1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде

Жаңартылған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 3147 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 10.02.2016 № 05/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі ақшалай төлем түрінде – 4800 теңге мөлшерінде жылына біржолғы көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 10.02.2016 № 05/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады