Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдауға арналған тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 26/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 тамызда № 3926 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 50/549 "Абай қаласының қала ішіндегі бағдарларына тұрақты автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифті келісу туралы" Абай ауданының мәслихатының 50 сессияның шешіміне сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай қаласында жолушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 50 (Елу) теңге болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Ә. Жүніспекова

      КЕЛІСІЛДІ:
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      18.07.2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады