Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 230 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 3136 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.10.2017 № 229 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3 - қосымшасында:

      ай сайын ақшалай үлес алуға белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамына (бұдан әрі – Құрам):

      Елизарова Рушания Фаритовна "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары

      болып енгізілсін;

      көрсетілген Құрамнан С. И. Пахомов шығарылсын.

      2. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. Алдашев

      "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      С.Б. Нарешова

      "19" 07 2016 ж.

      "Маңғыстау облысының дене шынықтыру

      және спорт басқармасы" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      Р.Ф. Елизарова

      "19" 07 2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады