Байланыс формасы

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 қазандағы № 205 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 5618 болып тіркелді

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады