Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 123 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 маусымда № 3062 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      осы қаулының Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А.С. Мамытбеков

      "05" мамыр 2016 жыл.

      "Маңғыстау облысының

      қаржы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М.Б. Әлібекова

      "04" мамыр 2016 жыл.

       "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      С. Б. Нарешова

      "04" мамыр 2016 жыл.

      "Маңғыстау облысының ауыл

      шаруашылығы басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б. Ерсайынұлы

      "04" мамыр 2016 жыл.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "06" мамырдағы
  № 123 қаулысына
  қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары


р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың
түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы
 

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге

Отандық өндіріс тыңайтқыштары

1

Аммиак селитрасы
(N- 34,4 %)

тонна

50

34 000

2

Аммофос
(N- 10 %; P2О5 – 46 %)

тонна

50

62 500

Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары

3

Новалон (N-13: P-40: K-13+ МЭ)

килограмм

30

373,92

4

Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +МЭ)

килограмм

30

328,32

5

Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +МЭ)

килограмм

30

328

6

Монокалийфосфат
(P2O5-52%, K2O-34%)

тонна

30

248 760

7

Шоғырланған кальций нитраты (CaO-32%,
N-17%)

тонна

30

81 600

8

Калий селитрасы маркасы СХ (N-13,7, K2O-46,3%)

тонна

30

156 480

9

Күкіртқышқылды магний 7-сулы (MgO-16,6%,
S-13,2%)

тонна

30

73 500

10

Нитроаммофоска (N15:P15:K15)

тонна

30

54 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады