Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 704 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14708 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Лизинг беруші ретінде лизингтік кызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.З. Мекебеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жарияндыру және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 704 бұйрығымен
бекітілген

Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) клиент –жүзеге асырылатын лизингтік қызмет шеңберінде қызмет көрсететін қаржылық мониторинг субъектісінен қызмет алатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – қаржылық лизингті меншікке беру субъектісінің қызметтерін пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру ықтималдығы;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      5) субъект – лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

      6) ФМ-1 нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында айқындалған нысан;

      7) іскерлік қатынастар – клиенттер және қаржылық мониторинг субъектілері және жүзеге асырылатын лизинг қызмет процессінде туындайтын қатынастар;

      8) ішкі бақылау – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) алдын алу мақсатында субъекті қабылдайтын ұйымдастырудың, саясаттың, рәсімдер мен әдістердің жүйесі;

      9) ішкі бақылау қағидасы – ішкі бақылауды жүзеге асыру бағдарламалары (бұдан әрі – ІБҚ) қамтылған, сақтауға және іске асыруға міндетті болып табылатын субъекті әзірлеген құжат.

      Осы Талаптарда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес және "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ІБҚ Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.

      4. КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, субъект олар күшіне енген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2-тарау. ІБҚ іске асыру және сақтау үшін жауапты қаржы мониторингі субъектілері қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде субъект функцияларын сипаттауды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру рәсімін;

      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту және клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату рәсімінен;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды күдікті ретінде тану рәсімін;

      4) Клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды күдікті ретінде тану рәсімінен;

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту фактілері туралы, уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы мәліметтер мен ақпараттар беру рәсімін;

      6) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау рәсімін қамтиды.

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, субъектінің қолымен және мөрмен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында жүзеге асырылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында:

      уәкілетті органға ақпаратты беру нөмірі мен күні;

      хабарлама беру негіздемесі;

      уәкілетті органның ФМ-1 нысанын қабылдағаны/қабылдамағаны туралы хабарламаның нөмірі мен күні тіркеледі;

      7) субъект қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБҚ-ны бұзу фактілері өздеріне белгілі болғандығы туралы қызметкерлердің бірінші басшысын хабардар ету рәсімі;

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ІБҚ іске асыру және сақтау бойынша ІБҚ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

      Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары не ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Субъект ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) Заңның 10-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруді ұйымдастыруды және бақылауды;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды;

      4) Клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауды;

      6) уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтату туралы шешімін орындауды;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операцияларына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеуді;

      9) ІБҚ-ны іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды;

      10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды;

      11) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кем дегенде бес жыл сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;

      12) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етуді;

      13) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат беруді;

      14) Заңның 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-бөлім. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      8. КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы субъектінің тәуекел дәрежесін бере отырып клиенттің КЖ/ТҚ-мен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау тәуекеліне бағалау жүргізуін көздейді.

      Тәуекелдер дәрежесі клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдар мен субъект мүше болып табылатын коммерциялық емес ұйымдардың талап етуі бойынша беріледі.

      Операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижесі мен клиент (клиенттер тобы) туралы ақпараттарды жаңартуына қарай клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел дәрежесі субъектімен қайта қаралады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ҚЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары дәрежесі:

      1) мынадай:

      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыстық әрекеттерінің жоғары дәрежесімен;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар;

      Осындай мемлекеттердің тізбесіне (аумақтардың) БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның отбасы мүшесі, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің операция бойынша контрагенті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі, немесе клиенттің операция бойынша контрагенті Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ тұлға болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент резидент емес болып табылған;

      клиентпен іскерлік қатынас ерекше жағдайларда (мысалы, субъект мен клиенттің арасында өте үлкен түсініксіз географиялық арақашықтық бар) жүзеге асырылған;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде субъектіде қиындықтар пайда болған;

      клиент пайдаланылуы субъектінің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын, стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден ерекше күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге жаңа механизмдер беруді қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдаланған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      клиент төлемнің шартты талаптарын орындамайды, нәтижесінде лизинг алушыдан түсетін төлемдер жүйелі түрде, атап айтқанда жыл ішінде екі немесе одан да артық рет лизинг жарнасына (гарант, кепіл беруші) қатысушы болып табылмайтын басқа жеке немесе заңды тұлға жүзеге асырады;

      клиент лизинг беруші талап етпесе де тиісті себепсіз лизинг заты үшін үлкен аванстық төлем ұсынатын;

      лизинг затын қаржыландыруға өтініш білдірген клиенттің өтініші лизинг затын қолдану ниетіне қатысты немесе клиенттің іскерлік белсенділігіне қатысты (лизинг алушының қызмет түрі мен лизингтік шарт арасындағы айқын сәйкессіздік) негізді болып көрінбеген;

      3) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар:

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      КЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат болған жағдайда беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесі берілмеген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің төмен дәрежесі тағайындалады және Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

4-бөлім. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      11. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы субъектінің клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізу болып табылады.

      Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау қажеттілігін және рәсімін;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болғандығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау қажеттілігін және рәсімін.

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын не Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы мемлекетте (аумақта);

      Бұйрықпен бекітілген Оффшорлық аймақтар тізбесінде;

      6) болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу қажеттілігін және рәсімін;

      Болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент үшін жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент үшін болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының сипаты негізінде анықталады.

      7) сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай, алайда сәйкестендіру жылына кемінде бір рет жаңарту қажеттілігін және тәртібін қамтуы тиіс.

      КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады. КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.

      11-1. Егер субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды субъект клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің шарт жасау рәсімін сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру өткізу кезінде алынған мәліметтерді субъектінің беру мерзімі мен рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша субъектінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды оның ішінде алынған мәліметтерді, сондай-ақ мұндай шешім қабылдауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізбесін сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы субъектінің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге рәсімін, беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды сақтамағаны үшін субъект сәйкестендіру өткізу тапсырған жауапты тұлғалар туралы ережелерді;

      Сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі бойынша сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің өзара іс-қимыл рәсімін;

      Өзара іс-қимыл қағидаларына субъектінің қосымша шарттар енгізуіне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 4-бөлім 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-бөлім. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасы

      12. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген операцияларды анықтау болып табылады.

      Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесін берген жағдайда, субъект жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің онда жүргізілген барлық операцияларын қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды. Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесін берген жағдайда субъект клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мониторинг бағдарламасын іске асыру және клиенттердің операцияларын зерделеу шеңберінде алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      14. Заңның 4-бабы 1, 2, 3 және 5-тармақтарында көрсетілген клиент операцияларының мониторингі нәтижесінде анықталғандар туралы мәліметтер мен ақпаратты субъект қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органға ФМ-1 нысаны бойынша ұсынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны субъектілер уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей ұсынады.

6-бөлім. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      16. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылдың 28 қарашасындағы № 533 бұйрығымен сәйкес жүзеге асырылады, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 25 желтоқсанында № 10001 тіркелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады