"2016 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 644 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 желтоқсанда № 5656 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9987 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 3-2-10/26618 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 327 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5347 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпанда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9987 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3-2-10/432 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      аталған қаулымен бекітілген субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      аталған қаулымен бекітілген субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ, субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 24 қарашадағы № 644 қаулысына
1-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 ақпандағы №327 қаулысымен
бекітілген

Субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналығын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі

штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті

2

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қой малының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі

штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті

3

Ірі, шырынды, құрама жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату


ет бағытындағы мүйізді ірі қара малы

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 50 бастан кем емес болуы;
ірi қара малды күтiп-бағуға арналған қоралар, науалар, сумен жабдықтау, жем-шөп дайындау техникасының болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығы,
1-деңгей

 

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 4500 килограмнан кем емес болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдау жүйесінде тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары,
1-деңгей
 

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан кем емес болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдау жүйесінде тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

сүт бағытындағы
мүйізді ірі қара малы

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 50-ден 400 басқа дейін, бір сиырдан орташа жылдық сауылым 2500 килограмнан кем емес болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

қойлар

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі қойдың аналық мал басы 300-ден кем емес болуы;
қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

жылқылар

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі жылқының аналығы 75 бастан кем емес болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

түйелер

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі түйенің аналығы 75 бастан кем емес болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу


  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 24 қарашадағы № 644 қаулысына
2-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 ақпандағы №327 қаулысымен
бекітілген

Субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ, субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыттары

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

бас,
тонна

мың теңге

Мал шаруашылығы

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

4000

12525

50100

Етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

18000

36776

661968

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

20000

1373

27460

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

154000

1061

163394

3.

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату

1)

1- деңгей

300

250

75000

2)

3-деңгей

100

504

50400

4.

Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейдегі бордақылау алаңдарына өткізу

24000

200

4800

5.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

32661

18277

596946

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

20000

1529

30580

2)

жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп бағу

104000

20

2080

2.

Сүт өндірісінің құнын арзандату

1)

1- деңгей

37

4394,6

162601

2)

3-деңгей

15

40,3

604

3.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

1)

Сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малының аналығы, 1-деңгей

330786

979

323839

2)

Сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малының қашары, 1-деңгей

251692

468

117792

3)

сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малы

67970

430

29227

Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қой малының аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1000

18354

18354

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

1500

35161

52741

2)

шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы

1500

22000

33000

3.

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

8000

5690

45520

4.

Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату:

1)

1-деңгей

200

158

31600

2)

2-деңгей

100

22

2200

5.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

2308,6

68382

157867

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

40000

442

17680

2.

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

92

58

5336

3.

Қымыз өндірісінің құнын арзандату

60

10

600

4.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

9530

3802

36233

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды түйелер сатып алу

37000

25

925

2.

Түйе еті өндірісінің құнын арзандату

90

36

3240

3.

Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату

55

50

2750

4.

Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

5855

682

3993

Облыс бойынша барлығы

х

х

2708830


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады