"2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 161 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 3026 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2905 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қаңтарда "Жамбыл - Тараз" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстағы:
      барлығы деген жолдағы "792" және "756" деген сандар "802" және "772" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмері 6, 7 жолдарымен толықтырылсын:

6
"Тараз қаласының ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі" мемлекеттік мекемесі
Бекітілген аумақтарына санитарлық тазалау жұмыстарына жәрдемдесу
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша
35571
жергілікті бюджет
10
10
7
Жамбыл облысының прокуратурасы
Мекеме ғимаратына санитарлық және техникалық жұмыстарына жәрдемдесу
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша
35571 теңге жергілікті бюджет
9
9

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" комуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Календеров

      ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ
      Қаулының атауы: "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
      Келісілді:
      Жамбыл облысы прокурорының
      Орынбасары А. Майлыбаев
      "16" наурыз 2016 жыл
      Келісілді:
      "Жамбыл облысы Тараз қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі басқарамасы"
      республикалық мемлекеттік мекемесі
      бастығы Е. Абдуллаев
      "16" наурыз 2016 жыл
      Келісілді:
      Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы
      Жергілікті полиция қызметі
      бастығы Т. Саулебаев
      "16" наурыз 2016 жыл
      Келісілді:
      Тараз қаласының прокуроры
      Б. Телеу
      "16" наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады