Байланыс формасы

Қарағанды облысының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 42/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3908 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

      Орынд.Асанов Б.Қ
      Тел. 565840

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 42/02 қаулысына 1 қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қыркүйегінде, 2015 жылдың 22 тамыздағы № 119 (21870) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 22 тамыздағы № 132-133 (22018) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер:
       Көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:
      1) "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру":
      1 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
       "2)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады."
       4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       " 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
       8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "8. Мемлекеттік корпорациясына үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:
       1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);
      2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);
       3) 2-үдеріс – Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);
       4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);
       6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       8) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);
       9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);
       10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
      11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама) алу (2 (екі) минут ішінде);"
       регламенттің 1 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
       2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау":
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
       2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
       3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
      3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады.";
       6 тармақ келесі мәтінде 4) тармақшасымен толықтырылсын:
       "4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;";
      келесі мәтіндегі 8-1 тармағымен толықтырылсын:
      "8-1. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.";
      2. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/03 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3458 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қарашада, 2015 жылдың 7 қарашадағы № 159-160 (21910-21911) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 7 қарашадағы № 183-184 (22068) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
      Осы қаулымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалар мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
      2) 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.";
      3) 3 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.";
      3) 3 тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын:
      4) 6 тармақ келесі мәтіндегі 5) тармақшасымен толықтырылсын:
      "5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.";
      6) 4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       " 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      7) 9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
       3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
       6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
       7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.".
      3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 53/02 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3444 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 қазанда, 2015 жылдың 3 қарашадағы № 155-156 (21906-21907) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 3 қарашадағы № 179-180 (22064) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
      Осы қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";
      2) 6 тармақ келесі мәтіндегі 5) тармақшасымен толықтырылсын:
      "5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.";
       3) 4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       "4."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      4) 10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
       3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
       6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
       7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.".
      4. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/02 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3479 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қарашада, 2015 жылдың 14 қарашадағы № 165-166 (21916-21917) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 14 қарашадағы № 189-190 (22074) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
      Осы қаулымен бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";
      2) 6 тармақ келесі мәтіндегі 4) тармақшасымен толықтырылсын:
      "4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.";
      3) 4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       "4."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      4) 9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
       3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
       6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
       7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.".
      5. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы 68/03 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 31 желтоқсанында, 2016 жылдың 6 қаңтарында № 1 (21946) "Индустриальная Караганда" және 2016 жылдың 6 желтоқсанында № 1-2 (22107) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
       Осы көрсетілген қаулымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).
       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
      2) 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.";
       3) 6 тармақ келесі мәтіндегі 3) тармақшамен толықтырылсын:
       "3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.".
       4) 4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       " 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
       5) 9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
       1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
       Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
       2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
       3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      6."Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы 48/02 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 6 қазанында № 137-138 (21888-21889) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 6 қазанында № 158-159 (22042) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
      Осы көрсетілген қаулымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).
       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).".
      2) 6 тармақ келесі мәтіндегі 5) тармақшамен толықтырылсын;
      "5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.".
      3) 4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      4) 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
       6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
       7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.".
       7."Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі 53/01 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қазанында, 2015 жылдың 31 қазанында № 153-154 (21904-21905) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 31 қазанында № 177-178 (22062) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
       Осы көрсетілген қаулымен бекітілген "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
       "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады";
       4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       "4."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
       8 тармақты келесі редакцияда жазылсын:
       "8. Мемлекеттік корпорациясына үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:
       1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);
       2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);
       3) 2-үдеріс –Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);
       4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);
       6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       8) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);
       9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);
       10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама) алу (2 (екі) минут ішінде)";
      регламенттің 2 қосымшасы осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      8. "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі 56/01 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қарашысында, 2015 жылдың 31 қазанында № 153-154 (21904-21905) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылдың 14 қарашасында № 189-190 (22074) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
       Осы көрсетілген қаулымен бекітілген "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
       "1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";
      5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, деректер базасы бойынша ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпаратты тексереді – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні қалыптастырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жібереді – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жіберу";
       6 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "2) "Мемлекеттік корпорация қызметкері."
       4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
       "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
       8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "8. Мемлекеттік корпорациясына үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:
       1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);
       2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);
       3) 2-үдеріс –Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хаты бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);
       4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);
      6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       8) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);
       9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);
       10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама) алу (2 (екі) минут ішінде).".
       10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
       "10. "Мемлекеттік корпорация" және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.";
       регламенттің 1, 2 қосымшалары осы қаулының 4, 5 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 42/02 қаулысына 2- қосымша
  "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар
екендігі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

"Мемлекеттік корпорация" арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 42/02 қаулысына 3- қосымша
"Бiрегей және элиталық тұқымдар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді
аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 42/02 қаулысына 4 қосымша
  "Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне,
сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі
туралы ақпарат беру"мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

"Мемлекеттік корпорация" арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "17" маусымдағы
№ 42/02 қаулысына 5 қосымша
  "Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады