Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы 57 сессиясының № 610 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 3704 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы № 47 (7271) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2011 жылғы 15 қарашада жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің қосымшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В.Бережной) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н. Кобжанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К.Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады