Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 5657 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 7С-33/3-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 7С-33/3-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "(төмендету)", "жоғарылатылсын", "(төмендетілсін)" сөздері "арттыру", "(азайту)", "арттырылсын", "(азайтылсын)" сөздеріне ауыстырылсын - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/4-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/4-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес арттырылсын, (азайтылсын).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
А.Айтпаев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      "30" қараша 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Ерейментау
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық
мемлекеттік мекемесiнің басшысы
Ж.Тубеков

      "30" қараша 2016 жыл

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 30 қарашадағы
№ 6С-8/6-16 шешіміне
қосымша

Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 6С-50/12-20 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)

2

3

+40

01-006-007,01-006-008 Еркіншілік (Еркіншілік ауылдық округі)

+50

01-006-017 Тайбай (Тайбай ауылдық округі)

+40

01-006-005 Торғай (Торғай ауылдық округі)

+40

01-006-001 Новомарковка (Новомарковка ауылы)

+20

01-006-002 Ақмырза (Ақмырза ауылдық округі)

+30

01-006-018 Малтабар (Тайбай ауылдық округі)

+30

01-006-020 Өлеңті (Өлеңті ауылдық округі)

+20

01-006-013 Олжабай батыр (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі)

+10

01-006-011 Ақсуат (Ақсуат ауылы)

+10

01-006-060 Бозтал (Бозтал ауылы)

+10

01-006-058 Елтай (Тайбай ауылдық округі)

+10

01-006-048 Қарағайлы (Торғай ауылдық округі)

0

01-006-006 Балықты (Торғай ауылдық округі)

0

01-006-047 Төмеңгі Торғай (Торғай ауылдық округі)

+20

01-006-065 Бестоғай (Бестоғай ауылдық округі)

+10

01-006-051 Еңбек (Еркіншілік ауылдық округі)

-10

01-006-021 Қойтас (Қойтас ауылдық округі)

0

01-006-059 Жарық (Тайбай ауылдық округі)

+10

01-006-062 Қоржынкөл станциясы (Өлеңті ауылдық округі)

-10

01-006-064 Ажы (Қойтас ауылдық округі)

-20

01-006-015 Күншалған (Күншалған ауылдық округі)

+20

01-006-025 Сілеті (Сілеті ауылы)

+20

01-006-020 Өлеңті станциясы (Өлеңті ауылдық округі)

0

01-006-067 Байсары (Бестоғай ауылдық округі)

-20

01-006-066 Қызылту (Бестоғай ауылдық округі)

0

01-006-070 Жаңажол (Торғай ауылдық округі)

-30

01-006-003 Жолбасшы (Ақмырза ауылдық округі)

-30

01-006-056 Ынтымақ (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі)

-40

01-006-057 Қаратал (Күншалған ауылдық округі)

-40

01-006-055 Шәкей (Күншалған ауылдық округі)

-40

01-006-014 Алғабас (Олжабай батыр атындағы ауылдық округі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады