Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 "1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 05/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 3691 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы "1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" № 09/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3147 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 16 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанда жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде";

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі ақшалай төлем түрінде – 4800 теңге мөлшерінде жылына біржолғы көмек көрсетілсін.".

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады