Байланыс формасы

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 87/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 3974 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өзiнiң қолданылуы тоқтатылады

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 87/01 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін

ұйымдардың тізбесі


Ұйымның атауы
Қызметкер
лердің тізімдік саны
Квота көлемі (% қызметкер
лердің тізімдік
санынан)
Мүгедектер
үшін жұмыс орындары
ның саны
 
1.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің "О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
131
3
1
2.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің "№132 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
136
3
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады