"Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-12 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қарашада № 3210 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталқан.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2031 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2013 жылғы 05 қарашадағы № 140 (17 828) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Жамбыл облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларындағы:
      "Жалпы ережелер" 1 бөліміндегі "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысы" деген сөздер "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Жаңартылған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жылу беру маусымына дайындық" 2 бөліміндегі 15 тармақтағы "1000-ға дейін және 1000 В-дан асатын электр желілерін және жылу желілерін қорғау ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 1436 қаулысына" деген сөздер "Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелген)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жылу беру маусымына дайындық" 2 бөліміндегі 20 тармақтағы "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу Қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 қаулысы" деген сөздер "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А. Сансызбай Б. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары басқармасы" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ А.Б. Ахатаев
      "___" _______________ 2016 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика
      және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ Е.А. Көшербаев
      "___" _______________ 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады