Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 ақпанда № 5734 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Белгород ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округінің Преображенка ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Центральная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      2) Лесная көшесі Достық көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округінің Раздольное ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Придорожная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
      2) Центральная көшесі Орталық көшесіне;
      3) Клубная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Белгород ауылдық округінің әкімі Б.Жангожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады