2017 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 08 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 4135 болып тіркелді

      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азмаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Х. Омаров

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "30" желтоқсан 2016 жыл
      Ұлытау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Е.Уткельбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады