Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 36 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 мамырда № 4939 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 167 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 06.06.2022 № 167 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 09.10.2020 № 587 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.03.2018 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 09.10.2020 № 587 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).
      1. Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есеге арттырылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 09.10.2020 № 587 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      А. Өтегенов С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады