Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 "Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 сәуірде № 5299 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 39/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 39/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 мамырда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бектілген, Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Есіл аудандық бөлімі арқылы немесе "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын, "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүгінеді".".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Г.Кәрімова
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      14 сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады