша сомалары туралы;

      2) пайдаланушының кезегіне қоюға жататын төлем хабарларының барынша рұқсат етілген сомасы туралы ақпарат бар ақпараттық хабарды береді.

      34. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабар негізінде тиісті пайдаланушылардың позициялары бойынша жазбалар жүргізеді.

      35. Операциялық күннің басында пайдаланушының жүйедегі позициясындағы ақша сомасы тұрақты қолданылатын нұсқауда көрсетілген және жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланушының өз корреспонденттік шотынан аударған сомасына тең болады.

      36. Операциялық күн ішінде жүйенің Орталықтағы позициясындағы ақша сомасы жүйенің Ұлттық Банктегі шотындағы ақша сомасына тең болады.

7-тарау. Жүйенің операциялық күн ішінде жұмыс істеуі

      37. Жүйеде ақша аудару пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан позицияға аударған және пайдаланушы жіберген және жүйеде басқа пайдаланушылардан алынған төлемдер сальдосы есебінен қалыптастырылған пайдаланушы позициясындағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.

      38. Орталық жүйеде ақша аударуды пайдаланушы-бастама жасаушыдан келіп түскен төлем хабарын тексерген соң жүзеге асырады.

      39. Орталықтың төлем хабарын тексерудің өлшемшарты мыналар болып табылады:

      1) аутентификациядан өту;

      2) пайдаланушы-бастама жасаушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы;

      3) бейрезидент қаржы ұйымына трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған кезде бенефициар банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;

      4) бейрезидент қаржы ұйымынан трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын алу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған кезде алушы банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;

      5) төлем хабарында көрсетілген соманы пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясына есептен шығару мүмкіндігі;

      6) дебет аударымын жүргізу кезінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің алдын ала келісімінің болуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған кезде, бірақ 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары сақталған кезде төлем хабары Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің кезегіне жіберіледі. Орталық төлем хабарын кезекке қою кезінде пайдаланушы-бастама жасаушыға төлем хабарын жүргізбегені және оны кезекке қою туралы ақпараттық хабарды жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптары орындалмаған кезде Орталық төлем хабарын орындаудан және кезекке тіркеуден бас тартады. Орталық төлем хабарын орындаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, пайдаланушы-бастама жасаушыға себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді.

      40. Пайдаланушы-бастама жасаушы болып табылатын орталық депозитарийдің төлем хабары, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында төлем хабарын орындау үшін жеткілікті ақша сомасының болмау салдарынан Қағидалардың 39-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда, кезекке тіркелмейді және оны Орталық орындамайды. Орталық осы төлем хабарын орындаудан бас тартқан кезде орталық депозитарийге себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді.

      41. Орталық төлем хабарын тексергеннен кейін Орталық пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясын түскен төлем хабары негізінде дебеттейді.

      42. Пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына аудару кезінде Орталық пайдаланушы-бенефициардың позициясы бойынша ақша сомасын көрсетуді және оның позициясын кредиттеу туралы растамамен қоса оған электрондық хабарды жіберуді қамтамасыз етеді.

      43. Төлем хабары оны Орталық тексергеннен кейін және дебеттегеннен кейін пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясы кері қайтарылмайтын төлем деп саналады.

      44. Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда Орталық Ұлттық Банктен пайдаланушымен жасалған қатысу туралы шарттың жекелеген ережелерін уақытша тоқтата тұру туралы хат алған кезде Орталық пайдаланушының пайдасына ақша сомасын қабылдау (есептеу) операцияларын қоспағанда, осы пайдаланушының позициясы бойынша операцияларды тоқтатады.

      45. Орталық операциялық күннің ішінде Орталықта жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасының жүйе пайдаланушыларының позициялары бойынша қалдықтар сомасына тең болуын жүйелі салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Сомалар тең болмаған кезде Орталық Ұлттық Банкке хабарлайды, ақша аударымдарын тоқтатады және сәйкес болмау себептерін анықтайды.

      Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша сомалардың сәйкес болмаулары жойылғаннан кейін жүйедегі операцияларды жаңартады, бұдан кейін операцияларды жаңарту туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

      46. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша:

      1) төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық операциялар;

      2) банкаралық клиринг жүйесіндегі;

      3) жаппай электрондық төлемдер жүйесіндегі;

      4) лездік төлемдер жүйесіндегі ақша аударымдары жүргізіледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Қаржы құралдарымен операциялар бойынша ақша аударымдары немесе репо операциялары бойынша өтемақы төлемін жүзеге асыру кезінде Орталық депозитарий депозитарлық қызмет көрсету шарты негізінде олар қабылдаған пайдаланушылардың бұйрықтарына сәйкес пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан жүйедегі Орталық депозитарийдің позициясына дебеттік ақша аударымдарын орындайды.

      Депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес пайдаланушы Орталық депозитарийге жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауды тапсырады.

      Осы тармақта көзделген мақсаттар үшін пайдаланушы Орталыққа орталық депозитарийдің депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауға пайдаланушының ұсынылған алдын ала келісімі туралы растама хатты ұсынады. Пайдаланушы растама хаттың көшірмесін Орталық депозитарийге ұсынады.

      48. Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушының Орталық депозитарийде ашылған шоттары бойынша бағалы қағаздарды аударуды жүзеге асыру көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий бағалы қағаздарды Орталық депозитарийде ашылған бағалы қағаздарды сатып алушының шотына аударуды және Орталық депозитарийдің позициясынан бағалы қағаздарды сатушы болып табылатын пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.

      Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды аудару жүзеге асырылмайтыны көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.

8-тарау. Кезек

      49. Кезекте тұрған төлем хабарлары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шеңберінде кезектегі төлем хабарлары олардың жүйеге түсу тәртібі бойынша орындалады.

      50. Орталық басымдық кодтарын Ұлттық Банкпен келісу бойынша пайдаланушылардың әлеуметтік бағыттағы төлемдерді жүргізуін, пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы және валюта нарығындағы есеп айырысуларға қатысуын, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған банктер арасындағы, банкаралық клиринг жүйесіндегі, жаппай электрондық төлемдер жүйесіндегі және лездік төлемдер жүйесіндегі операциялардың клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарының аяқталуын қамтамасыз етуді ескере отырып әзірлейді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Пайдаланушылар төлем хабарларының орындалу кезектілігін басымдық кодтарына сәйкес дербес белгілейді.

      52. Кезекте тұрған төлем хабарының басымдығын өзгертуді пайдаланушы-бастама жасаушы төлем құжатын қайтармай басымдықты өзгерту туралы ақпараттық хабарды жүйеге жіберу арқылы жүзеге асырады.

      53. Орталық пайдаланушының позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін кезекте тұрған төлем хабарларын орындау үшін пайдаланушының позициясына түскен ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді.

      54. Пайдаланушы-бастама жасаушының кезекте тұрған төлем хабарларын қайтаруды пайдаланушы-бастама жасаушы Орталыққа төлем хабарын жоюға ақпараттық хабар жіберу арқылы жүзеге асырады.

      Орталық төлем хабарын жоюға алынған ақпараттық хабарды өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда төлемнің жүргізілмегені туралы ақпараттық хабарды пайдаланушы-бастама жасаушыға жібереді.

      55. Орталық операциялық күнді жабу кезінде жүйеде кезекте тұрған пайдаланушының шығыс төлем хабарлары бойынша пайдаланушының жүйеде қарсы төлем хабарлары болған кезде өзара есеп айырысуды (клирингті) жүзеге асырады.

9-тарау. Жүйеде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы)

      56. Төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 7-бабында реттелген.

      57. Пайдаланушы-бенефициар растамамен төлем хабарын және оның позициясын кредиттеу туралы ақпараттық хабарды алған кезде ақша сомасын операциялық күн ішінде, бірақ өзінің келесі операциялық күнінен кешіктірмей мақсаты бойынша тиісті шотқа қабылдайды (есепке алады).

      58. Түскен төлем хабарын (нұсқау) орындаудан Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген негіздер бойынша бас тартқан кезде пайдаланушы-бенефициар түскен ақша сомасын келесі операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушы-жөнелтушіге қайтарады.

      Пайдаланушы-бенефициардың ақшаны пайдаланушы-жөнелтушінің пайдасына қайтару себебін көрсете отырып, төлем хабарын жасауы арқылы ақша сомасы қайтарылады.

10-тарау. Ақшаны жүйеге қабылдау және оны операциялық күн ішінде жүйеден алып алу

      59. Ұлттық Банк операциялық күн ішінде пайдаланушы ұсынған төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ол бойынша қолда бар ақша қалдығы шегінде ақша аударымын Ұлттық Банктегі жүйе шотына жүзеге асырады, сондай-ақ Орталық осы соманы пайдаланушының позициясында одан әрі көрсетуі үшін Орталыққа тиісті ақпараттық хабарлама жібереді.

      60. Пайдаланушыда операциялық күннің соңында (операциялық күн жабылғанға дейінгі отыз минут ішінде) төлем құжаттарының кезегі пайда болған және пайдаланушының корреспонденттік шотында жеткілікті ақша сомасы болған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шоттың шарты негізінде пайдаланушының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотынан Орталықтағы пайдаланушының позициясына ақшаны акцептсіз алып алуды жүзеге асырады.

      61. Ұлттық Банк пайдаланушының ақшасын корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударғаннан кейін Орталыққа пайдаланушының аударылған ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпараты бар ақпараттық хабарды береді.

      62. Орталық Ұлттық Банктен ақпараттық хабарды алғаннан кейін Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.

      63. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған қолма-қол ақшаны беру, инкассолық өкімдерді орындау, сондай-ақ корреспонденттік шот шартының талаптарына сәйкес басқа да мақсаттар үшін қажетті ақша сомасы болмағаны немесе жетіспейтіндігі анықталған кезде, Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде немесе өздігінше Орталыққа жөнелтушінің нұсқауын орындау үшін қажетті сомада жүйеден пайдаланушының ақшасын алып алу жөніндегі ақпараттық хабарды жібереді, хабардың негізінде Орталық пайдаланушының позициясындағы соманы азайтады.

      64. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабардың негізінде ақшаның қажетті сомасына пайдаланушының және жүйенің Орталықтағы позициялары бойынша жазба жасайды, бұдан кейін Ұлттық Банкке аударылған ақша сомасын көрсете отырып орындалған операция туралы растамамен ақпараттық хабарды жібереді.

      Орталық пайдаланушының позициясында сұратылған ақша сомасы болмаған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушының позициясында бар ақша сомасын көрсете отырып орындалған операция туралы растамамен ақпараттық хабарды жібере отырып, пайдаланушының позициясы бойынша бар сомаға Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.

      Орталық пайдаланушының позициясында ақша болмаған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушының позициясында ақша жоқтығы жөніндегі ақпараттық хабарды береді.

      65. Ұлттық Банк Орталықтың растамасы негізінде жөнелтушінің нұсқауына сәйкес кейіннен ақша аудару үшін Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына ақша аударады.

11-тарау. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру

      66. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдар арқылы жүргізіледі.

      67. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдың төлем сомасын төлем және (немесе) ақша аударымының бастамашысы көрсеткен төлем валютасына одан әрі айырбастаумен Рәсімдерді пайдалана отырып теңгемен жүргізіледі.

      68. Пайдаланушы-делдалдар Орталықпен шарттық қатынастар шегінде трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдауға және өңдеуге келісімдерін береді.

      69. Трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүйе арқылы:

      1) пайдаланушылар қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға;

      2) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден пайдаланушылар қызмет көрсететін бенефициарлардың пайдасына;

      3) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға жүргізіледі.

      Ескерту. 69-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 (30.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      70. Пайдаланушы-делдал Орталыққа Рәсімдерде белгіленген тәртіпте трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу талаптарымен ұсынысын береді (бұдан әрі – ұсыныс).

      71. Орталық пайдаланушы-делдалдардың қолданыстағы ұсыныстарын пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша жібереді.

      72. Пайдаланушы-делдалдың ұсынысын жүйенің операциялық күні аяқталғанға дейін өзгертуге болмайды.

      73. Ақшаны жөнелтуші (бастамашы) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде:

      1) пайдаланушы пайдаланушы-делдалдардың барлық ұсыныстарымен, ақша жөнелтушіні көрсетудің тиісті талаптарымен танысуы тиіс және өзін қанағаттандыратын нұсқаны таңдайды;

      2) бенефициарға ақша аударылатын төлем валютасын көрсете отырып, ақша пайдаланушы-делдалға бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициардың пайдасына ақшаны аударуға нұсқау береді.

      74. Пайдаланушы-делдал ақша пайдаланушы-жөнелтушіден бейрезидент қаржы ұйымына жіберілген трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша жүйе арқылы төлем хабарын қабылдағаннан және өңдегеннен кейін:

      1) төлем хабарының форматын пайдаланушы-делдал бейрезидент қаржы ұйымымен хабарлармен алмасу үшін пайдаланатын форматқа қайта өзгертеді;

      2) ақша пайдаланушы-делдалдың төлем хабарында көрсетілген теңгемен төлем сомасын төлем хабарының және ол берген ұсыныстың талаптарына сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасына айырбастайды;

      3) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын бейрезидент қаржы ұйымына жібереді.

      75. Бейрезидент қаржы ұйымынан пайдаланушы-бенефициарға жолданған трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша пайдаланушы-делдал төлем хабарын алып, оны өңдеген соң:

      1) бейрезидент қаржы ұйымымен хабарлар алмасу үшін пайдаланушы-делдал пайдаланатын төлем хабарының форматын жүйеде пайдаланылатын форматқа өзгертеді;

      2) төлем хабарының талаптарына және оларға берілген ұсыныстарға сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасын теңгедегі төлем сомасына айырбастайды;

      3) трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жүйе арқылы пайдаланушы-бенефициарға жібереді.

      76. Пайдаланушы-делдал жүйенің операциялық күні ішінде валюталардың айырбастау бағамының өзгеру және оларға берілген ұсыныстардың талаптарына сәйкес трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтау тәуекелдерін қабылдайды.

      77. Валюталардың айырбастау бағамының өзгеру тәуекелдерін басқару мақсатында және трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы-делдал оларға берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың ішкі құжаттарында айқындалатын және мыналарды:

      1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу рәсімдері мен тәуекелдердің мониторингін;

      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде пайдаланушы-делдалдың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету рәсімдерін (жоспарын);

      3) өзара алмастырылатын хабарлардың форматтарын өзгерту кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін;

      4) берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару әдістерін қамтитын тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

      78. Пайдаланушы пайдаланушы-делдал мәртебесін алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістері туралы ақпаратты Ұлттық Банкіне мәлімет үшін жеткізеді.

      79. Пайдаланушы-делдалдар тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді және тәуекелдерді басқарудың мәлімделген әдістері жарамсыз болған кезде оларды қайта қарауды жүзеге асырады.

12-тарау. Операциялық күнді жабу

      80. Операциялық күнді жабу кестеде белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылады.

      81. Орталық операциялық күн жабылғанға дейін пайдаланушылардың позициялары бойынша қалдық сомаларын Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және орындалмаған төлем хабарларының болуын тексереді.

      82. Орталық операциялық күн жабылған кезде жүйедегі пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, кезекте тұрған пайдаланушылардың төлем хабарларының сомаларын өзара есепке алуды (клиринг) орындайды.

      83. Орталық ақпараттық хабарларды жөнелту арқылы оның барлық орындалмаған төлем құжаттары туралы хабарлайды.

      84. Орталық операциялық күн жабылған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушылар позицияларының және Орталықтағы жүйе позициясының сальдосы туралы ақпараттық хабар жібереді.

      85. Ұлттық Банк операциялық күн жабылған кезде Орталықтағы жүйенің позициясы, Ұлттық Банктегі жүйенің шоты арасындағы ақша сомаларының және жүйедегі пайдаланушылардың позициялары сальдосының жалпы сомасының тең болуы және пайдаланушылар позицияларының дебеттік және кредиттік айналым сомаларының тең болуы туралы ақпаратты тексереді, содан кейін Орталыққа орындалған тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.

      86. Ұлттық Банктегі позициялар сальдосының сомалары мен жүйе шотының сальдосы сәйкес келмеген кезде Орталық пен Ұлттық Банк алшақтықты жою бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.

      Тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлама алғаннан кейін Орталық пайдаланушылар позициясының сальдосын олардың позицияларынан Орталықтағы жүйенің позициясына аударады.

      87. Ұлттық Банк деректерді салыстырып тексергеннен кейін пайдаланушы позициясының сальдосы сомасындағы ақшаны Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына аударады.

      88. Пайдаланушыда операциялық күн ішінде төлем хабарларын қалыптастыру, Орталықпен алмасу және төлем хабарларын өңдеу бойынша проблемалар болған кезде Ұлттық Банк жүйені пайдаланушының операциялық күнді ұзарту туралы өтініші (бұдан әрі – ұзарту туралы өтініш) негізінде операциялық күнді ұзартады.

      89. Операциялық күнді бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банктің операциялық күнді ашу және жабу үшін жауапты бөлімшесінің (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) басшысы қабылдайды. Операциялық күнді бір сағаттан көп уақытқа ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 (30.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      90. Ұзарту туралы өтініш жүйені пайдаланушының атауын, жүйенің операциялық күнін ұзартуды пайдаланушының сұрау себептері мен ұзарту уақытын көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.

      91. Жүйенің операциялық күнін бір сағатқа дейін ұзарту үшін пайдаланушы ұзарту туралы өтінішті уәкілетті бөлімшеге (алдын ала ауызша келіскеннен кейін) ұсынады, пайдаланушы бір сағаттан астам уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзарту үшін уақытты ұзарту туралы өтінішті Төраға орынбасарының атына ұсынады.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      92. Ұзарту туралы өтініш қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсіл арқылы беріледі.

      Қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсіл арқылы берілген ұзарту туралы өтінішке пайдаланушының уәкілетті адамдары қол қояды. Ұзарту туралы өтінішке қол қою құқығына ие уәкілетті адамдардың тізімін атқарушы орган бекіткен ішкі құжат негізінде пайдаланушы өз бетінше белгілейді және уәкілетті адамдардың қол қою үлгілерімен бірге операциялық есепке алу бөлімшесіне жібереді.

      Ұзарту туралы өтініш электрондық тәсіл арқылы берілген кезде жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ұзарту туралы өтініштің түпнұсқасын қағаз тасымалдағышта жібереді.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 № 33 (30.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      93. Пайдаланушының ұзарту туралы өтініші негізінде операциялық күн ұзартылған жағдайда және жүйеде аталған пайдаланушы жіберген төлем хабары болмаған кезде пайдаланушы бұрынырақ ұсынылған ұзарту туралы өтініштен бас тарту туралы өтінішті ағымдағы операциялық күнгі сағат 19:00-ге дейін берген жағдайды қоспағанда, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.

13-тарау. Операциялық күн ішінде және соңында ақпараттық хабарлар беру

      94. Операциялық күн ішінде пайдаланушының сұратуы бойынша Орталық оған мынадай:

      1) пайдаланушы кезегінде тіркелген төлем хабарлары бойынша;

      2) пайдаланушы жіберген есептелген төлем хабарлары бойынша;

      3) пайдаланушы алған есептелген төлем хабарлары бойынша;

      4) жүйедегі пайдаланушының кіріс және ағымдағы ақша қалдығы туралы ақпаратты қамтитын пайдаланушы позициясының жай-күйі туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарды ұсынады.

      Жүргізілген немесе кезекте тұрған әрбір төлем хабары бойынша төлем құжатының пайдаланушы-бастама жасаушысы, бірегей сәйкестендіргіші, оның басымдығы мен жүйеге келіп түскен уақыты көрсетіледі.

      95. Операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының сұратуы бойынша оған жүргізілмеу себептерін көрсете отырып, пайдаланушының жүргізілмеген төлем хабарлары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық хабарды жібереді.

      96. Операциялық күнді жабу кезінде Орталық пайдаланушыға пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі түпкілікті ақпараттық хабарлама жібереді.

      97. Егер пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарда пайдаланушы Орталыққа жіберген электрондық хабар туралы ақпарат жоқ болса, пайдаланушы ол туралы Орталыққа хабарлайды және Орталықпен бірлесіп келесі операциялық күннен кешіктірмей электрондық хабардың жоғалу себебін анықтайды.

      Электрондық хабарлар уақтылы алынбаған немесе олар болмаған кезде пайдаланушы Орталыққа хабарлайды.

      98. Пайдаланушы күн сайын Орталық орындаған төлем хабарлары нәтижелерінің оның корреспонденттік шотынан үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабар деректерінің жіберілген (келіп түскен) төлем хабарларымен салыстырып тексеру арқылы Ұлттық Банк ұсынған үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарда дұрыс көрсетілуі мониторингін жүзеге асырады. Орталықтан алынған үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабардың сальдосы Ұлттық Банктің Орталық орындаған төлем хабарларының нәтижесін көрсететін үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарындағы жазбамен сәйкес келмеген кезде, пайдаланушы сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін Орталыққа және Ұлттық Банкке жазбаша түрде хабарлайды және келесі операциялық күннің ішінде олармен бірлесе отырып пайдаланушының орындалған төлем хабарларын тексереді.

14-тарау. Жүйедегі тәуекелдерді басқару жүйесі

      99. Өтімділік тәуекелдерін, кредиттік және жүйелік тәуекелді анықтау, өлшеу және оның мониторингін жүргізу мақсатында Ұлттық Банк пен Орталық:

      1) жүйеге бақылау (оверсайт), оның ішінде жүйенің халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуін талдау және бағалауды;

      2) Қағидалардың 53 және 61-тармақтарына сәйкес пайдаланушылардың позицияларын талдауды жүзегне асырады.

      Жүйе қатысушыларының төлем жасауға қабілетсіздігін реттеу және Ұлттық Банк пен пайдаланушы арасында жасалған шарттың негізінде кері сату талабымен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасау арқылы Ұлттық Банктің пайдаланушыларға қосымша өтімділік беруі үшін өтімділік тәуекелін, кредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару мақсатында Қағидалардың 39, 49, 51, 52, 53, 54, 55, 59 және 60-тармақтарында көрсетілген әдістер қолданылады.

      100. Операциялық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингін жүргізу және басқару үшін мынадай әдістер пайдаланылады:

      1) Ұлттық Банктің жүйені ұйымдастыруын және жұмыс істеуін бақылауды және қадағалауды Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүргізу;

      2) пайдаланушының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14289 болып тіркелген "Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын тексеру;

      3) Орталықтың операциялық тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарда айқындалған әдістерге сәйкес жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің тұрақты мониторингін және үздіксіз жұмысын жүргізуі;

      4) жүйе жұмысының ықтимал тоқтап қалу сценарилерін ескере отырып жүйе қызметін қалпына келтіру жоспарын өзекті жағдайда ұстау және Ұлттық Банктің Орталықпен бірлесіп жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыра отырып, осы жоспарды бір жыл ішінде кемінде екі рет тестіден өткізу;

      5) резервтік орталықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

      6) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында негізгі орталықта қалпына келтіруге келмейтін іркілістер мен тұрып қалулар орын алған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыру.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101. Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша операциялық тәуекелді басқару бойынша, оның ішінде пайдаланушылар және басқа мүдделі тараптар жүйе үшін құрайтын тәуекелдерге қатысты құжат әзірлейді.

      102. Тәуекелдерді басқарудың қолданылатын әдістерін талдауды Ұлттық Банк Орталықпен және пайдаланушылармен бірлесе отырып, екі жыл ішінде кемінде бір рет жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару әдістерін сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылданады.

      103. Пайдаланушы қағидалардың талаптарын, қатысу туралы шарттың, жүйеде қызмет көрсету туралы шарттың талаптарын, Қағидаларды және Орталықта белгіленген ақпараттық қауіпсіздік шараларын бұзған, оның ішінде пайдаланушының заңсыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізгендігі анықталған кезде Ұлттық Банк пайдаланушыға мына шаралардың біреуін қолданады:

      1) қатысу туралы шартты бұзу не аралас шарттан қатысу туралы шарт (корреспонденттік шот шарты) талаптарын алып тастау және (немесе) жүйеде қызмет көрсету туралы шартты бұзу;

      2) пайдаланушының жүйеде қатысуын анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтата тұру.

  Банкаралық ақша аударымдары
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына қосымша
  Нысан

_______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Ұлттық Банктің пайдаланушының атауы Пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына ақша аударуға тұрақты қолданыста болатын нұсқау № ____ 20___ жылғы "___" ___________________

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы арқылы № _____________________________________ корреспонденттік шоттан ____________________ мөлшеріндегі ақшаны жүйедегі позицияға одан әрі аудару үшін Ұлттық Банктегі жүйенің № _______________________________ шотына күнделікті аударуды тапсырамыз.

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Бас бухгалтер

      ______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады