"Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" 2009 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4758 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Тамды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тамды селолық округі әкімінің 2009 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 26 "Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-88 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 қазанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тамды ауылдық округінің әкімі А. Еспағамбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады