Қаратау қаласындағы "Патрис Лумумба" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 144 қаулысы және Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 3-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 маусымда № 3106 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын және көше тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратау қаласындағы "Патрис Лумумба" көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері "Қонысбай Назарбекұлының" атына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссияның төрағасы Рашид Мадибекович Сейдалиевке және осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев
      Сессия төрағасы М. Несипбаев
      Мәслихат хатшысы А. Тулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады