Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 тамызда № 5495 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 06.08.2020 № А-8/162 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Сандықтау ауданы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қ.С. Омаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

  Сандықтау ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
7 шілдедегі № А-7/150
қаулысына қосымша

Сандықтау ауданы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 06.08.2020 № А-8/162 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы, жалақыдан барлық ұстаулары.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар.

      3. Алименттері, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары, жәрдемақылары, стипендиялары.

      4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға шығыстар.

      6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

      7. Іссапар және қызметтік сапарлар.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады