"Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 14685 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген, 2015 жылы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы қондырғы – биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға (өртеуге) арналған қондырғы (инсенератор, крематор, өлекселерді өртейтін пеш және осы мақсат үшін қарастырылған басқа да қондырғылар);

      2) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);

      3) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласында, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда қызметті жүзеге асыратын, ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкері;

      4) мал көміндісі (биотермиялық шұңқыр) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймағын - аумақты сақтай отырып, орналасқан малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлар өлекселерін және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарын жұқтырған немесе контаминацияланған биологиялық қалдықтар, сондай-ақ эксперименттік түрде жануарлардың ауру қоздырғыштарын жұқтырған зертханалық жануарлардың өлекселері арнайы қондырғыда өртеу жолымен жойылады, мүмкіндігі жоқ жағдайда, арнайы қондырғы болмай қалған кезде, жергілікті атқарушы орган арнайы бөлген мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) өртеу жолымен жойылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Дүлей зілзаладан, жұқпалы аурулардан жануарлардың жаппай қырылуы кезіндегі жануарлардың өлекселері және өзге де биологиялық қалдықтарды жер траншеяларында (шұңқырларда) өртеу жолымен жоюға рұқсат етіледі.

      4-2. Жануарлар өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою кезінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою туралы акті ресімделеді.

      4-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда жануарларды (өлекселерді) және өзге де биологиялық қалдықтарды жою кезінде "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың жойылуы туралы нысан бойынша акті рәсімделеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтар:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген биологиялық қалдықтарды қоспағанда жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) жемшөп мақсатында кәдеге жаратады;

      2) мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратуға жатады;

      3) арнайы қондырғыда жағу жолымен кәдеге жаратады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Жануарлар өлекселерін, өзге де биологиялық қалдықтарды өртеу жолымен жою кезінде арнайы қондырғыдағы өртеу камерасын, арнайы қондырғыны қолдану (эксплуатациялау) техникалық құжаттарына (паспорт, нұсқаулық, ереже және басқа құжаттар) сәйкес жануарлардың өлекселерімен, биологиялық қалдықтармен толтырады.

      Арнайы қондырғыда орнатылған өртеу камерасын жануарлардың өлекселерімен, өзге де биологиялық қалдықтармен қайта толтыру оны күлден және басқа да жанбаған органикалық емес қалдықтардан тазалағаннан кейін жүзеге асырылады.

      9-2. Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды арнайы қондырғыларда жағу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайда биологиялық қалдықтарды өзге жерлерде жағады немесе мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратады.

      Жануарлар (өлекселерін), өзге де биологиялық қалдықтарды мал көміндісінде (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жарату, жою кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) ветеринариялық-санитариялық карточка жүргізіледі.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес 1 және 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 527 бұйрығына
1-қосымша
  Биологиялық қалдықтарды кәдеге
жарату, жою қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жануарлардың өлекселерін және өзге де биологиялық қалдықтарды жою туралы акті

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      (актіні дайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы,)

      жануар өлексесі, биологиялық қалдық иесінің (оның өкілінің) қатысумен

      _________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ________________________________(тіркелген ) мекенжайы бойынша тұратын

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының негізінде

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      (жойылған жануарлардың (өлекселердің), биологиялық қалдықтардың түрi, саны)

      20__жылғы "____" ________________________________________________________________

      __________________________________________________________ әдiсiмен жоюды жүргізді.

      (жою әдiсi көрсетiледi)

      ___________________________________________________ ____________________

      (актіні жасаған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау

      және қадағалау объектісінің иесі (оның өкілі):

      _______________________________________________ _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))              (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 527 бұйрығына
2-қосымша
  Биологиялық қалдықтарды кәдеге
жарату, жою қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) ветеринариялық-санитариялық каточкасы

      1. __________________________ облысы, __________________________ауданы

      ___________________________________________________________елді мекені

      2. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________мал

      көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) орналасқан жері

      3. Жойылған:

      жақын арадағы елді мекеннен __________________________________________;

      жайылымнан ________________________________________________________;

      су айдынынан _______________________________________________________;

      жолдардан __________________________________________________________;

      Тұрған жердің сипаттамасы: топырақ _____________ тереңдігі__________

      жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі _______________________ жауын-шашын

      суы қайда ағады __________________________________________________________

      4. Қандай шаруашылық жүргізуші субъектілер (жеке және заңды тұлғалар) мал

      көміндісін (биотермиялық шұңқырды) пайдаланады _______________________

      _________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________

      __________________________________________

      5. Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) алаңы_________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________

      6. Мал көміндісінің немесе биотермиялық шұңқырдың қоршауы ветеринариялық

      (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес/сәйкес емес _________________________

      ___________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) санитариялық сипаттамасы:

      1) бірінші өлексені көму _______ жылы болды;

      2) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді;

      (аурудың атауы)

      3) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді;

      (аурудың атауы)

      4) _______ жылы _______________________________өлген жануарлар көмілді.

      (аурудың атауы)

      8. Мал көміндісін немесе биотермиялық шұңқырды қарап-тексерудегі жай-күйі:

Мерзімі

Анықталған жетіспеушіліктер

Не істеу керек,
қандай мерзімде, орындаушы кім

Не істелінді және қашан

Кім қарап-тексерді және қарап-тексеру мерзімі































      Мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) жай-күйіне 5-тен көп қарап-тексеру

      жүргізілген жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер қол қоятын ветеринариялық-

      санитариялық карточкаға қосымша түрінде мал көміндісінің (биотермиялық шұңқырдың) жай-

      күйіне қарап-тексеру тізімі жасалады және осы ветеринариялық-санитариялық карточканың

      ажырамас бөлігі болып табылады.

      Ветериариялық-санитариялық карточка үш данада жасалады, біреуі кент (ауылдың,

      ауылдық округтің) әкімі үшін, біреуі жергілікті атқарушы органды құрған ветеринариялық

      мекеме үшін және біреуі ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті

      атқарушы органның бөлімшесіне (облыстық маңызы бар қалалар).

      Ауданның бас мемлекеттік

      ветеринариялық дәрігері _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ветеринариялық-санитариялық

      карточканы алды _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады