Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы III сессиясының № 3/27 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 шілдеде № 3898 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 12/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 "Приозерский вестник" газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2.тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      25 тармақ алынып тасталынсын;

      Қағиданың 25-2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13773 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Мәслихат хатшысы Б. Сәрсембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады